Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инерция. Кеңістік және уақыт

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені
№215 орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Бекетова Ғалия

Сабақтың тақырыбы: §28. Инерция §29. Кеңістік және уақыт (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Қозғалыс» тарауы бойынша білімдерін қайталау, пысықтау, жинақтау, жүйелеу, практикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Инерция құбылысымен танысу, мысалдар келтіре отырып түсіндіру.
Кеңістіктің және уақыттың негізгі қасиеттерімен танысу
Тәрбиелік: еңбекке, сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, жауаптылыққа, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.
Дамытушылық: күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, алған білімді өмірде пайдалана білу, күнделікті кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіне білу және алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білу қабілеттерін дамыту, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жалпы білімді игерту сабағы
Пайдаланылатын педагогикалық технология: Ақпараттық технология
Әдіс-тәсілдер: Түсіндірмелі-иллюстративті көрнекілік әдіс, сөздік, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс
Құрал-жабдықтар мен көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта жабдықтары электронды оқулық
а ) теориялық бөлім (тақырып бойынша қысқаша мәлімет )
ә) деңгейленген тапсырмалар
б) сөзжұмбақ
в) тест
Пәнаралық байланыс: Жолда жүру ережесі

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.тақырып бойынша оқулық Р.Башарұлы «Физика және астрономия» 7 сынып
«Атамұра» 2007 жыл
2.пәннің әдістемелік-дидактикалық құралы; «Физика және астрономия» 7 сынып
Оқыту әдістемесі. Дидактикалық материалдар. Деңгейлік есептер
3.ақпараттық қызмет: газет, журнал «Математика және физика» 2011 жыл №2

Жоспар
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а) ұжымдық әрекет
ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті:
б) техника қауіпсіздік ережелерін сақтау әрекеті:
в) оқушылардың назарын сабаққа аударту
2. Ертең желтоқсан айы басталады. Олай болса, сабағымызды бастамас бұрын Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесі қарсаңында бір-бірімізге құттықтау сөздері мен жылы лебіздерімізді білдірейік. Тілегіміздің бас әріпіне байланысты өзімізге таныс физикалық терминдер немесе шамалар, өлшем бірліктерді айта кетейік.
1. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын! – Түзу сызықты қозғалыс
(Оқушылардың барлығы өз құттықтауларын айтып шығады.)
2. Өткенді қайталау «ИНЕРЦИЯ» атты сөзжұмбақ шешу

ІІ Жаңа сабақты түсіндіру «Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Табиғаттағы қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика - дүние кілті бүгін де.»- деп бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Біздің денсаулығымыздың мықты болуының бірден-бір себебі, біз көшелердегі сан түрлі қозғалыстан, мысалы көлік қозғалысынан өзімізді қорғай білуіміз керек. Ол үшін жол жүру ережелерін қатаң түрде сақтауымыз керек. Адамзаттың денсаулығы мықты болмаса, айналадағы алуан түрлі қозғалыстар адам баласынсыз болушы ма еді? Көлік түрлерін қозғалысқа келтіретін біз. Денелердің қозғалыс заңдарын білу, бұл адам өміріне қауіпті және сәтсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Мысалы, жолдағы қозғалыстан болатын апаттардың алдын алу үшін қозғалыс заңдарын білсек, бұл біз үшін артық болмайды. Қаладағы көлік қозғалысынан болатын апаттың алдын алу үшін ЖЖЕ сақтауымыз қажет.

Бүгінгі сабағымызда ІІІ тарау «Қозғалыс» тарауы бойынша «Инерция» тақырыбын өтеміз.
(бүгінгі күн реті мен сабақтың тақырыбын жазу)

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Жермен салыстырғанда тыныштықта тұрған нәрсенің өздігінен қозғалысқа келмейтінін күнделікті бақылаулардан білеміз.
Мысалы: жерде жатқан доп оны аяқпен тепкеннен кейін ғана қозғалысқа келеді, әткеншек қолмен итерген кезде қозғалысқа келеді де, ауа кедергісі арқылы біртіндеп барып тоқтайды. Осы мысалдардың өзі-ақ кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды деген болжам айтуға болады.

Жаңа сабақты түсіндіру
1) Электронды оқулықпен жұмыс
Мұның дұрыстығына мынадай қарапайым тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады.
(электрондық оқулық арқылы тәжірибені көрсете отырып, тыңдату)
Сұрақ: Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық кедергі жойылған болса, ол қалай қозғалар еді?
Бұл сұраққа Италияның атақты ғалымы Галилео Галилей жауап берген болатын
Денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол тыныштық күйінде болады немесе Жермен салыстырғанда түзусызықты бірқалыпты қозғалады. Бұл екі жағдайда да дененің жылдамдығы өзгермейді.

2) Есіңе сақта!
Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады.
«инерция» сөзі – латын сөзі, мағынасы: қозғалыста емес әрекетсіздік
3) Инерция күнделікті өмірде.

Жаңа сабақты бекіту

4) Есептер шығару

S жол
? м
108 км
150 м

U жылдамдық
72 км/сағ
36 км/сағ
? м/с

t уақыт
30 мин
? сағ
0, 5 мин

5) Тәжірибе жасау
«Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады?»
Үстел үстінде суы бар стакан. Стаканның бетінде карта. Карта үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай қалайша стақанның ішіне түсіруге болады?
Жауабы: Картаны саусақпен жылдам, әрі бар күшпен шертіп қаламыз. Бұл кезде тиын жылдамдық алып үлгермейді, яғни жылдамдығын сақтау құбылысы-инерцияның әсерінен стакан ішіндегі суға түседі.

«Қалайша қағазды аламыз?»
Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар банка тұр. Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады?
Жауабы: Қағаз парағының бір жақ шетінен ұстап, жылдам тартып қалу керек. Инерцияның әсерінен банка мен оның ішіндегі су жылдамдық алып үлгермейді, яғни қозғалысқа түсіп үлгермейді.

ІУ. Сабақты қорытындылау
1) Тест жұмысы
Оқушылар слайдтан сұрақтарын оқи отырып, жауаптарын дәптерге жазады.
Тест жұмысы аяқталған соң, дұрыс жауаптары көрсетіледі.

1. Егер дене бірдей уақыт аралығында бірдей жол жүретін қозғалыс
A.бірқалыпты
B. Бірқалыпсыз
C. Бірқалыпты үдемелі
2. Гелиоцентрлік жүйенің негізін салған
A. Птоломей
B. Галилей
C. Коперник
3. Денеге басқа денелердің әрекеті жоқ кезіндегі жылдамдығының сақтау құбылысы
A. диффузия
B. жылдамдық
C.инерция
4. Дененің жүрген траекториясының ұзындығы не деп аталады?
A. жол
B. орын ауыстыру
C. жылдамдық
5. Инерция құбылысын алғаш рет кім түсіндірді?
A. Аристотель
B. Галилей
C. Демокрит
6. Төменде аталған бірліктердің қайсысы СИ жүйесінде уақыт бірлігі
A. 1 сағат
B. 1 секунд
C.1 минут
7. 54 км/сағ жылдамдықты м/с-пен өрнекте
A. 15 м/с
B. 54000 м/с
C.540 м/с

2) Нені білдік? Нені үйрендік ?
Инерцияға мысалдар келтіру
Оқушы білімін бағалау

3) Үйге тапсырма: §28. Инерция §29. Кеңістік және уақыт

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 936
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физикадан бақылау жұмысы
Физикадан бақылау жұмысы
Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру
Инерция. Кеңістік пен уақыт
Инерция. Кеңістік пен уақыт
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі мектебі Математика мен физика пән мұғалімі Идрисова Дана Темирбаевна
Инерция. Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Инерция. Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қызылжар ауылы, Қызылжар ЖОББМ, физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Инерция. Кеңістік және уақыт
Инерция. Кеңістік және уақыт
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой орта мектебінің физика-математика пәні мұғалімі Сафина Арайлым Куантаевна
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі. Инерция. Кеңістік және уақыт
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі. Инерция. Кеңістік және уақыт
№221 Аққұм мектебі физика және астрономия пәні мұғалімі: Жиембаева Гулмира
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×