Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


№1 Зертханалық жұмыс: Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау

30 қараша 2019, Сенбі
Категориясы: Физика
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Кинематика негіздері
Мектеп: «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ
КүніМұғалімнің аты-жөні : Аскербаева Рысхан Сагимбаевна
Сынып 9Қатысқандар:                                   Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы№1 Зертханалық жұмыс: Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 9.2.1.7- Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін экспериметтік жолмен анықтау.
9.1.3.2 -Эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және эксперимент жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну.
9.2.1.8-теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың және жылдамдықтың  уақытқа тәуелділік графигін тұрғызу және оларды түсіндіру
Сабақтың мақсаты1. Барлығы:Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін экспериметтік жолмен анықтау. Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың және жылдамдықтың     уақытқа тәуелділік графигін тұрғызу және оларды түсіндіру.
2. Көпшілігі: Эксперимент нәтижелерінің қателіктерін есептейді;
 3. Кейбіреуі: Сабақ соңында  кейбір оқушы эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдап және эксперимент жүргізудің жақсарту жолын ұсыну
Бағалау критерийіКөлбеу науамен домалайтын шардың үдеуін эксериметтік жолмен анықтайды;
Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады, түсіндіреді;
Эксперимент нәтижелерінің қателіктерін есептейді;
Эксперимент нәтижелеріне әсер ететін факторды  талдайды,түсінеді;
Тілдік мақсаттарТілдік дағдылары:Эксперимент жүргізуі барысында «Физика-9сынып» оқулығын оқиды, экспериментке қолданылатын формуланы жазады, кестені сызады, топпен экспеименттің жүргізілу барысын, нәтижесін талдайды, пікірлерін тыңдайды, әркім өз ұсыныстарын айтады.
Диалогқа арналған сөз тіркесі: өлшеуіш таспа, метраном, шар, қысқышы тар тұрғы, металл цилиндр, үдеу, орын ауыстыру, жылдамдық, уақыт.
Құндылықтарды дарыту«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы:  «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» . Өмір  сапасын жақсарту, теңүдемелі қозғалыс кезінде  дене үдеуін анықтау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, бірлесе еңбек етіп, нәтижеге жету
Пән аралық байланысМатематика, информатика, сызу
Алдыңғы білімТүзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларына және түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеуіне есеп шығара алады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы     жоспарланған іс-әрекеттерРесурстар
Сабақ басы    5 минут
  1. Ұйымдастыру кезеңі
 «Шаттық шеңбері» әдісі арқылыжағымды психологиялық ахуал туғызу
 Топқа бөлу  «Атом, молекула» әдісімен 
1топ –Жол ,  2- топ –Орын ауыстыру,                  3-топ-Уақыт,   4-топ-Үдеу
Топ ережесін бекіту. Қауіпсіздік ережесін қайталау
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
G) «Конверт-сұрақ» әдісі    (оқушылардың тыңдалым, оқылы, жазылым дағдылары дамиды) арқылы топқа тапсырма беріледі.
1. Центрге тартқыш үдеу дегеніміз не? 
2. Үдеудің формуласы, өлшем бірлігі?
3. Неліктен центрге тартқыш үдеуді нормаль үдеу дейді.?
4. Центрге тартқыш үдеудің формуласы қандай?
  5. Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі үдеу?
6. Үдеу нольге тең болғанда қозғалыс қандай сипатта болады?
Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқу құралдары
Қауіпсіздік журнал
Конвертке салынған сұрақтар дайындау


 
Сабақ ортасы Тәжірибе жасау (30 минут)
Зертханалық жұмыс
«Стоп кадр» әдісі арқылы (Сабақ бастамас бұрын интерактивті тақтадан бейне баян көрсетіледі) сабақтың тақырыбы айқындалады. 
Жұмыстың мақсат: көлбеу науамен домалайтын кішкентай  шардың үдеуін есептеу.
Тапсырма 1. I ) Ойлау дағдысының деңгейі- түсіну, қолдану
«Броундық қозғалыс» әдісі. Сынып ішіне әртүрлі мәліметтер, құрал жабдықтар орналастырылған. Оқушылар бөлме ішін аралап, берілген тақырып бойынша жұмыстың орындалу реті жазылған, сұлбасы сызылған  нұсқаулықты,   құрал жабдықтарды:науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр,  өлшеуіш таспа, метрономды өз топтарына алады.
Қалыптастырушы бағалау:«Сөздік бағалау» мадақтау
G )Тапсырма 2   Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Жұмыс барысы:
  1. Тұрғы арқылы науаны көкжиекке кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек. (1.35-сурет). Науаның төменгі щетіне металл цилиндар қоясыңдар.
  2. Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басына жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метроном минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.
  3. Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рт соғатындай етуге болады.(соғылу аоасы-үш толас)
  4. Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.
  5. Өлшеу таспаның көмегімен шардың  s  орын ауыстыруының  ұзындығын табыңдар. Науаның көлбеулігін өзгертпей , метрономның төртінші соғуымен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады), тәжірибені бес рет қайталау керек
  6.    формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар;                      s орт
  7. Өлшеу нәтижесін кестеге жазыңдар.
Тәжірибе нометіs, морт, мМетрономның соғ саныt,caорт   м/с2
1
2





Қалыптастырушы бағалау: «Жауап беретін әріптес» әдісі арқылы әр топ бір-бірінің аспаптарды дұрыс құрғандығын бақылайды,  қажетті өзгерістер енгізуге ұсыныс береді,  кері байланыс жасайды.  
Сергіту сәті:     «Қара жорға»
Тапсырма 3. (Нәтижесі оқушылардың басым бөлігін оқу     мақсатына жетуге бағытталған) 
Ойлау дағдысының деңгейі- талдау
  1. Өлшеу құралдарының қателіктерін анықтаңыз
  2. Эксперимент нәтижесін аспаптың абсалюттік қателіг түрінде жазыңыз
Тапсырма (қосымша).
К) «Серпілген сауалдар» әдісіарқылы   оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды.   
1.Үдеу дегеніміз не?
2. Үдеудің формуласы, өлшем бірлігі?
3. Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдық формуласын жаз.
4. . Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын жаз.
Қалыптастырушы бағалау: «Өзін –өзі бағалау» әдісі өздерінің білімі жайлы мағлұмат жинайды, талқылайды, алға жылжуға қорытынды шығарады.
Э)Тапсырма 4 (Нәтижесі кейбір оқушыларды оқу мақсатына жетелеуге бағытталған)
Ойлау дағдысының деңгейін -жинақтау.
 Жеке-жұптық жұмыс. «Ойлар ағыны» әдісі арқылы  кейбір оқушылардың өз жұмыстарын қорғайды
Қалыптастырушы бағалау Екі жұлдыз бір тілек
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/uchebnye-filmy/fizika-i-astronomiya/lesson/udeu-zhane-tezheu
Физика 9 кл.     Р.Башарұлы, У,Тоқбергенова, Н.Бекбасар
Интерактивті тақтадан көрсетілген кесте, схема
Науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр,  өлшеуіш таспа, метроном
Физика 9 кл.     Р.Башарұлы, У,Тоқбергенова, Н.Бекбасар
Сабақ соңы 5 минутКері байланыс 
«Борт журналы»  оқушылар     сабақтан алған әсерін төмендегі кестеге түсіреді. 
Берілген тақырп бойынша маған не белгілі?Мен не білдім? Сабақат қандай жаңалық туралы білідім?



Үй тапсырмасы: Теңүдемелі қозғалысты жақсарту жолдары туралы интернеттен ақпараттар жинақтау.
Рефлексия: «Алма ағашы»  әдісі        Сабақ басында екі түсті «алма»     беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. 
Жасыл түсті алма-«Сабақ  өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл күйім көтеріңкі»
Қызыл үсті алма- «Бүгін сабақты меңгере алмадым, көңіл –күйім жоқ»
Үлестірмелі парақтар
Физика 9 кл.     Р.Башарұлы, У,Тоқбергенова, Н.Бекбасар
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақтау
Саралау  сабақтың мақсатынан  басталы, тапсырмаларда, үй жұмысында болды. «Бас бармақ» әдісі
«Сөздік  бағалау»
«Жауап беретін әріптес»
«Өзін –өзі бағалау» әдісі 
«Екі жұлдыз бір тілек»
Психологиялық ахуал
Сергіту сәті
Қауіпсіздік ережесі
88
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Кинематика негіздері. Тест
Кинематика негіздері. Тест
Бірқалыпты түзусызықты қозғалған автомобиль 10с ішінде 150м жол жүреді. Дәл сондай жылдамдықпен ол 3с ішінде қандай жол жүреді?
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Кинематика. Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыстың графигін талдау
Кинематика. Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыстың графигін талдау
Бірқалыпты емес қозғалыс жылдамдығының формуласын құрайтын шамаларды айырады: бастапқы жылдамдық, уақыт, үдеу; Сызықтық функция графигін құрастыру алгоритмін қолданады және уақытқа қарай өткен жол теңдеулерінің графиктерін құрастырады.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Оқушыларға қозғалыс теңдеуін түсіндіріп, дененің бастапқы орнына, жылдамдыққа байланысты, кез - келген уақыт мезетіндегі дененің соңғы орнын анықтап үйрету, графигін тұрғызу.
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Физика жылдық тест тапсырмасы 9 сынып
Алматы облысы, Балхаш ауданы, Береке ауылы, Береке орта мектебі МДШО-ның физика пәні мұғалімі Нұрханова Ләззат Сүйеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.