Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі

08 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: «Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға электр өрісі, электр құбылыстары жөнінде білімдерін жан - жақты қалыптастыру, электр кернеуін сипаттайтын шамаларды қолданып есептер шығара білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушыларды қисынды ойлауға, ой - өрісін кеңейтуге, қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Есеп шығарғанда, оны жазғанда тәртіппен жазу мәнеріне, ұқыпытылыққа, сөз сөйлеу мәнеріне үйрету.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: математика.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі, оқушыларды түгелдеу, сабаққа жұмылдыру.
ә) Үй тапсырмасын тексеру және талдау.
б) Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру:

• 1 Ток күші деп нені айтады?
• 2 Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді? Ол тізбекке қалай қосылады?
• 3 Ток күшінің бірлігіне не алынады
• 4 Электр тогы дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру:
• Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы кернеу болып табылады.
• Кернеу деп тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасына тең шаманы айтамыз.
U=A/Q
A=q*U
U - кернеу
A - жұмыс
q - заряд
Өлшем бірлігі: 1В=1Дж/Кл

Есептер шығару
1. Электр тізбегінің бір нүктесінен екіншісіне
16 мин ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалған. Тізбектің осы нүктесінің арасындағы ток күші мен кернеуді табыңдар.

2. Егер 10 Кл заряд орын ауыстырғанда 2200 Дж жұмыс жасалса, онда реостаттың кернеуі неге тең?

Құралдар атаулары
Берілген қалалардың аттарын бас әріптері қандай да бір құралға сәйкес келетіндей етіп орналастырып, оған анықтама беру керек.
Астана
Көкшетау
Павлодар
Теміртау
Ақтау
Тараз
Шымкент
Түркістан
Семей

Сәйкестікті табу
• 1. потенциал Н/Кл
• 2. заряд В
• 3. жұмыс Ф
• 4. кернеу Дж
• 5. сыйымдылық Кл
• 6. кернеулік В

Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:
• 1. Электр кернеуі деп нені айтамыз?
• 2. Ол қандай бірлікпен беріледі?
• 3. Электр тізбегі қанша бөліктен тұрады?
• 4. Ток күші дегеніміз не?

Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма:

• 37 параграфты оқып келу.
• №484, №485 есептерді шығарып келу.
• 10 мин ішінде шамасы 18 Кл заряд өткен амперметрдің көрсетуі неге тең?
• №485 есеп.
• Тізбектегі амперметрдің көрсетуі 1мА болса, өткізгіштің көлденең қимасынан 1 с ішінде қанша электрон өтеді.
16 576
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Оқушылардың теориялық алған білімдерін тест есептерін шығарта отырып жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Куванова Гулнар
Электр кернеуі. Вольтметр
Электр кернеуі. Вольтметр
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №22 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сман Мадина
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Металдар мен электролиттердегі электр тогы
Сабақтың тақырыбы: Металдар мен электролит ерітінділеріндегі электр тогы Химия пәні оқытушысы: Т. Досымова Физика пәні оқытушысы: А. Упишева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×