Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күш. Деформация

22 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Физика
Тақырыбы: Күш. Деформация.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жаңа физикалық шама - күш ұғымы мен оның түрлері, деформация және күштің векторлық шама екенін түсіндірмелі иллюстративті тұрғыдан түсіндіру, терең мағлұмат беру. Оқушылардың жаңа «Күш», «Деформация» ұғымы туралы білімдерін жетілдіру, қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білім сапасын, ойлау қабілетін, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың күш, деформация ұғымын күнделікті өмірмен байланыстыра білуіне және оны жақсы жақтарынан қолдана білуге тәрбиелеу.
Типі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: Түсіндірмелі иллюстративті, демонстрациялық, сұрақ - жауап, есептермен жаттықтыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, еңбек, дене тәрбиесі, тарих.
Көрнекіліктер: элек. оқу. Плакаттар, карточкалар, динамометр, сызғыш, таразы, резинка, шар, Исаак Ньютонның портреті, болат екі шар.
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Сабақтың мақсаты мен міндеті
3. Үй тапсырмасын тексеру
4. Жаңа материалды түсіндіру
5. Бекіту (Венн диаграммасын пайдалану)
6. Қорытындылау
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау
1. Кластың сабаққа қатысымын тексеру, белгілеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. - оқушының ойлау белсенділігін арттыру
- материалға деген қызығушылығын арттыру
3. Үй тапсырмасын тексеру.

І. Қызығушылықты ояту.
(Сұраққа жауап ауызша)
1. а) Болат шармен ойын добы бір - бірімен соқтығысқаннан кейін қайсысы жылдам қозғалады? Неліктен?
Жауабы: Соқтығысқаннан кейін ойын добы жылдам қозғалады. Өйткені, болат шарға қарағанда оның массасы аз.(кіші)
ә) Үлкен жылдамдықпен келе жатырған машинаның алдына неліктен жүгіріп шығуға болмайды? Бұл қандай құбылыс?
Жауабы: Машина үлкен жылдамдықпен келе жатырғанда тежеуішін басса да, ол жылдамдығын сақтап қалуға тырысады. Инерцияның сақталу заңы.
б) Массасы 100г және 1кг екі дене соқтығысқаннан кейін қайсысының жылдамдығы артады?
Жауабы: Массасы 100г дененің жылдамдығы артады.
в) Бір қалыпты қозғалып келе жатырған арбада отырған бала жоғары қарай доп лақтырса, баланың лақтырған добы қолына қайта дәл түсе ме? Осы құбылысты түсіндір.
Жауабы: Түспейді. Себебі бала арбамен бірге лақтырған доппен салыстырғанда орын ауыстырады. Бұл қозғалыстың салыстырмалылығы.
г) Егер екі дене соқтығысқаннан кейін оның біреуі - 0, 007м/с, ал біреуі - 0, 5м/с жылдамдықпен қозғалса, онда денелердің қайсысының массасы кіші болады?
Жауабы: Жылдамдығы 0, 5м/с дененің массасы кіші.
д) Заттың тығыздығы дегеніміз не?
Жауабы: Дене массасының оның көлемінің қатынасына тең физикалық шама.
2. Формуланы еске түсірейік!
Оқушыларға суреттер көрсетіледі. Қандай сурет көрсетіліп тұрғанын тапқан оқушы, суретін артында жасырын тұрған формуланы айтады.
3. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңдер.
Тақтаға магнит арқылы формулалармен орын алмастырып, өлшем бірліктері беріледі. Өлшем бірліктерін өзінің жанына қою керек.
4. Есептер шығару(кесте қағаздар арқылы). Кесте қағаздары сабақ басталмас бұрын таразының үстіне жабық түрде қойылады. Әр оқушы алдарындағы таразыдан алып берілген есепті шығарып, таблицаға жауаптарын жазады. Таблица аттары, әр қатарға
4. Жаңа сабақ
ІІ. Мағынаны тану.
«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады», «Көптің күші - бірлікте» деген аталы сөздерінің терең мағынасын жеткізу үшін де күш ұғымы қолданылған. Күш ұғымы ғылымда да кеңінен қолданылады және ол физиканың негізгі ұғымдарының біріне жатады. Сонымен, күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Күш әрекеті сан мәніне (модуліне) ғана емес, оның бағытына да байланысты болады. Өздерің де ойын үстінде денелерге (допқа, шайбаға, т. т) әсер ете отырып, өз ойларыңды жүзеге асыру үшін, бұл әрекетке белгілі бір бағыт бересіңдер. Сонымен күш сандық мәнімен (модулімен ) және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады. Күшті F әрпімен белгілейді. Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация - бүліну, бұзылу) деп атайды. Деформация пластикалық және серпімді болып бөлінеді. Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады. күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мұндай деформация серпімді деп аталады.

4. Бекіту:
ІІІ. Толғаныс.
1. Бір дененің екінші денеге әсері қалай байқалады?
2. Физикада күш деген сөзді біз қалай түсінеміз?
3. Күш немен сипатталады?
4. Деформация деп нені айтады?
5. Дененің деформациясы қалай пайда болады
6. Пластикалық деформация деген не?

жаңа сабақ ұқсастық, байланыс өткен сабақ

6. Қорытындылау Нені білдім?
Осы тақырыпқа өлең құрастыру
Бүгін оқыған тақырыбымыз - КҮШ
Шала білсек алатынымыз - ҮШ
Он ойланып, жүз толғанып – ПІШ
Ең керегін бестік қылып – ІШ

7. Үйге: §33, 34. оқу.
8. Бағалау
7 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, №16 орта мектеп – гимназиясы Физика пәнінің мұғалімі Ботантаева К.А.
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Күш. Деформация
Күш. Деформация
№1 Шұбарқұдық мектеп – гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Бозшин Бекболат Жағалбайлыұлы
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Күш Деформация
Күш Деформация
Сабақтың тақырыбы: Күш. Деформация.
Күш. Деформация
Күш. Деформация
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі Мусаева Арайлым Мирмановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×