Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физикалық кафе

06 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Тақырыбы: Физикалық кафе
Мақсаты: Оқушылардың сабақта алған білімін одан әрі тереңдету, физикаға қызығушылығын дамыту, шығармашылық еңбекке баулу, тез ойлап, әр түрлі жағдайда тапқырлыққа, ұйымшылдыққа үйрету.
Өткізілу түрі: ойын
Өткізілу әдісі: сайыс
Армысыздар сайысқа қатысушы оқушылар, көрермен қауым және ұстаздар. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе - білім» - деп М. Әуезов айтқандай, бүгінгі сайыс білім, ізденіс, шығармашылық сайысы.
Олай болса, бүгінгі «Физикалық кафе» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушылар 9 сынып оқушылары. Екі сыныптан 3 оқушыдан қатысады. Ойынға қатысушы оқушылардың алған, жинаған ұпайларын есептеу үшін әділқазы мүшелерімен танысайық:
1. Лекерова Ұ - физика пәнінің мұғалімі
2.
Сайыскерлерді таныстыру. І – топ: Шапшаңдар. Міндетіміз: білім алу, Мақсатымыз: қайта құру
ІІ - топ: Алғырлар. Ұраны: «Алғырлар жарыспайды, жарыста қалыспайды»
Барысы:
І. Ас мәзірі. Салаттар:
1. «Физикалық ералаш» салаты (10 – физикалық шаманың өлшем бірліктерін атау).
2. «Жылқы еті қосылған қуып жет» салаты ( 10 сұраққа жауап беру).
3. «Мақалдар қосылған винегрет» (физикалық мағынасы бар мақалдар айту).
ІІ. Бірінші ас:
1. Физикалық «Лагман» ( формулаларды толтыр).
2. Математикалық « Рассольник» ( есептер шығару).
3. Дәмді физикалық тұшпара ( жәшіктегі қандай құрал екенін табу).

ІІІ. Сусындар:
1. Коктейль «Сюрприз» (қарсы топ дайындап алып келген сөзжұмбақты шешу).
2. Электрленген «Алма» компоты ( ребус шешу).
3. Капитан шырыны ( бұл қай заң?)
Сайысымызды бастайық.
Салаттар:
1. «Физикалық ералаш» салаты.
І топқа: Күш, жиілік, қуат, кедергі, жылдамдық, масса, энергия, температура, ток күші, аудан.
ІІ топқа: Үдеу, импульс, жұмыс, уақыт, тығыздық, ұзындық, қысым, кернеу, бұрыштық жылдамдық, көлем.
2. «Жылқы еті қосылған қуып жет» салаты.
1. Механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлім не деп аталады? / Кинематика/
2. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі не деп аталады? / еркін түсу үдеуі/
3. Айналу периодының өлшем бірлігі не? /секунд/
4. Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал екені кімнің заңы? / Ньютонның 2 заңы/
5. Гравитациялық тұрақтылық неге тең және кім анықтады? ( 6, 67*10 - 11Н*м2/кг2, Генри Кавендиш)
6. Физикада сақталу қасиетіне ие болатын шаманы ата. /Импульс, Энергия/
7. Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші не деп аталады? / Салмақ/
8. Импульс қандай мағынаны білдіреді? / Соққы/
9. Денелердің бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама - қарсы деп кім тұжырымдады? / Ньютонның 3 - заңы/
10. Материяның ажырамас қасиеті не? / Қозғалыс/
3. «Мақалдар қосылған винегрет» салаты.
1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. /энергияның сақталу заңы/
2. Терек қисайған жағына жығылады. /ішкі энергия/
3. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді. /диффузия құбылысы/
4. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /ішкі энергияның өзгеруі/
5. Ит жүгіріп тазы болмас. / жылдамдық/
6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. /Күш/
7. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/
8. Көктеректің жапырағы, желсіз де сыбдырлайды. /Конвекция/
9. Қол жұмылмай - жылынбайды. /Жылу берілу/
10. Ас - адамның арқауы. /Энергия/

ІІ. Бірінші ас:
1. Физикалық «Лагман» ( формулаларды толтыр).

2. Математикалық « Рассольник» ( есептер шығару).
І топқа: №1. 4Н күштің әсерінен 0, 02 м - ге ұзарған серіппенің қатаңдығы неге тең?
/ 200 Н/
№2. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан массасы 1000 кг автомобиль двигательді сөндірген соң қанша уақыттан кейін тоқтайды? Қозғалысқа кедергі күш 0, 2 кН. /100с/
ІІ - топқа: №1. Қисықтық радиусы 100 м жолда 54 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобильдің центрге тартқыш үдеуі неге тең? /2, 25 м/с2/
№2. Массасы 400 г, дене 2 м биіктіктен құлап жерге ұрылған кездегі кинетикалық энергиясын анықтаңдар. / 18 Дж/
3. Дәмді физикалық тұшпара ( жәшіктегі қандай құрал екенін табу).
1. Ғылымды ашу үшін ең бірінші не қажет? /Кілт/
2. Күшті өлшейтін құрал. / Динамометр/
3. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. / Барометр/
4. Қысым айырымын өлшейтін құрал. / манометр/
5. Ток күшін өлшейтін құрал. /Амперметр/
6. Кернеуді өлшейтін құрал. /Вольтметр /
7. Температураны өлшейтін құрал. /Термометр/
8. Массаны өлшейтін құрал. /Таразы/

ІІІ. Сусындар. Капитан шырыны (бұл қай заң?)
Капитандар жарысы.
ЕРЙДЖӘБОДЕ
НГААЫНАЛРНД
ЭИҚЖДЕДМҮЕАЫ
ЯШОЙЕЙАТКСНД
ЕҒАШАЙРІЫЕЕЕ
АМҚПДІНУМННН
ЛАНЫБШАЕЕЕЕЕ
ЙАКІЕСДКДГЕ
ДОЕТГЕРІІЕШД
ЛТҮРБІНШКӨІ

Жауабы: Энергия ешқайда жоғалмайды және ешқайдан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады немесе бір денеден екінші денеге көшеді.
Сайысымыз аяқталуға да таяп қалды, енді әділқазыларға да сөз кезегі жетті.
Ақыл, білім осындай ал жақтарлық,
Айласыз, өтіріксіз жан сақтарлық.
Үзіп - жұлып ұятсыз атанбай - ақ,
Ақылмен жол табалық қол бастарлық - деп Шәкәрім атамыз айтқандай құрметті бүгінгі сайыс қонақтары әр уақытта білуге деген, білімге деген құмарлықтарыңыз арта берсін, дей отыра сайысымызды аяқтаймыз.
7 289
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
Физикалық шаманы өлшеу туралы, физикалық шаманың мәні туралы түсініктің қалыптасуы, бөліктің құнын анықтауды үйрену.
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, Танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Информатика әлеміне cаяхат
Информатика әлеміне cаяхат
Табиғи немесе қарым - қатынас үшін жасанды таңбалау жүйесі және ақпарат тарату – ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшық етті қимылы жақсы жетілген мүше. (тіл)
Физикалық кафе (ойын)
Физикалық кафе (ойын)
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қосөткел негізгі мектебінің физика пәні мұғалімі Ұзақбаева Жақсыгүл Бекбергенқызы
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бегимбаева Жумагуль Купжасаровна
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×