Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері

14 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Физика
11 сынып физика
Сабақтың тақырыбы: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері, организмге зияндылығын, тірі организмдерге зиянды әрекеттерін оқушыларға ұғындыру.
Дамытушылық: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; зиянды сәулелердің дозасын анықтауға есептеуге дағдыландыру, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: адамгершілікке, патриотизмге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі жаңа материалды меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, кеспе материалдар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Өткен сабақ
1. Радиоактивтілік дегеніміз не?
2. Радиоактивті сәуле шығарудың құрылымы?
3. Радиоактивті ыдырау заңының мәнісі неде?
4. Термоядролық реакциялар дегеніміз не?
5. Термоядролық энергетиканың болашағы неліктен зор?

3 Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты радиоактивті сәулелердің адам ағзасына әсері, қоршаған ортаға зияндылығы.

1 - сөз дәрігер: Адам ағзасына сәулелердің әсері
Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері бар. Керісінше ультрадыбыстар кеңінен қолданыс тауып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру(сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен адамның денесіндегі әр түрлі ауытқулар – қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт нерв жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.

Бұнымен бірге Рентгендік сәулелерде денелерден өту қасиеті практикада кеңінен пайдаланылады, медицинада диагноз қою үшін. Сынған сүйекті, адам денесіне кіріп кеткен оқты, инені, шегені т. б іш құрылысындағы кеселді анықтауды жеңілдетеді. Сырқат органдарды емдеу үшін қолданылады.

Радиоактивті сәулелердің зияны көп. Радиациядан тірі организм клеткаларының биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы арта береді «Күн өтіпті» деген халық диагностикасымен «сәулелік ауру» деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура байланыс бар. Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі көрінгенімен өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде, қырғыз бен түрікменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін, дала қазағының түйе жүн шекпенін тастамауында, халықтың радиациядан қорғануының ғасырлық тәжірибесі жатыр. Радиацияның шекті дозасы 0, 05 гр - ден аспауы керек. 3 - 10Гр (Грей ) адам өміріне қауыпты.

2 - сөз Физик мұғалім
Радиоактивті сәулелер, нейтрондар ағыны қоршаған ортаға, әсіресе тірі организмге зиянды әсерін тигізеді. Радиоактивті сәулелерді иондаушы сәулелер немесе қысқаша радиация деп те атайды. Белгілі энергиялары бар бұл сәулелер мен бөлшектер денелердің молекулалары мен атомдарын иондайды. Олардың химиялық белсенділігі өзгереді, клеткалар мутацияға ұшырайды, хромосомодағы гендерді зақымдайды, түрлі физиологиялық күрделі ауытқулар туады. Сәуле шығарудың интенсивтігі күшті болса, катерлі ісік және сәуле аурулары дертіне шалдығады., тірі организмдердің өлуі мүмкін. Сәулелену тұқым қуалауға күшті әрі жағымсыз әсерін тигізеді.

а) Радиацияның қауіптілігі
б) Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері.
в) Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп жұтылған энергияның сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады.

D= E/ m Si жүйесінде шығарылған сәуленің жұтылған дозасының өлшем бірлігі – 1 Гр(грей) Массасы 1 кг сәулеленген затқа иондаушы сәуле шығарудың 1Дж энергиясы берілгенде шығарылған сәуленің жұтылған дозасы бір грэйге тең;
1Гр= 1Дж/кг
Іс жүзінде сәулеленудің экспозициялық дозасы деген шама қолданылады. Ол рентгендік және гамма - сәулелердің құрғақ ауаны иондау эффектісі бойынша өлшенеді. Оның Si жүйесінен өлшем бірлігі рентген – 1Р
1Р = 2, 58 *10 - 4 Кл/кг
Радияцияны өлшейтін дозиметрлерде 1Р= 0, 01Гр деп есептеледі.

Тірі организмдердің сәулеленуден зақымдануы сәуле шығарудың түрлеріне байланысты. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін рентгендік және гамма - сәулелердің биологиялық әсерлерімен салыстыру қабылданған. Сондықтан сәуле шығарудың тірі организмдерге әсерін арнайы шама - эквивалентті дозамен сипаттайды.
Шығарылған сәуленің жұтылуының эквивалентті дозасы деп жұтылған дозаның биологиялық эффективтік (тиімділік) коэффициентіне көбейтіндісіне тең шаманы айтады:
D= k*D
K – биологиялық эффективтік коэффициенті, ол тәжірибелік жолмен анықталады.
Рентгендік,- сәуле β - сәуле, γ - сәуле үшін k =1, жылулық нейтрон үшін k= 2, 3, шапшаң нейтрон k =10, 0, α - сәуле үшін k=20, 0 қабылданған.

Радиоактивті сәулелердің әсеріне біз жиі ұшыраймыз. Бұндай радиацияның көзі - ғарыш сәулелері, Жердегі радиоактивті заттар ғимараттар, рентгендік қондырғы, телевизор, адамның денесі (біздің денемізде 0, 01г радиоактивті 4013 К)

Атомдық электр станцияларда радиоактивті изотоптармен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін адамдардың радиациядан қорғану шараларын орындау қажет.
Радиациядан қорғану шараларын жүзеге асыру.

Сабақты бекіту: Радиоактивті сәулелер тірі организмдерге қандай қаупі бар?
Жұтылған доза деп нені айтады?
Эквивалент доза дегеніміз не?

Сабақты қорытындылау. Қоршаған ортаны зиянды әрекеттен қорғау, ағаштар отырғызу. «Жас экологтардың» жұмыстарын жалғастыру.
Үйге § 8. 12
45 721
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рентгендік сәулелер
Рентгендік сәулелер
Оқушыларға рентгендік сәулелердің шығу тарихын және оның қазіргі таңдағы қолданыс аясы туралы толық мәлімет беру. Теориялық білімдерін толықтыру, қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Резерфорд тәжірибесі. Атомның моделі
Резерфорд тәжірибесі. Атомның моделі
Резерфорд тәжірибесін және атом ядросының құрамына кіретін бөлшектердің физикалық мағынасын түсінеді Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері. Радиациядан қорғануды күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету
Атомдық физика
Атомдық физика
Қаралатын сұрақтар. 1. Атом құрылысы 2. Радиоактивтілік - сәулелену
Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның моделі
Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның моделі
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жұбаныш Бәрібаев атындағы орта мектебінің Физика пәні мұғалімі Отегенов Бахтияр Жуманазарович
Табиғи радиоактивтілік
Табиғи радиоактивтілік
ШҚО, Аягөз қаласы «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ Физика және информатика мұғалімі Кунусова Меруерт Орынгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×