Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылу двигателдерінің жұмыс істеу принципі, пайдалы әсер коэффициенті. Табиғатты қорғау

14 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Физика
8 сынып "Жылу двигателі" Физика

I. Сабақтың тақырыбы.
Жылу двигателдерінің жұмыс істеу принципі, пайдалы әсер коэффициенті. Табиғатты қорғау.
II. Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік: Оқушыларға жылу двигательдерінің шығу тарихы, дамуы, қолданылуы туралы баяндай келіп, жұмыс істеу принципін меңгеруге бағыттау.
2 Дамытушылық: Жылу двигательдерінің пайдалы әсер коэффициенттерін арттыру жолындағы қиыншылықтардың себебін түсініп, экологияны қорғаудың маңызын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың жылу двигательдерінің пайдалы әсер коэффициенттерін арттыру шараларын біліп қана қоймай, оны есептей білу дағдысын қалыптастыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

III. Сабақтың көрнекілігі.
1. Оқу фильмі. "Теплевые двигатели и окружающая среда"
2. Тірек конспекті плакаты.
3. Жылу двигателінің моделі.
4."Физика және авиация" буклеті.
5. Электронды оқулық

IY. Үйге а) 21 - 22 ф - 10, б) Т. К., в) сұрақтар, жаттығулар.

Y. Сабақтың жоспары.
1. Оқушылардың назарын аудару үшін, энергияның айналу және сақталу заңын қайталап:- Кластағы электр лампасы, үйдегі желдеткішпен үтік, энергияны қай түрден қандай түрге айналдырып тұр? (8 - сынып материалы) Онан әрі оқушыларды сабақтын тақырыбы мен мақсатымен таныстыру (1 минут)

2. Тірек конспектісі арқылы жаңа сабақ түсіндіру (10 - 20м)
а) Шартты белгілер ендіру -
- Ж. д (жылу двигателі)
- О. К. К. П.- оттың қыздыру күшін пайдалану
- ж. д.- жұмыстық дене
б) Тірек конспектісін баяндауға арналған қосымша материалдар.

Жылу двигательдерінің өмірге келуі оңай болған жоқ. Әр елдің өнертапқыштары жасап шығару үшін еңбек сіңірді. Бұл жолда толып жатқан жеңістерде, көңіл қайтушылықтар да болды, бірақ олардың әрқайсысы жаңа двигательді жасауға азды көпті үлес қосты. Жылу двигательдері - бу машиналары және турбиналар, іштен жану двигателдері, реактивті двигательдер болып табылады.

1824 жылы Парижде"Оттың қозғаушы күші туралы және осы күшті жетілдіре алатын машиналар туралы ойлар" деген көлемі шағын кітап жарық көрді. Оның авторы Сади Карно еді. Ол кезде небәрі 18 жаста еді. Карно жылу двигателінің температурасы жоғары болатын қыздырғышы және температурасы қыздырғыштың температурасынан едәуір төмен болатын салқындатқышы болуы керек деген қорытындыға келді. Жұмыстық зат қыздырғыштан жылу мөлшерін алады, оның бір бөлігі, жұмыстық зат көлемін ұлғайтып, цилиндрдің поршенін қозғалтқан кезде жасалатын пайдалы жұмысқа кетеді, жылудың бір бөлігін салқындатқышқа береді. Алғашқы бу машинасын XVII ғасырдың 90 жылдарында Францияның өнертапқышы Дени Папки жасады. Орыс технигі И. И. Ползумов бу машинасын 1765 жылы жасап бітірді.

1834 жылы Россияда, Оралдағы ірі тау - кен заводының несі басыбайлы шаруалар, әкелі - балалы Е. А. және М. Е. Черепамовтар алғаш рет отандық паровоз жасап шығарды.
Ол 3, 5 т жүкпен жылдамдығы 15 км/ сағатқа жеткізілді.
Іштен жану двигателін жасау идеясы XVII ғасырда дүниеге келді. Оның иесі француз өнертапқышы Дени Папен еді. ОЛ зеңбірекке пайдалы жұмыс жасатуды ойлайды.

Зембірек стволының орнына ішінде поршені бар цилиндрді қоймақшы болды.
Осы күнгі бу турбиналардың негізін салушы Александриялық ғалым Геренның біздің заманымыздан бұрынғы II ғасырдың өзінде - ақ ойлап шығарған ойыншық двигател болды. 1629 жылы италияндық Бранка қалақшалы доңғалақтың жобасын жасады. Герен шарамен Бранка доңғалағы іс жүзінде қолданылмады. Бірақ осы приборларға негіз болған идея еді.
Авиацияның пайда болған күннен бастап самолетті жылу двигательдері қозғалысқа келтірді.(физика және авиация буклетінен).

3. Тірек конспектісін қайталау. (2 минут)
4. Жаңа сабақты пысықтау
а) Фильм көрсету (10 минут)

б) Сұрақтарға жауап беру
1. Ж. Д. дегеніміз не?
2. Ж. Д - нің жұмыс істеу принципі.
3. Ж. Д - нің қандай түрлері бар?
4. Ж. Д.- нің шығутарихы.
5. Ж. Д - нің жұмыс істеушарты
6. Ж. Д - нің п. ә. к. дегеніміз не?
7. Оны арттыру жолдары.
8. Ж. Д - нің қолданылуы.
9. Ж. Д - нің қоршаған ортаға әсері (10 - 12 минут)

в) Есеп шығару және құрастыру
Бер: Т - 8000 К шешуі: Т1 - Т2/ Т
Т - 3000 К Жауабы η= 62 %
т. к η

5. Үйге 21 - 22; сұрақтар, т. к (1 минут)
6. Сабақты қорытындылау (2 минут)
25 277
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.
Жылу қозғалтқыштары
Жылу қозғалтқыштары
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. №22 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сман Мадина
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Химиялық реакциялардың жылу эффекті
Химиялық реакциялардың жылу эффекті
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектебінің химия және биология пәні мұғалімі Адиева Гүлмира Өксікбайқызы
Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі.
Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі.
Сабақтың тақырыбы: Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі. Іштен жанатын қозғалтқыш. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушыларға жылу қозғалтқыштары және жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі мен іштен жанатын
Жылу қозғалтқыштары. ПӘК. Жылу қозғалтқыштарының рөлі және қоршаған ортаны қорғау
Жылу қозғалтқыштары. ПӘК. Жылу қозғалтқыштарының рөлі және қоршаған ортаны қорғау
ШҚО, Аякөз ауданы, Ақтоғай стансасы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Физика пәнінің мұғалімі Толегенов Сейсенкали Курмашевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×