Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алюминий сымдарды престеу және дәнекерлеу арқылы жалғау

18 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақ тақырыбы: Алюминий сымдарды престеу және дәнекерлеу арқылы жалғау
Ашық сабақтың әдістемелік дайындамасы
Пән «Электрлік жарықтандыру»
І курс

Сабақ мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың сымдарды монтаждау туралы түсінігін қалыптастыру: алюминий сымдарды өзара жалғау, ұштау және тармақтау туралы теориялық білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) дамытушылық: теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету; СТО бағыттары арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
в) тәрбиелік: Отанға, еңбекке, мамандыққа сүйіспеншілігін арттыру - ұқыптылыққа, ынтымақшылдыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; көптеген жаңалықтан өзіне қажеттісін таңдай білуге үйрету.
Сабақ түрі: Кіріктірілген («Электрматериалтану» және «Арнайы технология»)
Сабақ әдісі: СТО дамыту бағдарламасы: «Қызығушылықты ояту» «Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?», «Топтау», «Кубизм», «Бес жо өлең» стратегиялары.
Сабақ көрнекіліктері: ГАО гильзасы, припой, флюс, шөміш, дәнекерлеу құралы, нұсқамалық карта, кубиктер, бағалау бетшелері, тірек сызбалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Электрматериалтану, электротехника, өндірістік оқу,

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру 1 - 2мин
1) Оқушыларды тексеру, белгілеу.
2) Сыныптың және оқушылардың дайындығын тексеру.
3) Оқушыларды топқа бөлу. Сабақ тақырыбын, мақсатын түсіндіру. Бағалау бетшесін тарату, топ басшысын сайлау, өзіндік бағалау жолын түсіндіру.
1 - топ «Жалғаушы»
2 - топ «Ұштаушы»
3 - топ «Тармақтаушы»
«Қызығушылықты ояту»
«Нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?»
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе 10 мин
«Топтау» стратегиясы бойынша оқушылардың «Электрматериалтану» пәнінен алған білімдерін қайталау. 3 топқа сұрақтар беру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. 10мин
- Оқушылар, бүгінгі сабақтан нені білгің келеді? Осы сұрақты бір сәт тақырыпқа қарап ойланып көріңіздерші? (оқушылардың жауабы )

Сабақ жоспары: 1. Алюминий сымдарды жалғау әдістері.

2. Қимасы 10мм2 дейінгі сымдарды престеу
арқылы жалғау

3. 2, 5 - 10 мм2 алюминий сымдарды
дәнекерлеп жалғау
Электр қондырғылардың жұмыс сенімділігі сымдардың жалғану, тармақтау, ұштау сапасына байланысты. Жалғанған, ұштанған, тармақталған орындар механикалық төзімді, электрлік кедергісі аз, желідегі токтық жүктеменің күрт артуынан жиі қызғанда, салқындағанда бүтін күйінде қалуы тиіс. Бұл талаптар монтаждау технологиясын қатаң сақтағанда, сондай - ақ, жалғағыш детальдар мен құралдарды дұрыс таңдағанда ғана орындалады.
Алюминий және мыс ток өткізгіш сымдарды жалғау мен ұштаудың негізгі әдістерінің бірі - престеу мен пісіру. Кей жағдайда ток сымдарды дәнекерлеу арқылы да жалғау - ды, ұштауды қолданады.
Бұл әдіс сенімді болғанымен көп уақытты және материалды қажет етеді. Себебі, припой қымбатқа түседі. Жалғаудың, ұштаудың және тармақтаудың әдістерін сым материалына байланысты таңдайды. Себебі, алюминийдің физикалық қасиеттері мыстан өзгеше.
Көптеген ток сымдар алюминий тал сымды етіп жасалады. Себебі, алюминий кең тараған, мысқа қарағанда арзан, жеңіл. Оның үстіне алюминий сымдарды өзара және мыс сымдармен жалғау кезінде көптеген артықшылықтары бар.
Ал кемшілігінің ең бастысы – ауамен әсерлескенде тез тотықтанады және оның бетінде оксидтік пленка пайда болады. Оның электрлік кедергісі көп, ток өткізгіштігі нашар, жай балқиды (балқу температурасы 20000С шамасында). Оның үстіне алюминий – мыс түйіскен жерде «гальваникалық бу» пайда болады. Ол алюминийді бүлдіріп, жал - ғанудың біртіндеп нашарлауына әкеледі. Түйіспелік орынның бүлінуінің және нашарла - уының алдын алу үшін, Кварц - вазелинді немесе цинк - вазелинді пастамен майлайды. Сондай - ақ, дайын түйіспелерді лакпен жабындайды. Ол үшін глифтальды, асфальтты және поливинилхлоридті лак қолданылады.
Паста құрамындағы қатты заттар түйіспелік беттегі пайда болған оксидтік пленканы талқандайды, ал вазелин түйіспелік бетке ауаның келуіне бөгет жасайды. Осылайша, оның тотықтануы мен онда пленка түзілудің алдын алуға болады.

Көлденең қимасы 10 мм2 дейінгі бір тал сымды
алюминий өткізгіш пен кабельдердің престеу арқылы
жалғануы мен тармақталуы

Көлденең қимасы 10 мм2 дейінгі бір тал сымды алюминий өткізгіш пен кабельдерді алюминий гильзада престейді. Ол үшін бір немесе екі жерден қысатын ПК - 2М қысқышы мен ГКМ гидравликалық қысқышы қолданылады. Престеп болған соң жалғану орнын асфальтты немесе глифтальды лакпен қаптайды. Содан соң жабысқыш таспамен оқшау лайды да, ауа мен су кірмес үшін, екінші рет лакпен қаптайды. Престеу операциясы төмендегі ретпен жасалады.
Гильзаны кесте бойынша таңдап алады. ГАО гильзасын бір жағынан немесе екі жағынан толтырылатын болып бөлінеді. Қысқыш түрі де кестемен анықталады. Сосын пышақ немесе қысқыш көмегімен сым оқшаулағышы алынады. Жалаң сымдарды кварц вазелинмен немесе техникалық вазелинмен майлайды. Тал сым кесінділерінің біразын гильзадан сәл үлкендеу етіп алады да тазалайды. Кварц вазелин пастамен майлайды. Гильзаның ішкі бетін техникалық вазелинге малынған щеткамен тазартады. Содан соң кварц вазелин пастамен майлайды. Ол үшін жіңішке таяқша қолданады. Гильза ішіне тал сымның толғанын тексеру керек. Гильза іші бос болмауы керек. Қажет болса, артық сымды қайырып, ішіне салады. Бір жақты гильзаны бір рет, екі жақтыны екі рет қысып престейді. Престелу өлшемі кестемен сай болуы тиіс. Престелген орынды полиэтилен қалпақпен немесе жабысқыш таспамен оқшаулайды. Цинк - вазелинді паста улы болғандықтан, жұмыс кезінде аса сақтықты талап етеді.

Көлденең қимасы 2, 5 - 10 мм2 дейінгі бір тал сымды
алюминий өткізгіш пен кабельдердің дәнекерлеу
арқылы жалғануы мен тармақталуы

Дәнекерлеу - жалғаудың ең сенімді, бірақ күрделі әдісі. Алюминий сымдар үшін А маркалы припойлар қолданылады. Дәнекерлеу операциясы төмендегі тәртіппен жүреді: Әр тал сымның оқшаулағышын алады, щеткамен немесе пышақпен мұқият тазартады да, араларында қуыс пайда болатындай етіп, қосақтап бұрайды. Сымдарды алюминий - дің балқу температурасына жуық (8600С) температураға дейін дәнекерлеу шамымен немесе газдық жанарғымен қыздырады. Припой таяқшасымен жалғанған жерді сүртеді. Осылайша сым бетіндегі жай балқитын оксидтік пленканы алады. Балқыған припой сымдар арасындағы қуысты толтыру керек. Жалғанған жерді бензинге малынған таза шүберекпен сүртеді, соңынан глифтальды немесе поливинилхлоридті лакпен қаптайды. Сыртынан жабысқыш таспамен оқшаулайды және екінші қайтара лакпен қаптайды.
Дәнекерлеу және престеу кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау қажет, құрал - саймандарды және материалдарды үнемді, ұқыпты пайдалану керек.

ІV. Дәптермен жұмыс 10мин
1. Тақтадағы негізгі кілт сөздерді жазу.
2. Алюминий сымдарды жалғау әдістері
3. Жалғанған орынды қорғау әдістері
4. Престеу әдісі
5. Дәнекерлеу әдісі
6. Дәнекерлеу әдісінің кемшілігі

V. Жаңа сабақты бекіту 5 мин
2.«Мағынаны ажырату». «Кубизм» стратегиясы бойынша сабақты бекіту. 3 топқа да бір - бір кубиктен тастаймын. Әр кубиктің екі қырын - да ғана сұрақтар бар. Сонда әр топ тек екі сұраққа ретімен жауап береді. Сұрақ нөмірі тақтада тұр. Егер ол топ жауап бере алмаса, келесі топтар жауап беруіне болады, өзінің ұпай санын көбейтеді.

«Кубизм» нені білдің?
1) Суреттеңіз: Жалғау, ұштау, тармақтау дегенді қала түсінесің?
2) Сипаттаңыз: Гильзамен престеу әдісін сипаттаңыз.
3) Салыстырыңыз: Дәнекерлеу мен престеу әдістерін салыстырыңыз
4) Қарсыласыңыз немесе қолдаңыз: Сымдарды жалғау әдісі сым
материалына байланысты.
5) Дәлелдеңіз: Екі әдістің де қажет екендігін дәлелдеп беріңіз.
6) Ұсыныс жасаңыз: Алюминий сымдардың жалғанған жерінде
«гальваникалық бу» пайда болды. Ол жалғанған
жерді «бу» бүлдірмес үшін не істеу керек?

VІ. Қорытынды.
3.«Ой толғаныс» сатысы,
«Бес жол өлең».
3 топ та өз бетінше орындайды.
Не?
Қандай?
Не істейді?
Немен?
Операция түрі _________________________
Қорытынды жалғайды, ұштайды,
тармақтайды.

VІІ. Бағалау 1 - 2 мин
VІІІ. Үйге тапсырма §15, §16 71 - бет

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 459
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Электротехникалық материалдар. Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдарымен танысу.
Электротехникалық материалдар. Электроқшаулағыш және өткізгіш материалдарымен танысу.
Өткізгіш және электроқшаулағыш материалдарының негізгі қасиеттері мен қолданылу аймағын оқып үйрену; электр арматура бөлшектеріне сымдарды дәнекерлеу технологиялық процесімен танысу.
Электро жабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер. (жоспарлар топтамасы)
Электро жабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер. (жоспарлар топтамасы)
Теориялық сабақпен өндіріс сабағын ұштастыру, сымдар мен кабельдерді ұштауға және қосуға жұмыстарына арналған құрал – саймандармен таныстырып, жұмыс жасауды үйрету;
Жасанды жарық көздері
Жасанды жарық көздері
Жасанды жарық көздері туралы білім алушылардың жалпы түсініктерін қалыптастыру;
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу (есептер шығару)
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Акенева Асем Жумагалиевна
Сыммен жұмыс
Сыммен жұмыс
Заводтарда негізінен сымдарды, орам түрінде шығарады. Қажет дайындамалар ұзыннан арнайы кесіп алынады. Ең алдымен сымнан жасалатын бұйымдарды, затты дайындау үшін түзетіп алу қажет.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×