Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


І тоқсандық қорытынды тест

19 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Сабақ тақырыбы: І тоқсандық қорытынды тест
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін пысықтап, қорытындылау, жүйелеу.
Дамытушылық: теориялық білімдерін тест тапсыруда қолдана отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз ойын ашық айта білуге үйрету.
Сабақ түрі: сынақ сабақ.
Көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, тест тапсырмалары, жұмыс дәптерлері.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, талдау, бағалау, тест жұмысы.
Пәнаралық байланыс: математика.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
ә/ кабинет тазалығын қадағалау.
б/ жұмыс дәптерлерін үлестіру.
в/ Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
«Ойлан тап!» ойынын ойнау.
Тарауды қорытындылап, сұрақ қою арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру. Оқушыларға карточкалар таратылып, сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Тест жұмысы (30мин)
Тест жұмысы 1 - нұсқа.
1. Астрономия нені зерттейді?
а/ табиғат
в/ зат құрылысын
с/ ауа - райын
д/ аспан денелерін.
2. Аспап бөлігінің құнын анықтау үшін тұсына шамасының мәні жазылған шкаланың жақын жатқан екі сызықшасын тауып:
а/ үлкен мәнінен кіші мәнін шегеру керек
в/ үлкен мәніне кіші мәнін қосу керек
с/ үлкен мәнінен кіші мәнін шегеріп, шыққан санды олардың арасында жатқан бөліктердің санына бөлу керек
д/ үлкен мәнінен кіші мәнін шегеріп, шыққан санды олардың арасында жатқан бөліктердің санына көбейту керек.
3. Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия бөлімі қалай аталады?
а/ космонавтика
в/ космогония
с/ космология
д/ космогелиос
4. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?
а/ оны осы шаманың өлшеу бірлігі етіп алынған біртекті шамамен салыстыру
в/ оны кез келген өлшеуіш құралымен салыстыру
с/ таразымен салыстыру
д/ формула арқылы анықтау
5. Дене деп...
а/ кеңістікте белгілі пішіні болмайтын жеке тұрған нәрсе
в/ нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе
с/ кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе
д/ дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрі
6. Механикалық қозғалыс деп..
а/ денені басқа денелермен салыстырғандағы уақыт өтуіне қарай орнының өзгеруі
в/ денені құрайтын бөлшектердің бей - берекет қозғалысы
с/ денені құрайтын бөлшектердің бір - бірімен соқтығысуы
д/ жауаптар арасында дұрысы жоқ
7. Санақ жүйесі дегеніміз?
а/ санақ денесі
в/ координата жүйесі
с/ уақыт өлшейтін құрал
д/ санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат
8. Халықаралық бірліктер жүйесінде жылдамдықты қандай бірлікпен өлшейміз?
а/ кг
в/ секунд
с/ метр
д/ м/с
9. Термометрмен нені өлшейді?
а/ дене көлемін
в/ дене массасын
с/ дене температурасын
д/ дене тығыздығын
10. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір - біріне өтіп таралуы қалай аталады?
а/ броундық қозғалыс
в/ диффузия
с/ заттың агрегаттық күйі
д/ температура
11. Күн жүйесінің құрамында неше планета бар?
а/ 5
в/ 6
с/ 7
д/ 8
12. Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі мынада:
а/ бұлар басқа планеталардан үлкен, өлшемі жағынан
в/ бұлардың өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама - қарсы
с/ бұлардың массасы мен көлемі бірдей
д/ бұлар күнге жақын орналасқан
13. 36 км/сағ жылдамдықты (м/с) есебімен өрнекте
а/ 10 м/с
в/ 600 м/с
с/ 0, 6 м/с
д/ 36 м/с
14. Метрмен өрнектелетін физикалық шама
а/ жылдамдық
в/ уақыт
с/ масса
д/ ұзындық
15. Ең қатты зат
а/ шыны
в/ алмаз
с/ мыс
д/ болат
16. Орыстың 1 верста аралығы қанша құлашқа (сажень) тең
а/ 5
в/ 50
с/ 500
д/ 5000
17. Жер бетіндегі ең үлкен табиғи саф таза алмаз қайдан табылды?
а/ 1905 жылы Оңтүстік Африкадан
в/ 1915 жылы Солтүстік Америкадан
с/ 1925 жылы Оңтүстік Америкадан
д/ 1935 жылы Солтүстік Африкадан
18. Төменгі планеталар
а/ Марс, Юпитер, Сатурн, Уран
в/ Меркурий, Шолпан
с/ Нептун, Плутон, Уран, Сатурн
д/ Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун
19. Аспап шкаласы деп
а/ физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамалары
в/ өлшеуді жүргізудегі аспап шкаласындағы бөлік құны
с/ құралдардың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар
д/ өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шаманы салыстыру
20. 20°С температураны К - мен өрнекте
а/ 273 К
в/ 293К
с/ 283 К
д/ 303К

Тест жұмысы 2 - нұсқа
1. 0, 5 км - ды м - мен өрнекте
а/ 5м
в/ 50 м
с/ 5000 м
с/ 500 м
2. Астрономия құбылыстарын физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы
а/ астрономия
в/ астрофизика
с/ физика
д/ космонавтика
3. Зат деп:
а/ кеңістікте белгілі пішіні болмайтын жеке тұрған нәрсе
в/ нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе
с/ кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе
д/ дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрі
4. Шаршының қабырғасы 9 м. Оның сантиметрге айналдырыңыз
а/ 9 см
в/ 90 см
с/ 900 см
д/ 9000 см
5. 720 км/сағ - ты м/с - пен өрнекте
а/ 2 м/с
в/ 200 м/с
с/ 20 м/с
д/ 2000 м/с
6. 1 тәулікте неше минут бар?
а/ 1, 4 мин
в/ 1, 44 мин
с/ 1440 мин
д/ 14 мин
7. Цельсий градусымен (°С) өлшенетін шама
а/ дене массасы
в/ дене температурасы
с/ дене жылдамдығы
д/ дененің жүрген жолы
8. Күннен алыстау орналасуына қарай, олар:
а/ Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун
в/ Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Меркурий
с/ Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Меркурий, Шолпан
д/ Сатутн, Уран, Нептун, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер
9. Күн мен түннің көктемдегі теңелу нүктесі
а/ Бикеш шоқжұлдызы
в/ Торпақ шоқжұлдызы
с/ Егіздер шоқжұлдызы
д/ Балықтар шоқжұлдызы
10. Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды, сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады?
а/ қатты
в/ сұйық
с/ газ
д/ жауаптар арасында дұрысы жоқ
11. Н. Коперниктің «Аспан сферасының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі қай жылы жарық көрді?
а/ 1541 жылы
в/ 1542 жылы
с/ 1543 жылы
д/ 1544 жылы
12. Көлемі 1мм³ сутегі газында қалыпты жағдайда жуықтап алғанда қанша молекула бар?
а/ 27•10 10
в/ 2, 7 •10 10
с/ 20•10 17
д/ 2, 7•10 16
13. Оңтүстік Африкадан 1905 жылы табылған табиғи саф «Куллианан» деп аталатын таза алмаздың салмағы 600г шамасындай болды. Одан қанша бриллиант жасалды?
а/ 100
в/ 101
с/ 102
д/ 103
14. Н. Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйені қалай атады?
а/ гелиоцентрлік жүйе
в/ табиғат
с/ материялық нүкте
д/ қозғалыс траекториясы
15. 40°С температураны К - мен өрнекте
а/ 273К
в/ 313К
с/ 283 К
д/ 303К
16. Ньютонмен өрнектелетін физикалық шама
а/ жылдамдық
в/ күш
с/ масса
д/ ұзындық
17. Астрономия саласында өшпес із қалдырған Самарқанда дүниеге келген ғұлама ғалым кім?
а/ Мұхаммед ибн Мұса әл - Хорезми
в/ Әбу Әли ибн - Сина (Авицена)
с/ Мұхаммед Тарағай Ұлықбек
д/ Әбу Насыр әл - Фараби
18. Ең алғаш Күн құрамында табылған газ қалай аталды?
а/ оттегі
в/ гелий
с/ сутегі
д/ азот
19. Қай жылы Америка азаматтары Н. Армстронг пен Э. Олдрин ғарыш кемесімен шығып, Айға алғаш табан тіреді?
а/ 1969 жылы
в/ 1968 жылы
с/ 1967 жылы
д/ 1966 жылы
20. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды кім ұсынды?
а/ Н. Коперник
в/ Н. Армстронг
с/ И. Ньютон
д/ В. Франклин
1 - нұсқа
1 -- 2 -- 3 -- 4 -- 5 -- 6 --- 7 --- 8 --- 9 --- 10 --- 11 --- 12 --- 13 ---- 14 ----- 15 ---- 16 --- 17 --- 18 --- 19 --- 20
д -- с -- в -- а -- с --- а --- д --- д --- с --- в ----- д ----- в ---- а ------ д ------- в ----- с ----- а ---- в ----- с ----- в

2 - нұсқа
1 ---- 2 --- 3 --- 4 --- 5 --- 6 --- 7 --- 8 --- 9 --- 10 --- 11 --- 12 --- 13 --- 14 --- 15 --- 16 --- 17 --- 18 --- 19 --- 20
Д --- в ---- д --- с --- с --- с --- в --- а --- д ---- а ----- с ----- д ---- д ---- а ----- в ----- в ----- с ----- в ---- а ---- д

ІV. Үйге тапсырма. (2 мин)
Тарауды қайталау.
V. Бағалау. (2 мин)
Оқушылардың бақылау жұмыстары тексеріліп, бағалары күнделіктеріне қойылады.
24 683
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Дифференциалдауға есептер шығару.
Дифференциалдауға есептер шығару.
Оқушылардың туынды, туындыны есептеу ережелері, күрделі және тригонометриялық функциялардың туындысы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздерін қайталау. Есептер шығару
Кинематика негіздері тарауын қайталау арқылы, 9 сынып оқушыларының алған білімдерін, икемділіктерін тексеру, пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Күрделі функцияның туындысы
Күрделі функцияның туындысы
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Диярова А. С
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
Логарифмнің қасиеттерін есеп шығаруда қолдану
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі Математика – информатика пәні мұғалімі Жекенова Акмарал Канатбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×