Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы (8 сынып)

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы (8 сынып)
Сабақ «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойын арқылы жүргізіледі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Денелердің элекрленуі, электр зарядының пайда болу себептері мен
заңдылықтарын түсіндіре отырып білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Интеллектуалды ойындар арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: Ұжымдық, топтық жұмыстарды атқаруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, штатив, жіптер, фольга қағазы, тері, жүн түрлері, ұпайлық таратпалар, т. б

Сабақтың түрі: Қалыптан тыс, кіріктірілген сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгешелеу, сынып оқушылары екі топқа бөліне отырып, алдымен үй тапсырмасындағы сұрақтарға жауап бере отырып ұпай жинайсыздар. Сабақ барысында екі топ ұпайлар арқылы жеңімпаз атана отырып, бағаланады.
«Үй тапсырмасы»
10: Жылу алмасусыз жүретін процесс не деп аталады?
20: Озон қабаты қайда орналасқан және қандай қасиеттерге ие?
30: Іштен жанатын қозғалтқыш неше тактіден тұрады?
40: Шолпан планетасын анықтап, қашан және қайда орналасқанын кім тапты?
50: Жаңа сабақ «Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы»
- Жаңа сабақ төмендегідей бағыттар бойынша түсіндірілді.
1. Дененің электрленуі деп нені айтамыз?
2. Үйкелу дегеніміз не?
3. Электр заряды деп нені айтамыз?
4. Электр зарядының белгіленуі,
5. Аттас және әр аттас зарядтарды қалай ажыратамыз?
6. Пайда болу жолдары.
7. «Тұйықталған, оқшауланған» сөздерінің мағынасы туралы түсінік.
8. Электр зарядының сақталу заңы.
9. Тәжірибелер.

«Оқы да тоқы!»
10: Сергіту
20: Денелерді қалай электрлейміз?----------
30: Зарядтардың шартты белгісі ----------------
40: Электр заряды дегеніміз не?-----------------------
50: Электр зарядының сақталу заңының формуласы ---------------

«Сен білесің бе?»
10: ҚР Тұңғыш Президенті қашан сайланды?- 1. ХІІ. 1991ж
20: 4 маусым күні қазақ елі өзінің мемлекеттік Рәміздеріне ие болды және 2 наурыз ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кірді, бұл қай жыл - 1992ж.
30: «Елбасы күні» қашан тойланады?- 1. ХІІ. 2012ж бастап
40: ҚР Ұлттық валютасы - Теңге қашан енгізілді - 15. ХІІ. 1993 ж
50: ҚР Тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет - Түркия

«Иә, жоқ»
10: Аттас зарядтар бірін - бірі тартады - жоқ
20: Денелер үйкеліс арқылы электрленеді - иә
30: Әр аттас зарядтар бірін - бірі тартады - иә
40: Электр сөзі гректің «Янтарь» сөзінен шыққан - иә
50: (тақтадан сурет көрсетіледі) Сурет дұрыс бейнеленген - жоқ

«Әртүрлі»
10: Найзағай ойнағанда бірінші дауысын естиміз бе, әлде жарқылды көреміз бе?-
Жарқылды көреміз себебі жарық жылдамдығы 300 000км/с
20: Неліктен біз токты ұстағанда ток ұрады, ал тоқа қонақтаған құсты токтың ұрмайтыны неге?- Себебі, олар бір фазасына қонады
30: М. В. Ломоносовтың досы Г. М. Рихман қандай қателікке жол берді?- Күшті электр ұшқынынан 1753 жылы қайтыс болды
40: Шашыңды тарақпен тара да, құбылысты түсіндір - Шашты тарай отырып, тарақ пен шаштың арасындағы үйкеліс нәтижесінде тарақты зарядтадық.
50: Зарядталатын денелерге мысал келтір.- Үрілген шарлардың үй төбесіне тартылуы, жібек көйлектердің денеге жабысуы, қаламсапты шашқа үйкелеп қағаз қиындыларын жинау т. б

- Топтардың жинаған ұпайларына орай орындар тағайындау, бағалау
Үйге тапсырма. 28 тақырып, №1, 2 тапсырма
15 687
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Диэлектриктер және өткізгіштер
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Диэлектриктер және өткізгіштер
БжС технологиясын пайдаланып электр құбылысы тақырыбын меңгерту, білімдерін бағалауда уақытты тиімді пайдалану
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Физика пәнінен орта мерзімдік жоспар
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндерді күнделікті өмірде және өндірістерде қолдана білуге үйрету.
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер
Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіш және өткізбейтіндер
Бір - бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысын денелердің электрленуі, сол кезде туындайтын күштерді электр күштері деп атайды.
Денелердің электрленуі
Денелердің электрленуі
А) Оқушыларға денелердің электрленуі туралы жалпы мағлұматтар беру, электр сөзінің пайда болуы мен дамуы туралы түсінік беру.
Дененің электрленуі. Электр заряды
Дененің электрленуі. Электр заряды
Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова А.Д
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×