Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Температура. Температураны өлшеу әдістері

07 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: Температура. Температураны өлшеу әдістері. 8 класс
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: дененің жылулық күйін сипаттайтын негізгі физикалық шама ретінде температураны енгізу, температураны өлшеу әдістерімен таныстыру, Цельций және Кельвин шкаласын енгізу; оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру;
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1) Жылулық қозғалыс дегеніміз не? Оның механикалық қозғалыстан айырмашылығы неде? Неге жылулық деп аталады?
2) Броундық қозғалыс деп нені айтады? Оның себебі неде?
3) Диффузия дегеніміз не? Қатты денелер, сұйықтар және газдарда диффузия қалай жүреді?
4) Диффузияның жылдамдығы дененің температурасына, тығыздығына қалай тәуелді?

ІV. Жаңа материалды меңгерту:
Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар - температураның өзгеруіне байланысты құбылыстар. Салқын және жылы денелер. Температура - дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші. Температура скаляр шама. Жылу алмасу - екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Жылулық тепе теңдік.
Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе - теңдік орнағанға дейін жүреді.
Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал - термометр. Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.
Термометр - температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.

Термометрлердің түрлері. I. Сұйық термометрлер.
а) сынапты, өлшеу шегі - 38°С - тан 260 °С - ка дейін;
б) спиртті термометр, өлшеу шегі
в) термопара (- 269 °С - тан 2300 °С - қа дейін)
г) термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.
2. Газды термометрлер.
Цельций шкаласы - негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру (0°С) және судың қайнау (100°С) температуралары алынған шкала.
Абсолют нөл температура - табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол - 273, 15 0°С - қа тең.
Кельвин шкаласы - халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу - 273 0С - қа тең абсолют нөлден басталады.
1 Кельвин - Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:
1 К =1 °С.
Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:
Т = (t+273) К немесе t = (Т - 273) °С.
Ремюр, Фарангейт шкалалары.
Температураны өлшеу әдістері (тәжірибе көрсету)
Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?

V. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§2 сұрақтарын талдау.
1) Молекулалық теория негізінде жылы су мен салқын судың айырмашылығы неде екенін түсіндіріңдер.
2) Абай болмаған жағдайда медициналық термометрді сындырып алуға болады. Неліктен бұл жағдайда төгіліп қалған сынапты бір түйір тамшысы қалмастай жинап алу қажет?
Қандай да бір уақыт мезетінде ауадағы оттегінің бір молекуласы 900м/с жылдамдықпен, ал екінші молекула 1200 м/с жылдамдықпен қозғалады. Екінші молекуланың температурасы жоғары деген ұйғарым дұрыс бола ма?

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
VIІ. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2, 1 - жаттығу, №1үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы
Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Сукашева Әлия Айсеевна
30 340
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күн - күндізгі жұлдыз. Күннің құрылысы және негізгі сипаттамалары. Күн - Жер байланысы.
Күннің құрылысы және негізгі сипаттамаларымен таныстырып солар туралы түсінік қалыптастыру.
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы ұғымын енгізе отырып, күнделікті өмірде және адам өміріндегі ылғалдылықтың маңызын көрсету, ауаның ылғалдылығын өлшеу құралдарымен және олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
Жарықтың толық шағылуы. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі. Денелердің түстері
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы М.П.Окороков атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Колдасова Яхшигул Османовна
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Физика пәні мұғалімі Аксыргаевна Бибигул
Температура. Оны өлшеу тәсілдері. Термометрлер
Температура. Оны өлшеу тәсілдері. Термометрлер
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №147 гимназиясының география пәні мұғалімі Керимшеева Береке Рысказиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×