Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Сыныбы: 8
Пәні: физика және астрономия (презентациясымен)
Тақырыбы: Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі.
Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға ток күші, электр кернеуі, оларды өлшейтін құралдар және олардың бір – бірінен айырмашылықтары жайлы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Ток күші, электр кернеуі және оларды өлшейтін құралдар амперметр, вольтметрлерді түсіндіре отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Ток күші, электр кернеуі және оларды өлшейтін құралдарды түсіндіруді ойын түрінде өткізе отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, билеттер, суреттер
Пән аралық байланыс: математика, география, тарих, сызу, денешынықтыру

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Оқушы білімін жан - жақты тексеру:
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарды ата.
3. Вольт бағанасы туралы не білесің?
4. “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не?
(өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз)
5. Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата.
6. Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз.
7. Зарядтардың бөлінуі дегеніміз не?
8. “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді?

ІІІ. Жаңа түсінік беру:
Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі.
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атаймыз:
I = q/t
Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші ампермен (А) өрнектеледі.
1 ампер – вакуумде бір – бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші. Мұндай ток ұзындығы өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10 - 7Н - ға тең өзара әрекеттесу күшін тудырады.
1 мА = 10 - 3А
1 мкА = 10 - 6А
1кА = 103А
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады:
U = A/q

Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші вольтпен (В) өрнектеледі.
1 вольт – Өткізгіш бойымен 1 Кл заряд орын ауыстырғанда, 1 Дж - ге тең жұмыс шамасына тең кернеу.
Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды. Бұл кезде “+” қысқышын ток кзінің оң полюсінен, ал “-” қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды.
ІV. Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру:
Ток күші (I) – электр тогын өлшеу және салыстыру үшін арнайы енгізілген шама.
1 ампер – ток күшінің өлшем бірлігі
Амперметр - ток күшін өлшейтін құрал
Токтың жұмысы (А) – токты тудыратын электр өрісінің жұмысы
Электр кернеуі – токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама
1 вольт – кернеудің өлшем бірлігі
Вольтметр – өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал.

V. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
2. Суретте берілген сұлбаларда жіберілген қателерді табыңдар.

VІ. Жаңа түсінікті тексеру:
АККУМУЛЯТОР

VIІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, тесттік бақылаулар):

VIIІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
Біздің үйімізді жарықтандыруға қолданылатын қыздыру шамдарының ток күші, олардың қуатына сәйкес 7 - ден 400 мА - ге дейін болады. 1 А ток күші адам өміріне қауіпті.
Тізбектегі кернеу 220 В екенін сендер білесіңдер. Сондықтан тұрмысқа қажетті электр энергиясын тұтыну (тоңазытқыш, теледидар, электржылытқыш аспаптар, музыкалық центр және т. б.) құралдары 220 В - қа есептелінген және бір құралды іске қосқанда, қалғандары тізбекте бұрынғысынша жұмыс жасай береді.

IХ. Оқушылар еңбегін бағалау:
Х. Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма):
1. §36. Ток күші. Амперметр
§37. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
2. 78 - суреттегі шартты белгілерді жаттап алу
3. А. Ампер, В. Вольта өмірбаянына реферат жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
80 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ток күші. Амперметр
Ток күші. Амперметр
Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, есептеу формуласы, Топтық жұмыстар кезінде өзгенің пікірін сыйлау, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау.
Тоқ күші. Амперметр
Тоқ күші. Амперметр
Электр тогының күші. Амперметр құрылғысын күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Топта бағалай білуге баулу
Электр кернеуі. Вольтметр
Электр кернеуі. Вольтметр
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №22 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Сман Мадина
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, «Благодарное орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Баелова Салтанат Адыкановна
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы, М. О. Әуезов атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі Смагулова Б. А.
Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназиясының физика пәні мұғалімі Тулеушова Асел Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×