Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


МИФ әлемі

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, оқыту жолында мұғалімнің жаңашылдығы, патриоттығы, іскерлігі керек. Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бір жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Жаңа информациялы технологияны пайдалану, ғылымның жеке салаларындағы білім мазмұнын интеграциялап оқыту. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына кластан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол. Сондықтан 9 - 10 класс оқушыларының арасында математика, физика, информатика пәндері бойынша өткізілген кластан тыс « МИФ әлемі» атты көңілді тапқырлар сайысының жоспарын ұсынып отырмыз.

Тақырыбы: МИФ әлемі. (презентациясымен)
Мақсаты: Жан – жақты, білімді, өзіндік ой – талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ой толғау қабілеттерін дамытып, логикалық біліктерін жетілдіру.
Көрнекіліктер:
Жоспары:
І. Кіріспе бөлімі «МИФ» шоу
М - математика ғылымдар патшасы
И - информатика ақпараттар ғылымы
Ф - физика табиғаттың патшасы

ІІ. Негізгі бөлім.
1-тур. «Логика»
2-тур. «Таңдап ал»
3-тур. « Сиқырлы фигуралар»
4-тур. «Ой жалғасы». Мақал – мәтелдер.

ІІІ. Қорытынды.
І. Кіріспе бөлім. «МИФ» шоу. 10 класс оқушылары сахналық көрініс қойды.
Уа, жараңдар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар.
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика информатика жайында
Бөлісейік! ортаға сап ойларды.
Жиылған мына балалар
Білім жолын қуғандар
Бәрің де
Білімді болып жан – жақты
Саналы болып салмақты
Шығамын деген биікке
Үлкен, үлкен арман бар.
Шындықты алғаш таратқан
Жыл күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене.
Білмегенді білгізген
Өлшеп киімді кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене
И. Информатика әлемі
Қызығы мол ғой әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік қой кәделі.
Ф. Аттас заряд тебіледі
Аттас еместер келіседі
Ох! Бұл физика заңдылығы
Ендеше достар әрқашанда ақылдармен бөліседі.
М. Физика жақын туыс мына бізге
Қозғалыс, энергия, қуат, күш те
Біздерсіз есептелуі мүмкін емес
Жария қылып айтайық мұны бізде..
Ақын жанды болмаса
Математик те бола алмас
Жақсы шумақ тумаса
Көңілге әсте қона алмас.
(Бәрі әндетіп )

Бес жерде бесім жиырма бес
МИФ пенен басқа ғылым бір емес
Арғы жағын айтпаймын
Ойыңа салып өзің шеш.
Кездестік міне тағы да
Саласының білімнің
Сараптайық ендеше
Математика, информатика, физиканың қызығын.
«Интермедия» (бірі екіншісіне термометр ұсынады )
Мынау термометр ғой
Я, мен оны саған бердім ғой
(Таңданып ) Негее?
(Үшінші оқушы) Соны білмедің бе? Ол былай ғой: термометр саған бергені
Жалындаған достар үшін
Намыс отын қайраған
Оттай ыстық жайнаған
Жанкүйерлер қызуын
Өлшей берсін дегені ғой.
Құрметтеп «ИФМ» ғылымдарын
Ширатайық ой – сананы
Бүгінгі «МИФ әлемі» атты кеште
Қашан да « Тапқыр бол!» деп ой салайық.
Бүгінде МИФ барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымдардың үйреніңдер
Достар зерделікпен меңгеріңдер.
Азаматтың ақыл – кенің ашқандар
Архимед, Ньютон, Әл – Фараби, Паскальдар
Гаусс, Евклид, Пифагор
Ом заңдылығы және бар.
Сусындаған өзің сынды ұстаздан
Ізгі мәңгі өшпейтін дастандар.
Бүгінгі кеш қызықты кеш
Көрермендер халайық
Ой түйсікті қорғап біз де
Көрініске назар салайық
Мұхтар Шахановтың «Арманда» өлеңінен көрініс.

Қатысушылар: автор, қария, бала Дойыл, бала Әбу, Әбу – Насыр – әл – Фараби.

ІІ. Негізгі бөлім.
Шақырамыз келіңдер!
Есеп – қисап, жұмбақ ойды шешуге
Күш, өнерді, жиып келіп, білімді
Жиып бәрін ойды ортаға салуда.

1 тур. «Логика»
2 тур. «Таңдап ал» Оқушыларға «1» және «2» саны беріледі. Таңдау арқылы сұрақтарды таңдап алады.

І – сұрақтар.
1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )
2. Компьютердің ауруы........? ( Вирус )
3. Үш сызықтан пайда болған фигура? ( Үшбұрыш )
4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? ( Есептеуіш )
5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )
6. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )
7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
8. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )
9. 45 минут сағаттың қандай бөлігі? ( ¾ бөлігі )
10. Ең үлкен хорда? ( диаметр )

ІІ - сұрақтар.
1. Алғашқы әйел ғарышкер? (Валентина Терешкова)
2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)
3. “Ақпарат” сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
(түсіндіру, баяндау )
4. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? (сәуле шығару)
5. Обсерватория деген не? (аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)
6. Ең алғашқы әйел математик? (Софья Ковалевская )
7. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция )
8. Компьютердің теледидары? (монитор )
9. Компьютердің ең басты бөлігі, миы? (процессор)
10. Барлық екі таңбалы сандарда 5 цифры неше рет кездеседі? (18 рет)

3-тур. « Сиқырлы фигуралар»
4-тур. «Ой жалғасы». Мақал – мәтелдер.
1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес
2) Бір тал кессең, он тал ек
3) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
5) Алты аға бірігіп, әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп, ана болмас
6) Досың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
7) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім іл
8) Білгенін бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.

ІІІ бөлім. Қорытынды. Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің әуенімен орындалады.
Біз жастары жаңа ғасыр дәуірдің
Білім берген ұста деген қауымның
Бойға жинап қайрат, жігер, намысты
Бағындырып МИФ әлемін, ғарышты
Біз Бозойдын ұланымыз
Бар екпінмен самға алға, тек қана алға
Жаңа, жаңа асуларға.
Білім алып Бозой орта мектепте
Бар білімді болашаққа арнаймыз
Желбіретіп, татулық пен достықты
Жеңіс туын биік ұстап самғаймыз.

Сайыс соңында әділ - қазыларға сөз беріліп, қатысқан оқушылар «Алғыс хат», «Мақтау қағазымен» марапатталды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 335
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Білімді оқушы - заман талабы
Білімді оқушы - заман талабы
Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» -, дейді. Шынында, баланың білімге құштарлығы мен қызығушылығы бастауыш сыныптан бастау алары сөзсіз. Бастауыш кластан бастап баланың жан
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
Жаңа ақпараттық технологияларды математика пәнін оқытуда пайдалану
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен
Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы
Интерактивтік технология - педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің мұғалімі Жаржанова Сюзанна Киібайқызы
Интеллектуалды ізденімпаз
Интеллектуалды ізденімпаз
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі: Жунусова Айгуль Дуйсекеевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×