Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұлдызды сағат (сайыс сабақ)

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
«Жұлдызды сағат» атты сайыс
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп
Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жоспары:
І тур «Өткел»
ІІ тур «Белес»
ІІІ тур «Ойлан тап!»
ІҮ тур «Асу кезең»
Ү тур «Физика тілінде сөйлесейік»
ҮІ тур «Кім жылдам»
ҮІІ тур « СЕРГІТУ СӘТІ»

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Физика» апталығының қорытынды кешіне арналған «Жұлдызды сағат» атты сайысқа қош келдіңіздер!

Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1 нөмірдегі сайыскеріміз 7 сынып оқушысы
2 нөмірдегі сайыскеріміз 7 сынып оқушысы

Әділ - қазы алқасына бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпаз болу шарт сол.
Еңбек етіп жалықпай,
Сәтті сапар тілеумен.
Сайысты біздер бастайық,
Көрсетіңдер өнерді,
Қарап қалма жасқаны, - дей келе сайысымызды бастаймыз

І тур «Өткел»
Қарап тұрмай өткелден өтіңіздер,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіздер,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Өткелден өтіп Белес турына өтіңіздер

Сайысымыздың І - кезеңі - «Өткел». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге физика пәніне байланысты сөйлемдер беріледі. Ия, жоқ деп жауап беріледі, 1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Ал, мұқият болыңыздар: жауап беру 2 мин.

1. Заттың үш күйі бар.(иә)
2. Температураны өлшейтін құрал - динамометр.(жоқ)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді.(иә)
4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі - Джоуль.(иә)
5. Мылтық жылу қозғалтқышына жатады.(жоқ)
6. Мұз ерісе энергия шығарылады.(жоқ)
7. Массаның өлшем бірлігі - килограмм.(иә)
8. Заттың қатты күйінен сұйық күйіне ауысуы - кристалдану деп аталады.(жоқ)

ІІ тур «Белес»
Адам - Алып таңғажайып ісімен,
«Белес» - ойын ой тастаған түсімен.
Зерделілер заманды алға жылжытсақ,
Физикалық заңдылықтар күшімен.

Бұл адамдар ардақтаған халықтар,
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Келесі кезеңіз - «Белес». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 1 сұрақтан беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 балл. Осы турдан кейін ұпай аз 2 - оқушы сайысымыздан шығады. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал, мұқият болыңыздар:

1. 1623 - 1662 жылдар аралығында өмір сүрген. Көптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым. (Блез Паскал)
2. Б. э. д. 287 - 212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)
3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)
4. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)
5. 1643 - 1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)
6. ХҮІІ ғасырдың басында ғана аспан денелерінің орбиталары шын мәнінде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты неміс астрономы 1571 - 1630 жылдары өмір сүрген ғалым кім болды ( Иоган Кеплер)
Ұпайы аз екі оқушымен қоштасамыз.

ІІІ тур «Ойлан тап!»
Келесі кезеңіміз“Ойлан тап!” кезеңі. Бұл кезеңде әр ойыншыға 4 жұмбақтан беріледі. Жұмбақты шешу арқылы өз қоржындарын толтырады. Әр жұмбақты дұрыс жауабы 5 ұпай. Дайын болсаңыздар бастаймыз. Ал, мұқият болыңыздар:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 141
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Роботтар әлемі
Роботтар әлемі
Сайыс мақсаты: Оқушылардың робототехника үйірмесі бойынша алған білімдерін ұшқырлау. Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Айбынды біздің әкелер
Айбынды біздің әкелер
Әкемен, бала мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және кез – келген жағдайдан шыға білетін жеке тұлға тәрбиелеу. - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, сайысқа қатысушы әкелер! Бүгінгі әкелер арасында өткізгелі отырған
География және әлем
География және әлем
ШҚО, Аягөз ауданы «Горный ЖББОМ» КММ география пәні мұғалімі Омарбаев Нұрлан Нұрахымұлы
"Көкпар" білім сайысы
"Көкпар" білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×