Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғарышкерлер күніне арналаған сайыс

14 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Мақсаты: Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш саласы туралы білімдерін молайту.
Пайдаланылған әдебиеттер: газет – журнал материалдары, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев т. б. ғарышкерлердің портреттері т. б.
Өтілу барысы: 1. Ұйымдастыру, 2. Баяндамалар, 3. Викториналар, 4. Көрініс көрсету, 5. «Әлемді өзгертер балалар арманы» фантастикалық суреттер конкурсы, 6. Жұлдыздық карта бойынша тапсырмалар, 7. «Тапқырлар» сайысы, 8. Қорытындылау.
Сайысқа 2 топ қатысады. І топ «Галактикалар», ІІ топ «Шоқжұлдыздар».
І жүргізуші: (Магнитофоннан Р. Рымбаеваның орындалуындағы «Құс жолы» әнінің музыкасы естіліп тұрады).
ХХ ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи - қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген атармен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдай беруі арқылы «Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – «ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұлының барып қайтуы.

ІІ жүргізуші:
Кеше: Елдігінің жұрнағы қалмаса да,
Құмар болды даңғаза, далбасаға
«Менікі, - деп, Байқоңыр!» кеуде қақты,
Маңайына бір қазақ бармаса да...
Баяндама: «Ғарыш және Қазақстан»
Бүгін: Сын сағаты соққанда арамызға, Талғат сізді ғарыштан құттықтады,
Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда
(Ерік Асқаров (Қазақстан ғасыры»)
Баяндама: Халық қаһармандары – Тоқтар Әубәкіров пен алған Мұсабаев

Викторина сұрақтары:
1. «Ғарыш айлағының» грек тіліндегі баламасы «космодорм» еді. Бұл сөздің қазақша мағынасы қандай? (Жылдам қозғалып барып ұшатын орын).
2. 1960 жылы 1 желтоқсанда ұшырылған үшінші ғарыш кемесі серігінде қандай тірі табиғат өкілдері болды? (Пчелка мен Мушка деген иттер, тышқандар, жәндіктер мен өсімдіктер).
3. «Восток» ғарыш кемесінен басқа кеңістікке аттанған қандай кемелерді білесің? («Восход», «Союз», «Колумбия», «Боран», «Союз – ТМ – 32»).
4. Қанша американдық астронавт Айға ұшты? (24 олардың 12 – сі Ай бетінде серуен құрды).
5. Ғарышкерлер отрядына келіп қосылған ұшқыш қандай арнайы дайындықтардан өткізіледі? (Олар теориялық астрономияны, физиканы, аспан механикасын мұқият оқиды, радиотехника, автоматика, телемеханика салаларын білімдерін жетілдіріп, дәрігерлік және дене шынықтыру дайындықтарының толық курсынан өтеді).

6. Неліктен космодром «Байқоңыр» болып аталған? (1961ж. 12 сәуірде Гагарин қазақ жерінен космос әлеміне ұшып шықты. ол бірден бірнеше дүниежүзілік рекордтар жасаған күні авиация және космонавтика халықаралық ұйымдары «Гагарин қайдан, нақты қай жерден ұшып шықты, оның рекордтарын ресми тіркеу үшін ұшқан жерін нақты айтыңыздар» деген талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жасағындағы Торетам станциясынан ұшқанын білдірмес үшін сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қаласындағы Байқоңыр деген елді – мекенді еске түсіріп, Гагарин ұшқан жерге соның атын бере қойған. Содан тұңғыш космонавт ұшып шыққан жер Байқоңыр деп аталып, қазақ сөзі әлемге таралып кетті).

7. Ғарышкерлер мен астронавттардың алдарында тұрған көкейтесті мәселелер. (Ғарышкерлер астроном – ғалымдардың арман-ойларын жүзеге асыратын жер өкілдері. Олардың алдында Қызыл ғаламшар – Марсты зерттеу, күн жүйесі кеңістігіндегі жалғыз көгілдір, тіршілікті ғаламшар – Жерді кеңістіктен туралап кездейсоқ келген астероидтар мен құйрықты жұлдыздардан және басқадай үлкенді – ұсақты аспан денелерінен дер кезінде қорғап қалу істері тұр. Марсқа ұшу 2015 – 2018 жылдардың айналасында орындалмақ. Оған да жол біздің Байқоңырдан тартылмақ).

8. Ғарыш игеріле басталғаннан кейінгі АҚШ - тағы 3 ірі апат туралы не білесің? (1967ж. 27 қаңтарда, алғашқы апат болса, «Аполлон – 1» кемесі жарылып, үш астронавт қаза болған, осындай қайғылы оқиға 1986ж. 28 қаңтарда болған. «Челенджер» кемесі жарылып, туған – туыстарына жаңа ғана шығарып салған астронавттардың өздерінен көрген. 2003 жылдың 1 ақпанында АҚШ - тың ғарыш саласы үшін қара әріптермен жазылды. Космос әлеміне шығып, 16 күн бойы жұмыс істеп, елге жетеміз деп келе жатқанда 60 км биіктікте, Жерге қонуға 16 минут қалған уақытта «Колумбия» кемесі жарылып кетті).

9. «Жер – адамның бесігі, бірақ адам биікте өмір бойы құндақталып жата бермейді ғой, Бір кезде ол аспанға шырқап ұшады. Және сол бірінші ұшатын адам біздің Кеңес елінің адамы болды!» деп айтқан кім? (Ұлы ғалым, космос ғылымының негізін қалаған Константин Эдуардович Циалковский).
10. Әлемдік рекордтарды тізетін Гиннесс кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім? Т. Мұсабаев. Ол 1994ж. 135 тәулік бойы космос әлемінде ұшып жүрді. 1998 ж орбитада 7 ай жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Бас – аяғы 30 сағатын космостың қара тұңғиығымен бетпе-бет өткізді).

І жүргізуші:
... Ай мен Күнді ардақтаған алашым.
Биіктерге баулитұғын баласың.
Көк дөненнен жүйрік қазақ көңілі,
Шарлайтұғын жұлдыздардың арасын.

1. Көрініс («Ұшқыш кілем» ертегісі бойынша) «Балалар арманы»
2. «Марстан келген қонақ».
Марстан келген қонақ: Саламатсыздар ма, балалар! Сабақтарың қалай, жақсы оқып жүрсіңдер ме? Сендерді сырттан біраз уақыт бақылап отырдым. Қызықты кеш өткізіп жатырсыздар - ау осы.
Балалар: Хош келіпсіз. Төрлетіңіз! Біздің сізден білгіміз келетініміз көп.
Марс: Ендеше сұрақтарыңызды қойыңыздар. Мен жауап беруге дайынмын.
Ендеше сұрақтарыңызды қойыңыздар. Мен жауап беруге дайынмын.

1 – оқушы: Марс планетасы туралы айтып беріңізші
Марс: Марс – Күнге ең жақын планета, ол Айдан әл үлкен. Біздің планетамыздың жұлдыздарға қатысты айналу периоды сіздердің 58 тәуліктеріңізге тең. Марс планетасы диаметрі бойынша Жерден 2есе кіші. оның бір жылы Жердікінен 2 еседей үлкен. Марста жағдай қатал. Экваторда жаздыкүннің өзінде температура 00С дейін сирек көтеріледі, ал түнге қарай шытынаған аязға ( - 700С, - 1000С) шейін төмендейді. Кей кезде марста бірнеше айға созылатын майда тозаңды дауыл болып тұрады. Марстың магнит өрісі жердікінен өте әлсіз.
2 – оқушы: Марс бетінде кратерлер бар ма?
Ендеше сұрақтарыңызды қойыңыздар. Мен жауап беруге дайынмын.
Марс: Әрине, бар. Оның беті кратерлерге толы, оның бетінде бірнеше алып вулкандар табылды, олар әлдеқашан сөнген. Олардың ең үлкенінің биіктігі 27 км болады.
3 – оқушы: Мен ғарышкер болғым келеді
Марс: Тамаша! Оған көп дайындық керек білесің бе?
3 – оқушы: Әрине
Марс: Білім, ынта, жігер, шыдамдылық өте қажет – ақ! Ондай қасиеттер бойыңнан табыла ма?
3 – оқушы: Иә
Марс: Қане, сенің біліміңді тексеріп көрейін. І ғарыштық жылдамдық қаншаға тең?
3 – оқушы: 8 км/с
Марс: Спутникті орбитада қандай күш ұстар тұр?
3 – оқушы: Ауырлық күші:
Марс: Жарадың
(Пауза. Тырс – тырс еткен дыбыс шығады).
3 – оқушы: Мынау не сигнал?
Марс: Кешіріңіздер, мені шақырып жатыр, бізде артық жүріс деген, бос іспен шұғылдану болмайды. Сондықтан менің уақытым тығыз, мен жаңа жаңалықтар ашу үшін уақытымды жұмсаймын. Сендер тамаша балақайлар екенсіңдер. (жүргізушіге қарап). мына сиқырлы сандықшаның ішінде белсенді оқушыларға арнап ала келген сыйлықтарым бар. Менің атымнан балаларға таратып бересіздер.
«Ғарышкер боламын» деген оқушының талабы жақсы екен. Ғарышқа көк туларыңыз желбірей берсін. Сәт, сапар, сіздерге достар! Сау болыңыздар!

3 – оқушы: Сау болыңыз!
Салған суреттері бойынша тапсырмалар:
1. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы көмегімен оңтүстік, батыс, шығыс көк күмбезінде 15 қыркүйек 20 сағатта қандай шоқжұлдыздар көрінетінін көрсету керек. (Жауап: Оңтүстікте – Бүркіт, Аққу; Мера. Шығыста – Пегас, Андромеда, Персей. Батыста – үлкен 7 қарақшы, сиыршы)
2. 5 қазандағы сағат 20 – да Персей, Андромеда, Пегас, Егіздер шоқжұлдыздары көріне ме? Көк күсбезінің қай бөлігінде? (персей, Пегас, Андромеда. Шығыста – егіздер көрінбейді).
3. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын 30 қазанның 0 сағ, 6 сағ, 12сағ, 18 сағ - қа қойып, оңтүстікте бақыланған екі, үш жұлдызды атау, жұлдызды аспанның түрінің өзгеру себептерін түсіндіру. (0 сағ – Кит, тоқты, 6 сағ – Гидро, шаян, 12 сағ – сиыршы, 18 сағ – ешкімүйіз, сілеусін, дельфин, аққу Жердің тәуліктік айналуының себебінен)
4. Жұдызды картада қандай шоқжұлдызды 5 қараша 22 сағатта солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс нүктелері арқылы қандай шоқжұлдыз өтетінін көрсету керек? (Тазылар – солтүстік нүкте арқылы, Кит – оңтүстік нүкте арқылы, Сыңар мүйіз – шығыс нүкте арқылы, Бүркіт – батыс нүкте арқылы).

«Тапқырлар» сайысы
1. Біз қазір жазғы уақыт деп жүрген ұғымды алғашқы рет француз жазушысы қандай ертегісінде айтып еді? (Шарль перро «Золушка» ертегісінде. Хан сарайында уақытын ұзарту мақсатында сарай сағатын 1 сағатқа кейін қоюға бұйрық берген болатын. Сөйтіп, Ш. Перро ХҮІІ ғасырда - ақ уақытты тұрмыс қажеті үшін өзгертуге болады деген идеяны ұсынған болатын. Бұны қазір көптеген елдерде пайдаланылады. Әр жылдың көктемінің басында жарық мезгілді тиімді пайдалану үшін уақытты 1 сағат алға жылжытады).
2. Бір қияли романда күннің кенеттен сөнуі мен барлық тіршіліктің өлуі суреттелген. Романның аяғында мынадай сөйлем бар: «Өлі жердің мұз басқан көңілсіз кеңістігін күміс Ай жарықтандырып тұрды». Бұл дастанның қателігі қандай? (Күн сөнсе, Ай да сенеді)
3. Ақпан айында 10 жексенбі бола ма? (Егер 1 – і алғашқы жексенбі болса 5 жексенбі болады. 1, 8, 15, 22, 29. Бұл жексенбілер бір орында өмір сүретін тұрғындар үшін. Саяхатшы үшін ақпан айында 10 жексенбі болу үшін Чукотка мен Аляска арасында апта сайын кемемен саяхат жасауы керек. Мысалы, Чукоткадан жексенбі күні шықса, Аляскаға сол күні жетеді. Себебі, Аляскада жексенбі болады).
4. Август деп аталатын 8 – ші айды біздің дәуірімізге дейінгі өмір сүрген Цезарь Август императордың құрметіне Август деп атаған. Жылдың сентярбрь, октябрь, декабрь айлары календардың 9, 10, 11, 12 айлары болып саналады. Бірақ олардың есімдері латын тілінің 7, 8, 9, 10 - шылары болып табылады. Мұндай сәйкес келмеушілік себебі неде? (Айлардың қазіргі есімдерін көне римдік календарда қолданған. Ол бойынша жыл 10 айға ғана бөлінген. Ай аттары ол кезде болмаған. Сөйтіп, сентябрь – 7 - ші, октябрь – 8 - ші т. с. с. айлар болған. Кейін бұларға 11 – ші, 12 – ші айлар (январь, февраль) енгізіледі де, жыл 12айдан тұратын болды. Б. д. д. 1 ғасырда Юлий Цезарь Рим календарында реформа жасады. Жыл басы 1 январьдан басталатын болды. Себебі, римдік елшілер 1 январда қайтадан сайланатын еді. Сөйтіп 1 январь жыл басы болды. Осыған сәйкес сентябрь – 9, октябрь – 10 орынға жылжып кетті).
5. Айға баратын экспедициясы басқару саған берілді делік. Сонда сіз төмендегі заттардың қайсысын алмаған боласыз? Не себепті?
1. скафандр
2. қайыс
3. фонарь
4. рупор (диктофон)
5. сіріңке
6. жұлдыздық карта
7. зонтик
8. пружиналы сағат
9. қара көзілдірік
10. флюгер

6. Күн жылына неше рет шығады? (Қойылған сұрақ орынсыз, себебі 1 жылда қанша тәулік болса, сонша рет шығу керек. Дегенмен, бұл жағдай орташа ендіктер мен экватор маңында тұратын тұрғындар үшін, ал 60, 50 - ден жоғары тұратындар үшін Күннің жазғытұрғы тоқырай мезгілінде күн горизонт астына түспей, бірнеше тәулік бойы батпайды немесе шықпайды. Бұл қысқы тоқырауда болады. Сөйтіп, бір жыл ішінде экватор маңында тұратындар үшін Күн шығу санын 2 есеге жуық кем күн шығу саны болады.
Тұрғын полюске жақындаған сайын күннің шығу саны дак кемиді. Полярлық тәуліктің ұзақтығы арта түседі. Жер полюсінде Күн жылына 1 рет шығады, яғни, жарты жыл бойына горизонт астында болады.
Сайысты қорытындылау.
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Оқушылар марапатталады.

ІІ жүргізуші:
Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін,
Жырға бөле даланың әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның Мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған сайысымызды аяқтаймыз!
Хош, сау болыңыздар!
11 211
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Байқоңыр – ғарыш айлағы
Байқоңыр – ғарыш айлағы
Балалардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары - қазақ ғарышкерлермен таныстыру. оқушыларға ғарышкер өмірінен мағлұмат беру, ойын дамыту. Ой - өрісін кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру
Қазақстанның ғарышкерлері
Қазақстанның ғарышкерлері
Ғарышкерлер туралы білетіндерін қорытындылап, нақтылау, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Ғарышқа қанат қаққандар
Ғарышқа қанат қаққандар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшаның бастауыш сынып мұғалімі Аркабаева Анар Амангалиевна
Ғарыш
Ғарыш
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Науалы ауылы, «Балбөбек балабақшасы» КММ - нің тәрбиешісі Байтикова Динара Сейтжанқызы
12 сәуір – Ғарыш  күні
12 сәуір – Ғарыш күні
Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
Ғарыш қонақтары
Ғарыш қонақтары
Кусаинова Самал Кемельевна Саға мектеп – бала бақшасы мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×