Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физикалық зымыран

15 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Тақырыбы: «Физикалық зымыран».
Мақсаты: Сыныптан тыс уақытта жарыс түрінде өткізілетін білім сайысы оқушылардың білімін шыңдап, пәнге деген қызығушылығын оятып, олардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы, аяулы ұстаздарымыз және сайысқа түсетін оқушылар!
Самға, ұшқыш!
Өлкемменен таныстырам,
Танымайтын жаныңмен табыстырам,
Бауырыңдай жандармен қауыштырам,
Көз алдыңда әр түсті экрандай,
Бір бояудан бір бояу ауыстырам.
Самға, ұшқыш!
Қазақтың көмегімен
Берерімді еліме беріп өтем,
Мынау алып ақ құстың қанатымен,
Кең өлкеме кетейін сеуіп өлең.

Ендеше, құрметті көрермендер, «Физикалық зымыран» атты сайысымызды бастайық. Сайысымызға әділ баға беріп отыратын әділ қазылар алқаларымен таныстырып өтсек.
Сайысымыз VII турдан тұрады.

I. Таныстыру.
II. «Ғарыш әлеміне саяхат».
III. «Ойлы орталық» ғаламшары.
IV. «Сиқырлы сатурн» ғаламшары.
V. «Білім маржандары» ғаламшары.
VI. Ғаламшарлар аралық «Құс жолы» мейрамханасы.
VII. Көңілашар керемет» ғаламшары.

I. Таныстыру. Әр команда өз тобын таныстырып өтеді.
II. «Ғарыш әлеміне саяхат». Әр топ билет суырып, Әр сұрақ 1 балдық жүйемен есептелінеді.
1 - билет: 1) Алғашқы ракета жобасын кім жасаған?
(К. Э. Циолковский)
2) Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (Галактика)

2 - билет: 1) Ғарыш айлағы (космодром) қай жерде орналасқан, қалай аталады? (Қазақстанда, Байқоңыр)
2) Ең алғаш қашан, кім ұшты? (12 сәуір 1961 ж.
Ю.. Гагарин)

3 - билет: 1) Ғарышқа ұшқан ең жас ғарышкер кім? (Г. С. Титов – 25 жаста).
2) Қазақстандағы ғарышкерлердің атын ата? (Тоқтар
Әубәкіров, Талғат Мұсабаев).

III. «Ойлы орталық» ғаламшары. (есеп шығару). Әр команда конверт таңдап алады. Бір есепке 3 баллдан беріледі.

I конверт: 1) Күш әрекетінен массасы 1 кг дене 10м/с2 үдеу алады. Осы күш массасы 0, 5 кг денеге қандай үдеу береді? (5м/с2).
2) Масссалары m1=100г және m2=50г болатын екі нүктелік дене бір - бірінен r=20м аралықта орналасқан. Олардың арасындағы өзара тартылыс күшін анықтаңдар.(8, 4*10 - 12Н)

II конверт: 1) 60 Н күш денеге 0, 8 м/с2 үдеу береді. Қандай күш осы денеге 2 м/с2 үдеу бере алады? (150Н)
2) Бір - бірінен r=10 - 16м аралықта орналасқан екі протонның гравитациялық әрекеттесу күші қандай?
Протонның массасы m=1, 67*10 - 27кг. (1, 86*10 - 32Н).

III конверт: 1) Старт кезінде жер бетінен 15 м/с2 үдеумен тік жоғары қозғалған зымырандағы массасы 80 кг ғарышкердің салмағын табыңыздар. (2 кН).
2) Әрқайсысының массасы 100 кг тыныштықта тұрға Шарлар бір - біріне 0, 1 Н күшпен тартылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан? (2, 58 мм).

IV. «Сиқырлы сатурн» ғаламшары. (Жұмбақ). Бұл тур капитандар сайысы деп аталады. Әр топтың капитандары шығып, Сұраққа жауап береді. Дұрыс жауабын тапқан топ капитанына жәшік ішінде жасырылған сыйлық беріледі.

Сұрақ: Керемет саяхатшы. Ол кім?
Көмекші сөйлемдер:
1. Бұл саяхатта 3 мың адам үміткер болды.
2. Ол жұмысшы, студент, агроклуб курсанты.
3. «Кеттік» деген тарихи сөз соныкі.
4. Ол әлемдік саяхатты жалғыз өзі атқарды.
(Гагарин)

V. «Білім маржандары» ғаламшары. (Сен не білесің?) Әр топ ұяшықты таңдап, сұраққа жауап береді.
А) Сұрақ: Неліктен атмосфераға шығарылған өндіріс қалдықтары ауаны ластап, таулардағы мұздақтардың азаюына әкеліп соғады?
Жауап: Себебі, шаң - тозаңдар мұздақтардың бетіне қонып,
олардың шапшаң еруіне әкеліп тигізеді.

В) Сұрақ: Терезенің әйнегін неге екі қабаттан жасайды?
Жауап: Себебі, терезе әйнегінің ортасында ауа болады. Ол жылуды нашар өткізеді. Сондықтан іштегі жылы ауа сыртқа шықпайды, сырттағы суық ішке кірмейді.

С) Сұрақ: Көктемде неге ағаш, тал - теректердің түбін ақтайды?
Жауап: Себебі, күн көзінен келіп түскен сәулелерді ақ дене шағылдырады. Сондықтан оларды күйдіріп жіберуден ақ бет сақтайды.

VI. Ғаламшарлар аралық «Құс жолы» мейрамханасы. (Формула). Әр топқа формула құрастырылған қағаздар беріледі. Сұрақ белгісі қойылып, жасырын тұрған физикалық шаманы орнына қою.

VII. Көңілашар керемет» ғаламшары. Барлық топқа бір логикалық сұрақ беріледі.

Сұрақ: Үш бригада қоймадан 7 толы бөшке жанармай, 7 жартылай толтырылған жанармай, 7 бос бөшке алды. Жанармайды бөшкеден бөшкеге құймай қалайша бригадаларға тең бөліп беруге болады? Бос бөшкелерді де қалай тең бөлуге болады?

Жауап: 1 бригада – 3 толы, 1 жартылай, 3 бос бөшке.
2 бригада – 2 толы, 3 жартылай, 2 бос бөшке.
3 бригада – 2 толы, 3 жартылай, 2 бос бөшке.

«Жер – Анаға оралу». Әділқазы алқалары өздерінің әділ бағаларын береді деп, сөз кезегін береміз.
Физика!
Физика ғылым болғалы,
Пайдасын елге тигізді.
Машина, темір арбаны,
Алысқа жылдам жүргізді.
Жол салып, көкті тілгілеп,
Шарлады Айды, Марсты.
Физиканы оқы білгің кеп,
Тұрса егер ғажап алысты.
Осымен «Физикалық зымыран» атты физикалық кешіміз аяқталды. Қатысушыларға, әділ бағаларын берген әділқазы алқаларына алғысымды білдіремін. Сау саламатта болыңыздар!!!

1) Күш әрекетінен массасы 1 кг дене 10м/с2 үдеу алады. Осы күш массасы 0, 5 кг денеге қандай үдеу береді?
2) Масссалары m1=100г және m2=50г болатын екі нүктелік дене бір - бірінен r=20м аралықта орналасқан. Олардың арасындағы өзара тартылыс күшін анықтаңдар.

1) 60 Н күш денеге 0, 8 м/с2 үдеу береді. Қандай күш осы денеге 2 м/с2 үдеу бере алады?
2) Бір - бірінен r=10 - 16м аралықта орналасқан екі протонның гравитациялық әрекеттесу күші қандай? Протонның массасы m=1, 67*10 - 27кг.

1) Старт кезінде жер бетінен 15 м/с2 үдеумен тік жоғары қозғалған зымырандағы массасы 80 кг ғарышкердің салмағын табыңыздар.
2) Әрқайсысының массасы 100 кг тыныштықта тұрған. Шарлар бір - біріне 0, 1 Н күшпен тартылса, онда олар қандай қашықтықта орналасқан?
9 866
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш әлеміне саяхат
Ғарыш, Ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
Бастауыш сынып оқушыларын математика - жаратылыстану бағытындағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы пәндерге қызығушылықтарын арттыру.
Қуат
Қуат
Оқушылардың белсенді жұмыс жасау қаблеттерін дамыту, білім деңгейлерін тереңдету, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Информатика әлеміне cаяхат
Информатика әлеміне cаяхат
Табиғи немесе қарым - қатынас үшін жасанды таңбалау жүйесі және ақпарат тарату – ауыз қуысының түбінде орналасқан бұлшық етті қимылы жақсы жетілген мүше. (тіл)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Интернет әлеміне саяхат
Интернет әлеміне саяхат
Информатика пәні мұғалімі: Бұзауова Айгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×