Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысым. Қысым бірліктері. Қысымды арттыру және кеміту тәсілдері

23 шілде 2013, Сейсенбі
Категориясы: Физика
Физика сабағында теориялық білімді практикамен ұштастыру

Оқушылардың политехникалық ой - өрісін кеңейту мақсатында оларға өте үлкен қысым
кезінде заттардың қасиеттері едәуір өзгеретіндігін айтқан пайдалы. Мысалға, 200000
атмосфера қысым арқылы алынған болат сым әдеттегі тарту әдісімен алынған сымнан
алынған бірнеше есе берік болады. Жасанды алмастарды жасау үшін(2700 0С температура шамасында) 100000 атмосфераға дейінгі қысым керек болады. Совет физиктері миллионнан да көп атмосферадан асатын үлкен қысым алу жолдарын тапты. Өте үлкен қысымдар әр түрлі жолдармен, оның ішінде жарылыстың көмегі арқылы да жасалады. Осы қысымдарды қолдану арқылы тек қана ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің гидродинамика институтында, таң қаларлық қасиеттері бар, толып жатқан әр түрлі металдар мен қорытпалар жасалынды. Мысалы, оқулықта баяндалған материал логикасы бойынша “күш әсерінің нәтижесі” күштің абсолюттік шамасына да және күш әсер ететін беттің ауданына да байланысты екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда өзара әсер еткендегі денелердің деформациясы “күш әсерінің нәтижесі ” деп ұғылады.
Ауыр жүк көтерген адамның жүксіз адамға қарағанда, шаңғысыздың - шаңғылыға қарағанда, қарда терең батып кететіндігі өмірдегі тәжірибеден оқушыларға жақсы белгілі.
Оқушылардың бақылаулары демонстрациялап, көрсету мен толықтырылады: кішкентай үстелшені (аяқтары құмға біраз батады. ) дымқыл құмға қойып және оның үстіне гир қойса, үстелшенің аяқтары құмға біраз батады. Бұдан кейін үстелшенің бетін төмен қаратып аударып, оның үстіне сол жүкті қойса, үстелше құмға азғана батады.

Демек, тіреуішке түсетін күш әсерінің нәтижесін толық сипаттау үшін, күштің абсолют шамасы мен сол күш әсер ететін тіреуіш ауданын бірдей есепке алу керек. Бұл үшін аудан бірлігіне келетін күш шамасын есептеп шығарады. Сонымен физикалық шаманың - қысымның енгізілуі қажетілігін негіздейді. Қысым бірлігі ретінде 1Н/см2және 1Н/м2 көрсетіледі. Соңғы бірлік көрнектілеу және керек жағдайда шамамен физикалық және техникалық атмосфераның мәнін бере алады.
Анықтамадан мына формуланы жазуға болады; қысым= күш/аудан немесе P=F/S
«Паскаль» дегеніміз - өзіне қатысты ауданы 1м2 қалыпты бетке бір қалыпты таралған 1Н күш тудыратын қысым. Халықаралық белгісі Ра, орысша Па. Осыған байланысты «Физика сабағында теориалық білімді практикамен ұштастыру бағытында» 7 - класта қысым тақырыбын мына түрде өттім.

1. Сабақтың тақырыбы:§ 33, 34. Қысым. Қысым бірліктері. Қысымды арттыру және кеміту тәсілдері (7 сынып)
2. Мақсаты:
а) білімділік: а) берілген беттің ауданына перпендикуляр түсірілген күштің осы ауданға қатынасы қысым туралы.
б) Қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін тәжірибе жүзінде түсіру
б) тәрбиелік: Білім мен біліктілікті меңгеру нәтижесін тексеріп, оқушылардың жетістіктерін талдау.
в) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, таным пәнге деген қызығушылығын арттырып, оларды проблемалық сұрақтарды шеше білуге және өздігінен зерттей алуға дағдыландыру.
3. Сабақтың әдісі: проблемалық, ішінара - іздену, демонстрациялау, әңгімелеу, трек - сөз, асоц
«БҰҰ кестесі» стратегиясы, мадақтау.
4. Типі: Жаңа материалды игеру.
5. Түрі: Аралас, ойын, саяхат сабақ
6. Формасы: жеке, топтық ұжымдық.
7. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан картасы, карточкалар. Буклет, сурет, плакаттар. Паскаль сурет, варонка, құм, шеге, түтік, су, спиртовка, колба, штатив. Трех - схема, магнитофон.

8. Пән аралық байланыс: математика, география, әдебиет, 3 - кл дүниетану
9. Өмірмен байланыс: Қысымның табиғатта, техникада, тұрмыста қолданылуы.
«Қазақстан - 2030» стратегиясы.

Сабақтың өткізілу барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, түгелдеп сабаққа даярлап аламын.
2. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпқа шолу жасау.
Тренинг сабағы.
Тренинг дегеніміз - белгілі бір тақырыпта өткізілетін жеке сабақтың бір түрі. Тренингке
қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек. Тренинг сабағының ерекшелігі.
1) Оқушылардың сабаққа өз еркімен белсене қатысуы.
2) Оқушылардың өз білімдерін көрсете білуі.
3) Оқушылардың топпен жұмыс істеуі.
4) Логикалық ойлау қабілетінің дамуы.
5) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы.
1) Сергіту ойыны «Кім жылдам»

Күш

динамометр
ауырлық күш
серпінділік күші
тыныштық үйкеліс күші
физикалық шама
ағылшын ғалымы Ньютон

2.) Сауалнама сұрақтар «Физикалық жұмбақ» шешу
а) Өзі затты құрайды, теңдеуге таразыны сұрайды (масса)
б) Аса қажет өмірге, халық үшін, пайдаланам күн сайын жарық үшін (шамдар)
в) Қозғалысқа келтіріп, жылдамдығын береді,
Өлшемдерін қарасаң, Ньютонға ол келеді (күш)
3). Физикалық лото. «Сен формула білесің бе?»
Тақтадағы формуланы дәл тауып орналастыру керек. Мысалы Ғ=mg, P=m/v, v=s/t, P=mg.
= = =
4) 2030 жылғы сапар.
Оқушыларды екі топқа бөлдім. Қыз бала және ер балалар тобы. Оқушыларға мынадай сұрақ берілді.
Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
1. Қыз қуу 4. Көкпар тарту. 7. Орамал тастау.
2. Аударыспақ. 5. Тоғыз құмалақ 8. Арқан тарту
3. Асық ойнау 6. Ақ сүйек 9. Алтыбақан
Бірнеше түрлері айтылады. Соның ішінде біз «Қыз қуу» ойынын ойнадық. Алдымен ойын шарты айтылады.
Қазақстан картасынан Қызылорда облысынан бастап, Астанаға дейін жарысып бару. Картаға өзен, көл, Сырдария, Бетпақдала, Алатау, кіші тау және көк байрақ бейнеленген
карточкалар ілінді.
1) Қызылорда обылысы.
Оңтүстік батысында Сырдария өзенінен өту керек. Магнитофоннан «Адай» күйін беріліп тұрды. Дариядан өту үшін біздің атымыз Қобыланды батыр жырындағы Тайбурылдай болу керек. Кім осы жерден үзінді айтып бере алады? Ескендірова Гүлнұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физикадан ЕНТ - ға тест
Физикадан ЕНТ - ға тест
Физикадан ЕНТ - ға тест
Қатынас ыдыста. Су құбыры
Қатынас ыдыста. Су құбыры
Тұрмыстан, өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, өмірге бейімділігін арттыру.
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарысай негізгі мектебінде физика пәні мұғалімі Айнур Акильжанова Сагиевна
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің физика пәні мұғалімі Жарқынбаева Майра Нұрғалиқызы
Қысым тарауына есептер шығару
Қысым тарауына есептер шығару
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, №1Зеренді орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Шарипбаева Айнұр Амангелдіқызы
Атмосфера және атмосфералық қысым
Атмосфера және атмосфералық қысым
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №5 ЖББО мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Акашаева Ләззат Садыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×