Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшылары (сайыс)

06 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
«ХХІ ғасыр көшбасшылары» атты сайыс (8 – 10 сыныптар арасында)

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп
Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшылары» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз деп ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз:

Ал, оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап
сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

8 -сынып:
9 - сынып:
10 - сынып:

Біреуінің жүрегінің түгі бар.
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар - деп

Сайысымыздың І кезеңі - «Бәйге». Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал, мұқият болыңыздар:
8 - сыныптар үшін
1. Қандай заттарда диффузия болады? (Газ тәрізді, сұйық және қатты заттарда)
2. Көктайғақта жолға неге құм себеді? (Үйкеліс күшін арттыру үшін)
3. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы (жылу мөлшері)
4. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты? (атмосфера)
5. Массасы 10 кг дененің салмағы қанша Н тең? (98Н)
6. Қай физикалық шама массаның көлемге қатынасына тең? (тығыздық)
7. Қандай екі физикалық шаманың өлшем бірліктері бірдей? (Жұмыс және энергия)
8. Х. Ж қатаңдықтың өлшем бірлігі? (Н/м)
9. Динамометр нені өлшейтін құрал? (күшті)
10. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу)
11. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым. (Торричелли)
12. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)
13. Рычаг ережесін тағайындаған кім? (Архимед)
14. Желсіз ауада гүлдер мен шөптердің хош иісінің таралуы қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі. (Диффузия)
15. Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)

9 - сыныптар үшін
1. Қарындашты өткір пышақпен және өтпес пышақпен бірдей күш түсіре отырып ұштасақ екеуіне бірдей қысым түсірдік деп айта аламыз ба?
(Өтпейтін пышақпен көбірек)
2. Дене көлемін сақтап, бірақ формасын жеңіл өзгертті. Дене жасалған зат қандай агрегаттық күйде? (сұйық)
3 Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы. (инерция)
4. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)
5. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
6. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (кебу)
7. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
8. Электр заряды жоқ бөлшек. (нейтрон)
9. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама. (жылдамдық)
10. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (механикалық қозғалыс)
11. Ньютонның 1867 ж. бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не? (Алма)
12. Тұзды суда жұмыртқа бата ма? (жоқ)
13. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. (масса)
14. «Инерция»-ның қазақша баламасы не? (әрекетсіздік)
15. Жерді айнала қозғалған жасанды серіктерге жердің тартылу күші әсер ете ме? (иә)

10 - сыныптар үшін
1. Кебу процесіне кері процесс (конденсациялану)
2. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі (жылу өткізгіштік)
3. Балқу кезінде ішкі энергия қалай өзгереді. (артады)
4. Изотермалық процесс кезінде газға 2*108 Дж жылу мөлшері берілген. Газдың атқаратын жұмысы? (2*108 Дж)
5. Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі. (деформация)
6. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі. (конвекция)
7. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік)
8. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)
9. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесу, елеусіз аз болатын газ. (идеал газ)
10. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерге қандай шама бірдей болады? (Тоқ күші I)
11. Ток бағыты қай полюстен қай полюске бағытталады.
(Дұрысында «-»- тен «+»- ке, бірақ есеп шығарғанда ыңғайлы болғандықтан «+» - тен «-» - ке алу келісілген)
12. Электр шамын ойлап тапқан кім? (Джозев Сван)
13. Ауаның ылғалдығын өлшейтін құрал (психрометр)
14. Электр шамының сымы неден жасалған (вольфрам)
15. Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым. (Рентген)

ІІ - кезең. Көкпар.
Адам - Алып таңғажайып ісімен,
«Көкпар» - ойын ой тастаған түсімен.
Зерделілер заманды алға жылжытсақ,
Физикалық заңдылықтар күшімен.

Бұл адамдар ардақтаған халықтар,
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,
Алыптарды әрқашанда танып қал.

(5, 10, 15 - ұпайдан)
10 - сыныптар үшін
1. Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)
2. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)
3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)

9 - сыныптар үшін
4. Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады. (Шарль Огюстан Кулон)
5. 1643 - 1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)
6. Ең алғашқы әйел математик? (С. Ковалевская)

8 - сыныптар үшін
7. Б. э. д. 287 - 212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)
8. Физика тарихында «Екінші ұстаз» атанған біздің ұлы бабамыз?
(Әбу Насыр әл - Фараби)
9. 1543ж «Аспан сфераларының айналуы туралы» еңбегі жарық көрген және гелиоцентрлік жүйені жасаған ұлы поляк ғалымы?
(Николай Коперник)

ІІІ - кезең. Полиглот.
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
7 ұпай, шәкірт саған несібе. (Белгі беру керек)

1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток, ток, current [каррент])
2. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді
Бірақ өзі көрмейді. (компас, compass [кампәс])
3. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады. (магнит, magnet [магнет])
4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп, telescope [телискоуп])
5. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды (сағат, часы, clok [клок])
6. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш, сила, strength [стрензсі])
7. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия, энергия, energy [енеджи])
8. Жоқ өзінде бас та, қаста, мойын да
Ұзындығы жағулы тұр бойында (сызғыш, a ruler /айрулер/)
9. Суға салсаң батпайды
Отқа салсаң жанбайды (мұз)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 886
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, С. Абланов атындағы орта мектебі Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
География және әлем
География және әлем
ШҚО, Аягөз ауданы «Горный ЖББОМ» КММ география пәні мұғалімі Омарбаев Нұрлан Нұрахымұлы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Дарын" мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мусина Камшат Мажитқызы
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Жұлдызды сағат (сайыс сабақ)
Жұлдызды сағат (сайыс сабақ)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің физика пәні мұғалімі Жиембаева Гулмира Искендировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×