Физика 9 сынып
Сабақтың аты: §28 - 29 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс.
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты: ▪ Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс жайлы мағлұмат беру
▪ Еркін және еріксіз тербелістер. Резонансты күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
▪ Өзін - өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже ● Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс жайлы мағлұмат алады
● Еркін және еріксіз тербелістер. Резонансты күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді.
● Өзін - өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Еркін тербелістер деп дене тепе - теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.
Еркін тербелістердің жиілігін жүйенің меншікті тербеліс жиілігі деп атайды.
Еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.
Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудаларының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.
Тәжірибе:
Зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты түрде өзгеруін электромагниттік тербелістер деп атаймыз. Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контурда алуға болады.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Сам орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Сембіғалиева ЛәйлаТолық нұсқасын жүктеу