Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасөспірімділердің аутодестуркивтік мінез-құлқының алдын-алу жұмысы

12 желтоқсан 2014, Жұма
Категориясы: Психология
Жасөспірімділердің аутодестуркивтік мінез-құлқының алдын-алу жұмысы
Тренинг
Тақырыбы: «Махаббат-өмір өзегі» (9, 10, 11 сынып)

Мақсаты:
- оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін ашу;
- жасөспірімдердің өзін - өзі бағалай білуге және өз іс - әрекетін түсіне білуге жағдай тудыру;
- оқушылардың өзін - өзі анықтап, ашыла түсуін дағдыландыру.
Әдістері:
• Тақырып бойынша дәріс беру (таныстырылым)
• Психодиагностикалық тексеру.
• Әлеуметтік - психологиялық тренинг: тақырып бойынша талқылау, әңгімелесу, ойын элементтері.
Берілген уақыт - 45 ми¬нут
Керекті құрал - жабдықтар:
Проектор, экран, таратпа материалдар, тест материалдары.
Жұмыс барысы:
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Сәлемдесу.
Жаттығу. «Менің екі жаным» Жүргізуші оң қолын беліне қойып, мен сынып жетекшімді жақсы көремін, сол қойын беліне қойып, мен өтірік айтқанды жек көремін. Осылайша шеңбер құрастырылады.
Жұптарға бөлу. Екі оқушы таңдауы арқылы мына жазылған тақырыптар бойынша бөлініп отырады. (ақылдылар, сұлулар, сымбаттылар, мықтылар, арулар, намысшылдар, сенімділер, қымбаттылар, жеңімпаздар, ойынпаздар, оқымыстылар)

Негізгі бөлім.
Таныстырылымды көрсету. (тақырып бойынша қысқаша мәлімет беру)
Практикалық бөлім
Р. Рождественскийдің «Махаббат шуағы» атты өлеңін оқу.
Бәрінің бастауы - махаббат!
Жаныңда нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы – мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі,
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат!

Бәрінің бастауы – Махаббат!
Махаббат! Мен оны айнытпай білемін.
Бәрі де, ал тіпті жек көру тілегін –
Өзіңмен бір туған қандастай,
Махаббат нұрына бөледі жүрегің.

Көктем кеп: «Өмір сүр...» дегенде,
Тербелдің Махаббат - кемеңде.
Керілдің көк тіреп иығың.
Махаббат нұрынан бастау ап жөнелдің.
Бәрінің бастауы – Махаббат!

Ой ашар. «Кластер» әдісін қолдану арқылы «Махаббат» сөзінің мағынасын ашу. Пікірлесу. Оқушылардың ойымен санасу. Әр оқушының сөйлеуіне мүмкіндік туғызу.
Өзімізді бағалау үшін және өз өмірімізді бағалау үшін махаббат қалауын сезіну керек. Егерде, адамдар өзін жақсы көрсе, біреуді жақсы көре алса және өзінің бір бөлшек екенін сезінсе кез - келген мәселелер оңай шешімін тауып отырады.

Сауалнама:
1. Сен кімге қарап үлгі аласың?
2. Кіммен ашық сөйлесе аласың?
3. Қиын сәттерде кіммен бөлісесің?
Сауалнамаға жазбаша жауап бергеннен кейін ауызша әңгімелесу өткізу.

Жаттығу: «Қақпан және жабық шеңбер»
Мақсаты: адамның кез - келген уақытта мәселенің шешімін таба білуге үйрету.
Барысы: Екі шеңбер құрылады. Ортада тұрған шеңбер - адамдар, ал сыртқы шеңбер - қақпан болып есептеледі. Ортадағы адамдардың мақсаты түрлі әдістерді қолданып, сыртқа шығу. Сыртқы шеңбердің мақсаты, қаншалықты адамдардың тырысқанына байланысты босату.
Ойыннан кейін қатысушылардың сезімдерін тыңдау, талқылауға салу.

Қорытынды: Адамдар бір мәселені түрлі әдістермен шешеді, біреулеріне оңай келсе, кейбіріне қиындыққа әкеледі. Сондықтан жабық шеңберде қалып кете барады. Сол себептен қандай да қиындықты жеңе білуге тырысу керек.

Жаттығу: «Өмір туралы метафора»
Мақсаты: адамдардың көпшіліктің ойымен емес, өзінің жүрек қағысымен, өзінің қалауымен жүруге дағдыландыру.
Барысы: Мен, қолыма әдемі мүсінді ұстап тұрамын. Оны мақтап көрсетемін, оған мінездемені барлығы береді. Оның қасиеттерін, жасалу жолдарын айтамыз. Барлық жақсы жағын атап болған кезде, мен қайтадан мұның жаман қырынан аша бастаймын. Сол уақытта мүсінді байқатпай жерге құлатып жіберемін. Ол сынады, басқалар бәрі мұңаяды, ойларымен бөліседі.

Қорытынды: Адамның өмірі мына бір әдемі мүсін сияқты емес, оны қайтадан жинауға келмейді, сол себептен өмір деген тамаша, тек қана оны көріп, сезу керек екенін ұмытпау қажет.

Жаттығу: «Махаббат ағашы»
Әр оқушы өзіне ұнайтын адамның ұнамды жақтарын жазып, оны не үшін жақсы көретінін білдіріп, ағаштың бұталарына іледі.

Рефлексия: Мырзагелді Кемелдің мына бір нақыл сөзімен бүгінгі кездесуді аяқтаймын.
«Өмір сүру формуласы: жеңіс пен жеңіліс - кезек. Сәтсіздік, жайсыздық, тіпті бақытсыздық та кездесіп қалуы мүмкін. Олардың бәрін де көңілге ауыр алмаған мақұл. Оны тек тәжірибе деп қабылдап, адам өзіне байланысты жағын қайталамауға тырысса – жетілуге ұмтылғаны.
Мәселені «Өмір сүруге зияныңды тигізбе» деп қойған дұрыс. Ол: рұқсат, өмір сүр, ізден, қимылда, ойлан дегені.
Кері байланыс орнату. Оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша ой - пікірлерін білу.
Бағалау: «Термометр» әдісін қолдану.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 100
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру. Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Махаббат — өмір өзегі
Махаббат — өмір өзегі
Бәрінің бастауы – Махаббат! Жанына нұр сепкен шапағат. Еңбектің рақатын сездірген, Гүлдерге құлпыртып түр берген.
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөз туралы түсінік. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер
Оқушыларға еліктеу сөз туралы толық мағлұмат бере отырып, жасалу жолдарын іс әрекетте орындау, мысалды талдау арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Құдіретті Жер - Ана
Құдіретті Жер - Ана
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ - нің психологы Мизамитова Бакытгул Масалимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×