Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Бейімделу кезеңін психологиялық қолдау (ата-аналар жиналысы)

24 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
1 қыркүйекте мектепке келген бесінші сынып оқушысы үшін көптеген заттар жаңа болып көрінеді. Сондықтан бейімделу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда бала қандай қиындықтарға тап болады?
Бастауыш мектеппен салыстырғанда бесінші сыныпта оқыту шарттары түбегейлі өзгереді:
1. Балалар негізгі бір мұғалімнен сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ауысады, жаңа мұғалімдер әр баланың ерекшеліктері мен оқу мүмкіндіктерін әлі біле қоймайды;
2. Сабақтар әр кабинеттерде өткізіледі;
3. Кейбір балалар басқа мектептерден ауысып келді немесе басқа қалалардан келді, яғни ұйым ортасын ауыстырды;
4. 5 сыныпта оқу жүктемесі қосылды.
Зерттеу бойынша оқушылар бесінші сыныпта оқудың басында бірінші сыныпта оқығандай сипаттағы жаңа оқу жағдайларына бейімделу кезеңін бастан кешеді.
Нәтижесінде оқушының психикасына жүктеу артылады.

1. Оқыту шарттарының өзгеруі.

Сондықтан бір балалар сезімтал, мазасыз, біреулері керісінше еркін, тынымсыз болады. Олардың еңбекке қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салғырт болуы мүмкін. Кейде ұйқысы мен тәбеті бұзылады.
Осындай жүйелі ауытқулар оқушылардың 70 - 80% тән.
Көбінде осындай ауытқулар бірыңғай сипатта болады және оқу басындағы 2 - 4 аптадан кейін жойылады. Бірақ кейбір балаларда бейімделу кезеңі бірнеше айларға созылуы мүмкін.

2. Үй жұмысын орындау туралы мәселе.
Неліктен бесінші сыныпта үй жұмысын орындау мәселесі қиындайды?
Біріншіден, балалардың әр мұғалімдермен оқытыла бастауы себеп болады. Әр пәннің үй жұмысын дайындаудағы өз ерекше талаптары бар. Егер оқушы оларды білмесе, егер оларды игере алмаса, ол үлкен қиындықтарға тап болып, оқу нәтижелеріне, оның физикалық және эмоционалдық күйлеріне де ықпал етеді.
Екіншіден, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасы жағдайы өзгереді.
Бастауыш сыныпта бала бір мұғаліммен қарым - қатынасқа қабілеттенсе, енді орта буында оқуда көптеген ересектермен қатынасқа түсетін болғандықтан, оның міндеттері қиындай түседі. Ол қатынас ылғи да және бірден жағымды бола бермейді: бала мұғалімге артық сұрақ қоюдан қорқады, түсінбеген сұрақтарын, параграфтарын, тақырыптарын жасырып қалады. Осының бәрі үлгерімнің күрт төмендеуіне әкеледі.
Үшіншіден, бастауыш сыныпқа қарағанда үй жұмысының мазмұны да өзгереді. Бастауыш сыныпта көбінесе оқушылардың жазу, оқу, санау дағдыларын дамытуға (қайталауға) бағытталған, 5 сыныпта үй тапсырмалары пайымдау, талдау, өз бетімен қорытындыға келу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Ойлауға өз миларымен жұмыс істеу — жақсы ұйымдастырылған ұй жұмысы осыған үйретеді.
Үй тапсырмасындағы ең қарапайымы – ол өткен материалды сөзбе сөз қайталау болып келеді.

3. Мектеп өміріндегі қиындықтар.
Кіші жасөспірімнің сәтті бейімделуі оның интеллектік дайндығына ғана емес, сонымен қатар сыныптастарымен және мұғалімдермен қаншалықты қарым - қатынасқа түсе алатынына, мектеп ережелерін ұстана алуына, жаңа жағдайларда бағыттала алуына да байланысты. Сондықтан балалардың мектеп өміріндегі қиындықтарға келесілерді белгілеуге болады

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 501
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу мәселесі
Ата - аналарға баланың мектепке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері, бала тәрбиесіндегі отбасы қарым - қатынасының рөлі, ата - ана ескеруге тиісті жағдайлар жөнінде түсінік беру арқылы ата - аналардың психологиялық біліктілігін арттыру, мектеп
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөніндегі есебі
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады.
Математика пәні бойынша бақылау жұмыстарының жинағы (6 - сынып)
Математика пәні бойынша бақылау жұмыстарының жинағы (6 - сынып)
Математика пәні бойынша бақылау жұмыстарының жинағы (6 - сынып) 5 - сыныпта өтілген тақырыптарды қайталау.
Математикадан бақылау жұмысы 6 сынып
Математикадан бақылау жұмысы 6 сынып
Оқушылардың бесінші сыныпта игерген білімдерін тексеру, бағалау.
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейі (ата-аналар жиналысы)
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейі (ата-аналар жиналысы)
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейі (ата - аналар жиналысы)
Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы
Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы
Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×