Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен өмірді сүйемін тренингі

11 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Психология
«Мен өмірді сүйемін» тренингі
Мақсаты: Тренинг қатысушыларына “Өмірді сүю” және оның мәні туралы түсінік беру. “Мен өмірді сүйемін” сенімін орнату. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру.

Тренинг барысы:
1. Тренингке қатысушылармен сәлемдесу.
2. «Мен өмірді сүйемін» танысу жаттығуын орындау. Шаттық шеңберін құра отырып, әрбір қатысушы «Мен өмірді сүйемін» деп өзінің аты - жөнін мен мектебін кезектесіп айтып шығады.
3. Сергіту сәтін орындау. Бейнетаспа арқылы мұғалімдерді «Қызыл өрік» биіне билету.
4. Тренинг қатысушыларына өмір жайлы өлең оқу.
Өмір жайлы сұрай берме сен менен
Өмірді мен жете зерттеп көрмегем
Өмір жайлы білгің келсе қартқа бар
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Өмір жайлы не түсінем мен деген,
Өмір жайлы сұрай берме сен менен
Біреу жылап, біреу неге көңілді
Содан барып сұра сен өмірді
Сонда ғана түсінесің өмірді.

Өмір қас - қағым сәтте өте шығатын ағынды өзен секілді. Осы өмірдегі адамдар бір - бірінің қадірін біліп, бір - біріне қамқор, қайырымды, мейірімді болуы керек. Өмірдің, жақын адамдардың, достарымыздың, балаларымыздың құндылығын сезінуіміз керек!

5. Әңгімелесу сәті: "Ойланайық, пікірлесейік!" айдары.
Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір адамға несімен қымбат?
Сіздің өмірдегі мақсатыңыз қандай?
Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?
Сіз өмірді сүйесіз бе? Сұрақтарын мұғалімдерге қойып, пікірлесу.

6. Мұғалімдерге «Қолсыз және аяқсыз» мүгедек адамның биі бейнетаспасын көрсету.

7. Инклюзив терминін мұғалімдерге түсіндіру.
инклюзив – қамтитын, лат. – қамтимын – барлық балалардың түрлі қажеттіліктеріне бейімдеу тұрғысынан барлығы үшін қол жетімді болуды көздейтін жалпы білімді дамыту үдерісі, бұл білімді ерекше қажет ететін балалардың да білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім балаларға бағытталған және барлық балалар – оқуда түрлі қажеттіліктері болатын индивидуумдар деп танитын әдістемені дамытуға ұмтылады. Инклюзивті білім оқудағы әртүрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін икемді болатын оқыту мен оқу тәсілдерін жасауды көздейді. Инклюзивті білім енгізетін өзгерістердің нәтижесінде оқыту мен оқудың тиімділігі артса, (ерекше қажеттіліктері бар балалар ғана емес барлық балалар ұтады.

8. «Мүгедек балаларға арналған» бейнетаспасын мұғалімдерге көрсету.
Инклюзивті білім жүйесін дамыту слайд бетін көрсетіп, түсіндіру.
2015 жылға қарай:
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
• мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі əзірленеді;
• түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
• мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары əзірленеді.
2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен жəне басқа да арнайы компенсаторлы құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.

9. "Қауымдастық" ойыны.
Тренингке қатысушы мұғалімдермен шаттық шеңберін құру. Оң қолдың алақанын жұмып, бас бармағын шығарып төмен қаратып, келесі мұғалімнің жазылған сол алақанына қою керек. Ал сол қолдың алақаның келесі мұғалімнің жұмылған алақанының бас бармағының астына қою керек. «1, 2, 3» рет санап, 3 деп айтқанда сол алақанды жұмып қалу керек. Осылай екі рет, екі қолды кезек ауыстыруға байланысты орындалады. Содан кейін барлық мұғалім оң қолдарын қойып, одан кейін сол қолдарын қойып, барлығы бірге жүргізуші тілегін айта отыра аспанға қолдарын көтереді.
10. Қорытынды.
16 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бар әлем – мен үшін
Бар әлем – мен үшін
«Бар әлем – мен үшін» апталығы. Апталық аясында мектептегі психологиялық қызмет өз жұмысында «Мен өмірді таңдаймын!» атты тренинг - жаттығуды 5 - 11 сынып оқушыларымен бір апта бойы өткізді.
Мен өмірді қалаймын
Мен өмірді қалаймын
Ұран Жас жанымды жаралама, есірткіге жолама. Денсаулығың саған керек өз - өзіңді тонама.
Өмір мен сені сүйемін
Өмір мен сені сүйемін
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
Технология пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар
Технология пәнінен қысқа мерзімді жоспарлар
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Дүйсенбекова Гүлмира
Өмірді таңда
Өмірді таңда
Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң
Өлеңдер (оқушы шығармашылығы)
Өлеңдер (оқушы шығармашылығы)
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай ауылы Құмсай бастауыш мектебінің 4 - сынып оқушысы Жайшылық Гүлден Жәнібекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×