Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәулесі мен санаңның жігерленсін талабың

18 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Психология
Ашық сабақтың тақырыбы: Сәулесі мен санаңның жігерленсін талабың
Мақсаты:
- оқушыларға ерік – жігер, күш – қуат, сана - сезім тәрізді құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Оқушыларды өз өміріне жауапкершілікпен қарай алуға, күш - жігерін ырықты түрде толық пайдалана алуға үйрету;
- Оқушылардың ерік - жігерін, күш - қуатын саналы түрде арттыра алу дағдыларын дамыту;
- Оқушылардың табандылыққа, төзімділікке, жігерлілікке, қажырлыққа, ерік - күштің мықтылығына тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:
Ерлікке шақыру
Сөзі мен әні. М. Шахановтікі
Міне, саған ойланатын келді күн,
Азамат боп атқа міндің сен бүгін.
Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда,
Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің.

А - а - а
Бозбала,
Қанатыңды талдырма,
Алай - түлей жаңбырда,
Тізгініңді беріп қойма тағдырға,
Қуанышым.
Жан - тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің

Мәтінмен жұмыс:
Берілген мәтінді мұғалім үлкен ықыласпен оқуды ұсынады. Тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушылар мәтіндегі негізгі ойды жинақтап, олардың құндылықты мәнін өз пікірімен пайымдайды. Оқушылар жігер туралы өз ойларын айтып, аңыз әңгімедегі әркімнің өз ісіне лайық күш иесі екендігіне назар аударады. Ең бастысы дүниедегі ең күштінің адам екендігін түсінеді. Мәтінді үйде қайталап оқуды тапсырады.

Күш қайдан келеді?
Автор: Мал қарай шыққан бір бала жуан дөңнің етегіндегі саздың қара батпағына батып жатқан тайыншаны көреді де, жүгіріп қасына барады. Сүймелеп шығарып алғысы келіп еді, бірақ қозғалтуға шамасы жетпеді. Баланың бұл ісін ағашта қонақтап отырған бір құзғын көріп тұрған еді.
Бала: Жойқын күшім болар ма еді, шіркін! Дүниедегі нағыз күшті кім екен?.. Күшті болу үшін не істеу керек сонда?
Құзғын: Күллі әлемге жарық сеуіп, төбесінен қарап, бақылап тұрған Күннен күшті кім болушы еді.
Бала: Ей, отты Күн!.. Сен айтшы, асқан күшті екенің рас па?..
Күн: Жоқ, олай емес, менен де күшті бар.
Бала: Сенен де күшті кім ол?
Күн: Аспанды кезген анау көкала бұлттар менен күшті, сырғып келіп, бетімді жауып көлегейлесе, әрі қарай қозғалтып жіберуге шамам жетпейді. Олар менен де қайратты, жігерлі - ау деймін.
Бала: О, жөңкіген бұлттар, айтыңдаршы, расында да сендер күштісіңдер ме?
Бұлт: Егер біз күшті болсақ, өрекпі соққан желдің қалай болса солай айдағанына көнбес едік қой. Бізден жел күшті. Оның өз еркі өзінде. Не істеймін десе де өзі біледі.
Бала: О, арыны қатты ерке Жел, айтшы, сен күшті екенсің ғой, бойыңа сол күшті қайтіп жинайсың?.. Оған сенің жігерің жете ме?
Жел: Менде қайдағы күш?.. Нағыз күштіні білгің келсе – асқар Тауға бар. Ол өмірі маған жол берген емес.
Бала: О, құдіретті Тау, қалай, қайтіп күш жинағаныңды айтшы!..
Тау: Сен, Бала, нағыз мықтыға жолығып, бойыңа күш жинаудың тәсілін білгің келсе, Құмырсқаға бар. Одан асқан күшті, жігерлі ешкім жоқ. Менің мынау алпамсадай денемді үңгіп, ұя салып алады. Соған қарсылық көрсетуге менде шама жоқ.
Автор: Бала жалпақ беткейді жапқан қалың ағаштардың арасындағы үй орнындай ашық алаңқайға салынған Құмырсқа илеуін іздеп тауып алады. Ішке кіріп – шығып, дән тасып жүрген құмырсқалар құж - құж қайнайды.
Бала: Сүйкімді құмырсқалар, сендер шынымен күштісіңдер ме?..
Құмырсқалар: Ия, біз күштіміз!..
Бала: Олай болса айтшы, бойларыңа күшті қайтіп жинайсыңдар?
Құмырсқалар: Оның саған не керегі ба?
Бала: Менің де бойыма күш жинап, мықты болғым келеді...
Құмырсқа: Талабың таудай екен, шегінбе!.. Ол үшін алдымен өзіңді соған әзірле, ойыңды бекіт.
Бала: Қалай, қайтіп? Не істеуім керек?
Құмырсқа: Санаңнан жалқаулықты қуып шық та, ойыңды мақсатыңа бағындыр. Бұлай істеуге ерік - күшің жете ме?
Бала: Мақсат еткен соң, соны орындауға жігерімді жұмсаймын. Содан кейін қайтуім керек?
Құмырсқа: Күніне үш мезгіл - таңертең, түсте және кешкісін үзбей қимыл - қозғалыс жасап отыруға дағдылан. Уақытты бос өткізбе. Күн сайын бір жұмыс тындыр. Қандай шаруа істесең де ойланып, санаңмен санасып, пайымдап атқар. Ешқашан асығып, аптықпа, жігеріңді жасытпа. Сонда бірте - бірте ақылың толығады, бойыңдағы күш - қуатың молығады. Сөйтіп, тұла бойыңа күштің орнығуына жағдай жасалады. Сол жиналған күшті тынымсыз қимыл - қозғалыс жасау арқылы ұдайы үстемелеп отырасың.
Автор: Бала солай істеуге бекініп, өзінің ойын жүзеге асыруға кіріседі. Бойына күш жинау үшін құлшынып, әлгі құмырсқа айтқан шарттарды орындай жүріп үй шаруасына қарайласады. Өз ықтиярымен әке - шешесіне қолқабыс бере бастайды. Мал қайырады, шөп шабады, егін орады. Осылайша баланың бірте - бірте қабырғасы қатаяды. Осыдан кейін бала: “Күш – адамның бойына үздіксіз қимыл жасау арқылы жинақталады екен - ау...”деген ой түйеді. Сөйтіп, адам бойына күштің қалай пайда болатынын ұғып, мұратына жетеді.

• Неліктен адам бәрінен күшті деп ойлайсыңдар?
• Балаға өздерің қандай ақыл қосар едіңдер?

Жүректен жүрекке:

Жасымайтын жастық жігер
Жасымайтын, жастық жігер өр неткен,
Жүзіп келем, құлашымды сермеп кең.
Махамбеттің адырнасын мөңіреткен.

Онда жатыр менің бала арманым,
Армандаған асқар таудың заңғарын.
Білесің ғой айтқаныңа көнбейтін,
Әр жүректе өзіне тән заң барын.
9 738
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жалпылау тестілері
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жалпылау тестілері
Адамның танымдық әрекетіне жатпайтын психологиялық категория А) зейін В) түйсік *С) сезім D) ойлау E) қиял
Тізбектелген сабақтар топтамасы
Тізбектелген сабақтар топтамасы
Спорттық ойындардың техникасы мен тактикасын меңгеру. Спорттық ойындар арқылы оқушылардың ерік – жігері дамуы
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалығы, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру.
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Физика есептерінің түрлері және шығарылу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің физика пәні мұғалімі Бегимбаева Жумагуль Купжасаровна
Қайсарлық пен батылдық
Қайсарлық пен батылдық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Ә. Жангелдин атындағы орта мектептің мұғалімі Насамбаева Жанар Темірханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×