Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалімнің ҰБТ – ге дайындық іс - әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолдары

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: Мұғалімнің ҰБТ – ге дайындық іс - әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолдары

Мақсаты: ҰБТ - ге дайындайтын мұғалімдердің бойындағы стресс, қобалжудан арылту, психологиялық көмек беру.
Ж О С П А Р:
І. Мұғалімдерге ҰБТ - ге дайындық кезеңінде психологиялық көмек беру жолдары.
ІІ. Мұғалімдерге арналған психологиялық жаттығулар.
ІІІ Қорытынды.

«Көпір» жаттығуы
Мақсаты: біріккен педагогикалық ұжымды қалыптастыру, мұғалімдердің бір - бірін қолдау, көмек беру және вербальды емес құралдарды дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойынша отырады, психолог диагонал бойынша ортадағы сызықты бормен сызады. Ойынның шартын былай түсіндіреді: «Елестетіңдер, бұл сызық – көпір. Астында өзен ағып жатыр. Көпірден бір адам ғана жүріп өте алады. Ойынның мақсаты: екі адам қарама - қарсы бағытта осы көпір бойымен өтуі тиіс. Кім жүріп өткісі келеді. Көпірден өтетіндер екі ұлт өкілі, сондықтан олар бір - бірінің тілін түсінбейді». Топтан екі адам шығады. Ойынның мақсаты талқыланбайды. Оларға бір минут уақыт беріледі.
Бұл жұмыстан соң мынадай мәселе талқыланады: ойын барысында бір - біріңізге көмектесуге тырыстыңыздар ма, жоқ әлде тек өзіңіздің мақсатыңыздың жүзеге асуын қаладыңыз ба? Оқушы қандай болса да онымен тіл табыса білу және сол ерекшелігімен қабылдай білу керек.

Келесі ережелерге сүйеніңіз:
*Баламен сөйлескенде әрқашан нақты жағдайлар мен әрекеттерді айтыңыз.
*Сіздің сөзіңіздің түбірінде сезім, эмоция, толғаныс болуы керек.
• Егер сіз баладан бір нәрсені талап етсеңіз проблеманы шешу жолындағы мүмкін әдістерді ұсыныңыз.
• Баланы сол қалпында қабылдай біліңіз.

Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.
1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие
жұмысын жалғастырыңыз
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.
3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.
4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге,
дауысыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.
6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан
сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз
9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімімен атаңыз

«Қалаймын – Істей аламын - Қажет» жаттығуы
Мақсаты: Мұғалімнің қажеттіліктеріне және өз армандарына сенімін бекіту және белсендіру, дүниетанымын кеңейту және дамыту, педагогикалық іс-әрекеті стилінің жеке дара түрін табу.
Мұғалімдер тобын жарты шеңбер тәрізді етіп отырғызамыз, жарты шеңбер алдына екі орындық қоямыз. Ортаға қалаулары бойынша екі мұғалімді шығарып орындыққа отырғызамыз. Олардың біреуі – тыңдаушы, екіншісі – сөйлеуші болады. Соңғысы психолог ұсынған басы берілген үш сөйлемді аяқтайды. Мысалы, «Мен өзімді сенімді сезінуге міндеттімін», «Мен өзімді сенімді сезіне аламын», «Мен өзімді сенімді сезінгім келеді».
Берілген сөйлемнің аяғы спонтанды және тікелей болуы маңызды. Адам не ойлағанын, есіне не түсіргені жайлы айтады. Одан кейін үш сөйлемнің қайсысы сенімдірек айтылғандығын, сөйлемнің қайсысында сөйлеушінің жеке - даралығы сезілгендігі жайлы талқылау жасаймыз. Алдымен бұл сұрақтарды тыңдаушыға қоямыз, осыдан соң бүкіл топтан сұраймыз. Сөйлеушінің интонациясы, оның бет әлпетінің қимылы, жестіне және т.с.с. назар аударылады.

1.«Мен өзімді сенімді сезінуге міндеттімін»
2.«Мен өзімді сенімді сезіне аламын»,
3.«Мен өзімді сенімді сезінгім келеді».

Әдетте басым көпшілігі әйелдер болып келетін аудиторияда «Мен міндеттімін» принципі бойынша өмір сүретіндігі анықталады. Көбінде өз армандары мен қажеттіліктерін (мен қалаймын) жүзеге асыруға уақыты да, күш - қуаты да жетпейді. Психологтар жан саулығы мен оптимизмді сақтау үшін «өзіме арналған өмірге» азғантай болса да уақытын бөлу керектігіне сендіруге ұмтылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңіл - күй жаттығулары тренинг сабағы
Көңіл - күй жаттығулары тренинг сабағы
Балалардың ойлау қабілетін арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту, қиялдарын жетілдіру. Баланы қуана білуге, өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйрету. Ойын жаттығулары арқылы білімдерін дамыту.
Мен өзіме сенемін психологиялық тренингі
Мен өзіме сенемін психологиялық тренингі
Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ - ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе
АКТ құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары
АКТ құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары
АКТ құзіреттілігін арттыру туралы ой қозғау және оның оқу мен оқыту процесіне тигізер пайдасы мен кедергілерін анықтау. Ақиқатқа сай шешімдер құру және талдау.
11-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақ
11-сыныпқа арналған психологиялық тренинг-сабақ
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «Әуезов атындағы орта мектебі»КММ мектеп психологы Азимбаева Ғалия Қажиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×