Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саусақтар арқылы мінез анықтау

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Психология
Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)
Мұндай тестерді көбіне психологиялық тренингтерде оқушылар мен студенттерге жасатады. Кішкентай тесттен адамның болмысын суреттеп шығуға, әрине, болмас, алайда өзіңіз жайлы кішкентай мағлұмат алуға болады.

1. Саусақтарыңызды бір - бірімен айқастырыңыз.
Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».
2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.
Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».
3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?
Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».
4. Көлденең шапалақтаңыз.
Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».
Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:
«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым - қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.
«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл - ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» - дос жанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз - өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» - (жүз пайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.
«1211» - өз - өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.

Мінезді анықтау: Отырыс - тұрысқа байланысты
«Кімнің кім екенін қалай түрден тұратынынан, қалай отыратынынан - ақ білуге болады», - дейді мінез - құлық танушы психолог мамандар.
Отырғанда...
Тізеңізді бірінің үстіне бірін қоюға «әуес» болсаңыз:
Өзіңізге өзіңіз өте сенімдісіз. Қандай қиындықты да жеңе аламын, маған алдырмайтын, менің шамам жетпейтін еш нәрсе жоқ деп білесіз. Шынында да жұмыста да, тұрмыс - тіршілікте де сіз нендей тығырыққа тірелсеңіз де қиналмай шешесіз, бұзып - жарып қалайда шығатын, бәле - жаланың бәрін артта қалдыратын күш - қайрат, тескіндік табасыз. Сіздің тағдыр - талайыңызға мақсат - мұратыңызға қол жеткізіп, жаныңыз жайланып ғұмыр кешу жазылған.
Екі аяғыңызды бір - бірімен орап, матап «тастауға» дағдылансаңыз:

Өзіңізге - өзіңіздің сеніміңіз жоқ, не нәрсені де қолыңыздан келмейтіндей, шама - шарқыңыз жетпейтіндей көріп, тайсақтап, қорғаншақтайсыз да жүресіз. Бүгін шешетін, бүгін іске асыратын шаруаны ертеңге қалдыруды «жан тыныштықтың» бір жолы сияқты көресіз. «Ажалдан басқаның бәрі тезірек болғаны жақсы» деген қағида сізге жүрмейді. Бірдеңелерге қол жеткізгіңіз келсе шираңыз, батылданыңыз, әйтпесе бәрінен қорқып - үркіп, кежегеңіз кері кете берсе, қамшының сабындай келте ғұмыр өтеді де шығады.
Аяқты айқастырып, алға созып жіберуді әдет қылсаңыз:

Мінез - құлқыңыз өктем, маңайыңызды өзіңіздің айтқаныңызбен жүргізіп - тұрғызғыңыз келеді. Қашанда, қай жер, қай ортада да өзіңіз басшы, өзгелер қосшы болғанын қалайсыз. Басқалар да бар - ау демей, аяқты жамбасыңыз жер иіскеді дегенше айқастырып, алдыға «лақтырып тастайтыныңыз» да сол «менен өткін кім бар» деген ішкі өктем пиғылыңыздың көрінісі. «Алдымен сіз, содан кейін ғана біз» деп өзіңізді пір тұтатын орта болса, жұртпен тіл табысып, тіршілік ету сіз үшін қиынның қиыны. Қадір - қасиетіңіз асып, мысыңыз басып тұрмаса, кім «бұл тұрғанда, мен былай тұрайын» дейді... «Адамның күні – адаммен» болғасын «Аяз би, әліңді біл» дегенді бірауық еске алған жөн.

Екі тізенің арасын қосып, табаныңызды жерге төсеп отырсаңыз:
Маған кім не істер екен деп үнемі қорғаныста жүретініңіз болмаса, өз тарапыңыздан бастама көтеруге, ара - тұра болса да әлдебір істің басында, тізгін ұстап отыруға жоқ адамсыз. Жұрт өзіңізді сабырлы көреді, бірақ сізде одан гөрі тұйықтық, жасқаншақтық басым. Біреу бетіңізге жел болып тиді дегенше ренжіп, меселіңіз қайтып, жасып қаласыз. Ешкімге қосылмай саяқ, өзіңізбен өзіңіз жүретініңіз де содан.

Табанның ұшын қосып, өкшені алшақтатып отыруға әдеттенсеңіз:
Кінәмшіл, шамшыл бірақ батылдыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жансыз. Сізге қай істе де болады, не болмайды, жақсы, не жаман деп кесімді пікір айтудан қиын нәрсе жоқ. Көптен танитын біреулеріңіз болмаса, ешқандай ортаға сіңісіп, біреулермен емен - жарқын араласып - құраласып кете алмайсыз. Ойыңызды да, бойыңызды да ширақ ұстаңыз, өзіңізге жетпей тұрған сол.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 276
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Анаграммалар
Анаграммалар
Анаграммалар жинағы
Сіз қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
Сіз қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Өз-өзіңді танысаң - істің басы (тренинг сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Жүрістерді есептеу жолдары
Жүрістерді есептеу жолдары
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Оқушылар үйінің үйірме жетекшісі Жаханова Рада Молдабекқызы
Сабақ онлайн көрсетпей жатса не істеймін?
Сабақ онлайн көрсетпей жатса не істеймін?
Сабақ онлайн көрсетпей жатса, онда adobe-flash-player қою керек. Мына жерден жүктеп алып қойсаңыз болады adobe-flash-player Ал егер компьютерде көрсетпесе, онда мына бағдарламаны қойыңыз. k-lite-codec-pack
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×