Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Психология
Тренингтің тақырыбы: «Мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы»

Тренингтің мақсаты: Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту
Тренингтің жүрісі: Тренингтің ережесімен таныстыру
● Белсенді қатысу
● Тыныштық сақтау
● Ойын ашық айту
● Бір – бірін сынамау
● Ынтымақтылық
1.«Танысу» тренингі.
Тренингке қатысушы басқа қатысушылармен амандасады және өзінің есімі мен бойындағы үш жағымды қасиетін айтады. Мысалы: Сәлеметсіздер ме! Менің есімім: Асылзат. Жағымды қасиетім: сабырлы, мейірімді, бауырмал. Уақыты: 3 минут.

2. Сергіту сәті
Өздеріңізде мамандыққа байланысты стресстік жағдайда жиі болатындығы белгілі. Сондықтан біз қазір бірнеше жаттығулар жасайық. Денеңізді бос ұстап отырыңыз. Денеңізді мұрыныңызбен ішке тартып, демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен
«А» дауысын айтыңыз - ол сіздің бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е» қалқанша без жұмыстарына әсер етеді.
«И» миыңызға, көзіңізге құлағыңызға әсер етеді.
«О» жүрегіңізбен, өкпеңізге әсер етеді
«У» қарныңыздың маңындағы дене мүшелеріңізге
«Х» денеңіздің тазаруына
«Ха» көңіл - күйіңіздің көтерілуіне әсер етеді

3. «Мұғалім мен оқушы қарым - қатынасы» психологиялық жаттығуы
Қазіргі қоғамда оқушы мен мұғалім қарым - қатынас сауаттылығы маңызды сипат алып отыр Төменде Американдық психотерапевт Вирджиния Сатирдің мұғалімдер типологиясын анықтау арқылы мұғалім мен оқушының қарым - қатынасын жақсартуға арналған психологиялық жаттығу берілген. Жаттығудың мақсаты:
- өзін - өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
- ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету;
- ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
- өзінің не өзгенің даралығын дамыту.
Жүру барысы: алдарыңыздағы ақ параққа аты - жөндеріңізді жазыңыз және төменде берілген 4 жауаптың біреуін таңдап жазып қоясыздар.
1. Мұғалім - басшы
2. Мұғалім - компьютер
3. Мұғалім - қиналушы
4. Мұғалім - таныс дос
Қорытындысы:
1. Мұғалім басшы.
Оның «беделі»- билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рахымсыз, қатыгез адамға) ұқсайды. Ол үнемі оқушыларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол - оқушылардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі мұғалім». Ол өзінің осы «білімін» өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол мұғалім кез - келген сұраққа жауап беру керек деп санайды.
Нәтижесі: Мұғалімнің мұндай мінез құлық түрінің нәтижесі, оқушылардың реніші, қақтығыс қарым - қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығы.
2. Мұғалім - компьютер.
Оның «беделі»- белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол оқушылардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түні суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды. «Бәрімізге белгілі», «Мынадай ой бар...», «Барлығы біледі...» Ол өте суық, қатал, жабық адам.
Нәтижесі: оқушының өз - өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл - күйдің жоқ болуы «әсіресе пәнді меңгеруде қиындық көретін оқушылар). Соңында оқушылардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті пәнді жек көрушілік пайда болады
3. Мұғалім - қиналушы. Оның беделі қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да, қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен де бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. Оқушының мәселесі оның көңіл - күйін түсіреді. Егер оқушыда бір мәселе болса, мұғалім бірінші өзін кінәлайды.
Нәтижесі: оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол мұғалімдерді бағындыруға итермелейді.

4. Мұғалім - таныс дос
Оның «беделі»- әйгілілік. Оқушылардан ол жақсы қарым - қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас әрқашан барлығын кешіре алады. Мұндай мұғалім ешқандай проблемасыз жүреді.
Нәтижесі: оқушыда жауапкершілік сезімі жоқтығы.
4. Ситуациялық жағдаяттар беріледі. Бұл жағдайларды мұғалімдер шешіп, оны іс жүзінде көрсетуі керек.
1 - жағдаят: Болашақта журналист болғысы келетін оқушы физика сабағында «Бұл пән менің болашақ мамандығыма қажеті жоқ» деп кітап, дәптерін сөмкесіне жинастырып қойды.
Сіздің әрекетіңіз...
2 - жағдаят: Математика сабағында күрделі есепті Алмас ұялы телефоны арқылы мұғалімнен жасырын берілген есептерді шығарып отырды. Оны бастапқыда байқамаған мұғалім оның белсенділігіне таң қалды. Бір кезде мұғалім сезіктеніп, оның есепті өзі емес ұялы телефон арқылы шығарып отырғанын байқайды. Сіздің әрекетіңіз...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 941
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен және менің ортам
Мен және менің ортам
Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін - өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым - қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен»
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Топтағы балалармен қарым - қатынас орнату, балабақшаға бейімделуіне эмоционалды көмек беру, өзін - өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.
Мен және менің ортам
Мен және менің ортам
Педагогтардың ұжымдық сыйластыққа, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.
Стреске қарсы жаттығулар
Стреске қарсы жаттығулар
Тренинг басында қатысушыларға түрлі - түсті қағаздар жапсырылған парақ беріледі. Қатысушылар өздеріне ұнаған түске қол қояды.
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақ. «Адами қарым – қатынас ізгіліктері»
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақ. «Адами қарым – қатынас ізгіліктері»
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг сабақ. «Адами қарым – қатынас ізгіліктері». Әріптестермен жақсы қарым - қатынас жасауға, кездейсоқ жағдайлардан шыға білетін эмоциясын ситуацияға пара-пар етіп көрсете білу іскерлігін қалыптастыру;
Жақсы көңіл - күй жан азығы
Жақсы көңіл - күй жан азығы
ШҚО, Кокпекті ауданы, Самар ауылы, Жұбандық Болғанбаев атындағы орта мектеп педагог – психолог Кезенбаева Алмагуль Кайрдиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×