Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашақ бүгіннен басталады

27 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Психология
Тақырыбы: «Болашақ бүгіннен басталады» (интербелсенді сабақ)

Мақсаты: А) Оқушылардың өзін - өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді дамыту.
Міндеттер:
А) Оқушылардың өзіне - өзі сенімділігін жоғарылату және кез келген жағдайға жақсы бейімделуге дағдыландыру;
Ә) ҰБТ - ға даярлық барысында оқушылардың ішкі әлемін қалыптастыруға ықпал жасау, ішкі психикалық күшін дамыту;
Б) Өз бетінше шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру.
Қажетті материалдар: А4 қағаз, магнитофон, конверт, қалам, бояулар, қайшы.

Тренинг барысы:
I. Кіріспе:
- Бір күні Насредин атты адам үйіне кеш келе жатыпты. Келе жатып, үлкен қамалдың жанынан өтіп бара жатып, атты адамдардың даусын естиді де, қарақшылар деп қаша жөнеледі. Қашып бара жатып шалынып құлап, жаңа қазылған орға түсіп кетіпті. Ал шын мәнінде атты адамдар қарақшылар емес, кәдімгі диханшылар еді. Олар қашқан адамды көріп:
- Мына адамға көмек керек болар, барайық, - деп Насреддиннің жанына барады. Барып «Не істеп жатырсыз»,- деп сұрайды.
Сол кезде Насреддин өзінің қателігін түсініп, «Бұл күрделі философиялық сұрақ. Ең бастысы сіздер мен үшін осындасыздар, ал мен сіздер үшін осындамын»,- деген екен. Олай болса, сіздер мен үшін, мен сіздер үшін осында жиналып отырмыз. Сол үшін жақсы көңіл - күйде, жақсы қарым - қатынаста тренингімізді бастайық.

II. Сәлемдесу: Қатысушылар өзіне ұнаған ұлт өкіліне сай амандасады. Бірақ бір - бірін қайталамау қажет.
Талдау: Неліктен осы сәлемдесуді таңдадыңыз? Қандай әсер алдыңыз? Кімнің сәлемдесуі ұнады?

III. Танысу: «Менің есімім» (тренингке катысушыларды ортаға бейімдеу, бір - бірімен жақын таныстыру). Қатысушылар шеңбер болып отырады. Сағат тілімен оң жақта отырған қатысушы өзін осы тренинг барысында ұнаған есіммен, не ұнататын атақты адамдардың атымен таныстырады. Танысқанымызға қуаныштымыз. Рахмет. Жаттығу аяқталды.
Талдау: Не сезіндіңіз? Өзіңізді басқа атпен атаған қиын болды ма? Өзіңіздің жақсы қасиетіңіз атаған қиын болды ма?

Өз жолым бар, сонан соң өз атым бар,
Тағдырым бар сыр тұнған сезімімде әр.
Күнді бетке ап жол тартып бара жатқан
Өмір көшіне ілескен мен, жас балапан (Б. Үсенов)

ІV. Сабақтың ережесі: Сіз өзіңізді патша немесе ханшайым екендігіңізді елестетіңіз. Ал мына сынып сіздің патшалығыңыз. Мына ережелер сол патшалықтың заңы. Сіз, сіздің патшалығыңыз соған бағыну қажет.
Патша ережелерін қабылдау:
• "Қазір және мұнда" ережесі
• Сөзді бөлмеу ережесі
• Қатынас көптігі ережесі
• Тыңдап ал, содан кейін айт ережесі
• Белсенді болу ережесі
• "Тоқта!" ережесі

Өлең сөзін оқу:

Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да
Болады деп арманда. (М. Мақатаев)

Әр адамның өз алдында белгілі бір мақсат болады. Мұндай мақсат, адамның жүрегінің түкпірінен орын алып, сол мақсатқа жетуге деген жоғары күш пайда болдырып, үнемі жүрек соғысы соны қаласа...
Бұл қол жеткізуге деген зор мақсат болады... К. Маркс

V. «Менің жан дүниемнің жыл мезгілі»
А. Қыс мезгілі адамға тыныштық береді. Сол сияқты сіздің алдыңызда келесі кезеңге қалып тұрған, әзірше маңызы жоқ мақсатыңызды жазыңыз.
Ә. Сіздің өміріңізде әлі де қалаулы емес, бірақ сіз үшін маңызды, соған қарай әрекеттенуге бағытталу қажет деген мақсатыңызда жазыңыз.
Б. Жазда тіршілік өзінің толық жайқалған, өз жемісін, гүлін беретін кезеңіне келеді.
В. Сіз өз іс - әрекетіңіздің нәтижесін көремін деген мақсатыңызды жазыңыз. Күз – піскен жемісті, егінді жинайтын кез. Сіз неге қол жеткіздіңіз, қандай мақсатыңыз орындалды соны жазыңыз.

VI. «Сіз армандай аласыз ба?» тесті
● Қолыңызға газет, журнал алсаңыз алдымен қарап шығасыз ба, әлде дереу оқуға кіресіз бе?
● Ренжіген кезде әдеттегіден артық тамақтанасыз ба?
● Тамақтану барысында жеке шаруаңыз туралы ойланасыз ба?
● Махаббат, достық қатынастар барысындағы хаттарыңызды сақтайсыз ба?
● Сізді психология пәні қызықтыра ма?
● Көлікпен үлкен жылдамдықпен жүруге қорқасыз ба?
● Өлім туралы ойдан қорқасыз ба?
● Ұйықтар алдында армандауды ұнатасыз ба?
● Сегіз сағаттық ұйқыдан кейін де қатты шаршайсыз ба?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 489
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екі дос
Екі дос
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Түлкі мен ешкі
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
Кім мяу деді?
Кім мяу деді?
Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды.
Түлкі мен қасқыр
Түлкі мен қасқыр
Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Тәрбиеші: Тулегенова Толқынай Купжасарқызы
Мен және менің достарым
Мен және менің достарым
Оқушылардың өзін - өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×