Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең маңызды таңдау

20 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Астана қаласы,
«НұрОрда» қазақ - түрік лицей кешені
Психолог: Р. Аскарова

Семинар тренинг: 10 - сынып
Тақырыбы: Ең маңызды таңдау
Мамандық таңдау – маңызды мәселе
Мамандық таңдауда Ж. Аймауытовтың жастарға айтқан ақылы: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ, әр өнер, әр қызмет мемлекетке, әлеуметке қажет».
Мамандық таңдау – өте жауапты және маңызды іс.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға мамандықтар туралы мәлімет беру және ол мамандықтардың оқушыларға қоятын талаптарын ұғындыру.
Міндеті:
 оқушыларды таңдау еркіндігінің дұрыстығына бағыттау өз мүмкіндіктерін толық ашуға жағдай жасау;
 әрбір жеке оқушының психологиялық, тұлғалық дамуында бейімділіктері мен қабілеттерін ескеріп даралау;
 белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық) жауапкершілікпен жүзеге асыруға бағыттау;
 оқушылардың тұлғалық және кәсіби өзін - өзі табуы барысын жетілдіру;
 оқушыларды белгілі бір мамандыққа бағыттауда қажетті дағдыларды қалыптастыру;

Тренинг жоспары:
 Қысқаша Баяндама «Мамандық таңдау кезінде нені ескеру керек?»
 Амандасу рәсімі
 Жаттығу Мамандықтарға шолу
 Жаттығу: «Ең Ең» деген мамандық
 Профориентациялық жаттығу «Ұйқыдағы қала»
 Рефлексия
 Тілектер

Тренинг барысы:
Тренингті белсендету мақсатында жүргізуші оқушыларды дөңгелек шеңбер құрып отырғызып, төмендегі жаттығуды орындауды ұсынады: әр бір оқушы өздерінің есімдерін атап өз есімінің бас әріпіне келетін мамандықты айтады. Содан соң жалғастыратын оқушы қасындағы оқушының атын және оның батының бас әріпіне келетін мамандықты айтып, болған соң өзінің атын айтады және өз атының бас әріпіне келетін мамандықты айтады осылайша жаттығу соңына дейін жалғасады. Мысалға: Мен Аружан – архитектор, екінші адам Аружан – архитектор, Марат - механик, Аружан – архитектор, Марат – механик, Қайрат - қаржыгер т, с

1- жаттығу: «Ең Ең» деген мамандық.
Мақсаты: оқушыларды түрлі мамандықтар әлемімен таныстыру және ол мамандықтарға сипаттама беру.
Нұсқау: жаттығуға қатысатындар шеңберге тұрады. Жүргізуші қатысушыларға қандайда бір мамандықтың сипаттамасын айтады. Олар сол сипаттамаға ең жақын келетін мамандықты айтады. Ең көп қаржы әкелетін мамандық. Қай мамандық ең ең табыс көзіне жатады.
Оқушылар жауабы:
А) экономистер
Б) қаржыгерлер
В) депутаттар
Г) мұнайшылар т. б айтуы мүмкін.
Жүргізуші бірінші сипаттаманы айтады, ал қатысушылар бірден өздерінің ойына келген мамандықтарды айтады. 5 - 7 мамандыққа дейін қайталанады.
а) ең жасыл...................
ә) ең қызық....................
б) ең талап қойғыш........................
в) ең көп сөйлейтін......................
г) ең әдемі........
д) ең тәтті................. т. б

2. Профориентациялық жаттығу топ бойынша жұмыс. «Ұйқыдағы қала»
Сыныпты 5 топқа бөлу.
Мақсаты: оқушылардың таңдаған мамандықтарының өздеріне қоятын талаптарын ұғындыру және әрбір мамандыққа жауапкершілікпен қарауға үйрету. топ бойынша жұмыс жүргізу.
Жүргізуші өздерінің қалауы бойынша топқа бөлуге болады.
Нұсқау: бір қалада ( әр кім өз қаласын немесі басқа шеттегі нақты бір қалаларды алуға болады) бір белгісіз тылсым күш келіп ондағы адамдарды әлсіретіп, жартылай ұйқыға салып кетіпті. Олар өздерінің не істеп, не қойғанын білмей ұйықтап жүреді екен. Біздің мақсатымыз оларды оятып өмірлерін жақсартып, олардың жандарына үміт отын жағуымыз керек. Ол үшін сіздер басында бөлінген топ бойынша қарапайым, түсінікті, шынайы түрде оларды оята алатын бағдарлама құру керек.
Осы нұсқаулық бойынша әр бір топ төмендегі бағыттар бойынша бағдарлама құрастыру қажет.
1 - топ: қаладағы қылмыстық іс әрекеттерді тоқтатып, қалада тыныштық тәртіп орнату керек. (заңгерлер)
2 - топ: қаланы басқару керек ( әкімдер атқарушы мемлекет қызметкерлері)
3 - топ: экономикалық жағдайын жандандыру, жұмыссыздықты жою, адамдардың тұрмысын жақсарту. (экономистер)
4 - топ: қалада тұратын адамдардың бақытын табуға олардың жан дүниесіндегі проблемаларды шешуге, өмірдің мәнін табуына көмектесу (психологтар психологиялық қызметтер)
5 - топ: адамдардың денсаулығы аумақтағы экологиялық мәселелер (әр түрлі экологиялық жағдайлардан кейінгі инфекциялардың таралуы) профилактикалық іс шаралар. (дәрігерлер, медициналық қызметкерлер, экологтар)

Жүргізуші: нақты және төмендегі жобаларды жасауды ұсынуына болады.
• Жаппай адамдарды компьютермен қамтамас ету, программаларды құрастыруға үйрету.
• Тауар айыр бастау немесе сауда жолдарын кеңейту. нарыққа шығу.
• Білім және ғылым мәселелерін көтеру. т. б.
Осы программаларды жобаларды жүзеге асырып көрейік сол кезде біз қаланы оята аламыз ба көрейік. Егер қандайда бір жағдайлармен топтардың бірі жобаларын жүзеге асырмаса онда біз қаланы оятпақ түгіл олар бізді тыңдағысы да келмей қалу қауіпі бар екендігін ескеруіміз керек.
Жүргізуші тақтаға қаланы ояту үшін қарастырылатын жобалардың аттарын жазады.
1. Экономика
2. Денсаулық
3. Басқару
4. Адамдардың бақыты.
5. Тәртіп

Әр бір топ өздеріне ұнағанын таңдап алады. (немесе қағазға жасырып, кімге қандай жоба келетінін анықтауға да болады)
Бұл жобаларды дайындауға 10 - 15 минут уақыт беріледі. Әр бір топ өз парақтарына 5 немесе оданда көп шынайы түрдегі мәселелерді шешетін жобасының негізгі бағытын анықтайтын тұжырымдамаларын көрсетеді. Шынайы жағдайларды ескеру керек. Казіргі кездегі саяси - экономикалық көшбасшылар немесе саясаткерлер сияқты емес өз қаласында болып жатқан нақты мәселелер бойынша жобасын құрастыру керектігін айтып кетеді. Әр бір топтан бір баяндаушы шығып өздерінің жобаларын баяндайды.
Соңында талдау жүргізіледі сонымен қатар ол талдауларды видеоға түсіріп өздерінің бағдарламаларын көрсе де болады.

3. Рефлексия: ойын барысында сіздерге не ұнады? Ойыңыздан шықпаған әрекеттер бар ма? Қандай жағдай әсерін тигізді? Шешілмеген мәселелер тағыда қалып қойды ма? Көңіл - күйіңіз қандай?
Жүргізуші өз тілегін айтып болашақ мамандықтардың алдында осылайша шешілетін үлкен мәселелердің туындайтындығын тағыда бір рет айтып, «алынбайтын асу жоқ» деген қазақтың қанатты сөздерімен тренингті аяқтауға болады.
Тілектеріміз: тілектерін оқушылар шарларға жазып аспанға ұшырса да болады.
11 869
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандығым – мақтанышым
Мамандығым – мақтанышым
Кез­келген адам баласы ес білгелі өзінің тағдырын кай мамандықпен байланыстыруы жайлы ойланады. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет.
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Мамандық түрлері
Мамандық түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, мамандық таңдай білуге үйрету. Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушыларға түрлі мамандықтар туралы мағлұматтар беру. Дамытушылық: Оқушылардың маман иелеріне қызығушылығын және сыни
Менің мамандығым - менің болашағым
Менің мамандығым - менің болашағым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Маметова атындағы №27 физика-математика бағытындағы мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі Алдабергенова Торгай Пралиевна
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Өмірден өз орныңды таба біл! (тәрбие сағаты)
Өмірден өз орныңды таба біл! (тәрбие сағаты)
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан. (А Құнанбаев)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×