Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір мен сені сүйемін

22 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
Боранбаева Света

Тақырып: Өмір мен сені сүйемін
Мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым - қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу.
3. Адамның өмірі өз қолында екенін түсіндіріп, өмірді сүюге дағдыландыру
4. Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат - мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайд, жағдаяттар, постерлер, жіп, әуе шары.

Барысы:
1. Кіріспе сөз
2. Бейнебаян
3. Ойланайық, пікірлесейік
4. Ой қозғау «Ұлылардан ұлағат»
5. Жағдаяттарды талқылау
6. Назар аударайық. Бейнебаян
7. «Жүректен жүрекке»

Танысу. «Өрмекшінің торы»
- Сіздермен танысу мақсатында біз қазір «өрмекшінің торы» ойынын ойнаймыз. Мен жіптің басын ұстап, өзімнің аты - жөнімді айтамын да, келесі адамға жіпті беремін. Осылайша кезектесіп жіпті бір - бірімізге береміз. Біздің жібімізден өрмекшінің торы шықты. Жайлап саусағымыздан жіпті шығарып осы бір команда ретінде сабағымызды бастайық. Бұл сабақтың бір ерекшелігі өз ойыңызды ортаға салу, еркін сөйлеу

1. Кіріспе сөз
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі тренингімізді Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса, шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

- Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине, өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы Өмір - мен сені сүйемін!- деп аталады.
1. Пікірталас сұрақтары:
• Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
• Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
• Өмір адамға несімен қымбат?
• Адам баласы не үшін өмір сүреді?
• Сіздің өмірдегі мақсатыңыз қандай?
• Сіз өмірді сүйесіз бе?

Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.

Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт - ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен. Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Олай болса, Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір - бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.

2. Ой қозғау «Ұлылырдан ұлағат»
Әр кластан бір билеттен алып, ұлылырдың өмір жайлы айтқан сөздерін оқып, ой қозғайды немесе ойды аяқтайды.
•«Өмір деген – бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М. Мақатаев/
• «Өмір — теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./
• «Адам боп оңай туғанмен
Адам боп қалу көп қиын» / Қадір Мырзалиев /

Өмір жайында жақсы ой - пікірлеріңді тыңдадық. Енді келесі жағдаятты қалай шешер едіңіздер? Соған тоқтала кетейік.

3. Жағдаятты талдау:
Әкесінің жеке тікұшағы бар. Ол бизнесмен. Шалқыған бай. Ол жасөспірімде бәрі бар. Бірақ, өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата - ананың жылулығы жоқ. Бұл байлықтан шаршаған. Қандай кеңес берер едіңіздер?

Ата - анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды.

Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.

4. Назар аударайық: Бейнебаяннан не түсінгенін сұрау.
Оқушыларға ақ парақтар таратылады, оларға болашақтағы өмірін қалай елестетер еді сол туралы өздерінің ойын параққа түсіріп, бірер сөзбен суретін қорғау.

5. Жүректен - жүрекке.
Міне, өмір дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса:
«Өмірдің қызығын көрудің бір - ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дей келе сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.
(Оқушылардың ойларын, тілектерін ашық айтуы.)
Олай болса мен сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамын
Барлығы қосылып:
Біз өмірді сүйеміз!
Бақытты өмір сүреміз!
Біз бәріміз біргеміз!
Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» - дегендей өмірдің ащысы төзе біліп, тәтісін ұғына білейік.
Ал енді осы тренингтен алған әсерлеріңізді айта кетсеңіздер. Келесі кездескенше сау болыңыздар! Уақыттарыңызды бөліп, психологиялық тренингке қатысқандарыңызға рахмет!
11 867
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Өмір қымбатсың сен маған!
Өмір қымбатсың сен маған!
өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат - мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Тренинг: Өмір, өмірдің мәні
Өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету;
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу
Адамгершілік сезім дегеніміз – әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік тәрбиесіне баулу олардың бір - бірімен достық – жолдастық, қарым - қатынасының нығаюын қарастыру, олардың
Өмір, қымбатсың сен маған!
Өмір, қымбатсың сен маған!
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Беларан ауылдық округі, №77 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қазбағанбетова Жанна Байкаловна
Мен өмірді сүйемін тренингі
Мен өмірді сүйемін тренингі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы С. Сейфуллин атындағы орта мектеп педагог - психологы Шакенов Айбол Төлеубайұлы
Өмір шексіз керуен
Өмір шексіз керуен
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×