Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен және менің мамандығым (Эссе)

20 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Психология
«Науырзым аудандық білім бөлімінің
Жамбыл бастауыш мектебі» ММ
Буртаева Асель Хамитбековна

Мен және менің мамандығым (Эссе)

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы
Ұстаз болу – жүректің батылдығы
Ұстаз болу – өмірдің күн шуағы
Азбайтұғын адамның асылдығы
Ғ. Қайырбеков

Бүгінгі таңда ұрпақ алдында «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы «Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеу қауіпсіздігі мен әл – ауқатының артуы» деген мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.

Еліміздің болашағы, ұлтымыздың ертеңі мектеп қабырғасында білім алатын жас ұрпақтың саналы ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Сондықтан да егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс - тәсілдеріне қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын тани алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Ендеше, мектеп оқушыларының дүниетанымын кеңейтуде, оқу танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор деген сөз.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев еліміздің ертеңі, бүгіні жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында, - деп айтқанда қазіргі таңда және болашақта ұстаздардың алатын орны ерекше екендігін тағы да бір нақтылап көрсеткендей. Міне, сондықтан мен мектеп қабырғасында оқып жүргенде – ақ, болашақ өмірімнің ұстаздық деген ұлы мамандықпен ұштасарына кәміл сендім. Дана халқымыз «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: біріншісі – мамандық таңдау, екіншісі – жар таңдау» деген екен. Менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым – «Педагогика және психология» мамандығы. Бұл қандай мамандық? Педагог - психолог деген кім? Педагог ретінде оқушылардың оқу үлгерімін, тәртібін жақсарту барысында жұмыс істесек, психолог ретінде әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, олардың ішкі жан сырын, ойын түсіне отырып, дұрыс жол сілтеу, бағыт – бағдар көрсету, белгілі бір іске деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс істеуіміз керек.

Әрбір адамға жақсы маман болып қалыптасуы үшін білім, тынымсыз еңбек, өзіне деген сенімділік, мақсатына жетуге деген ерік – жігер, тиянақтылық сияқты қасиеттер қажет. Ал жақсы психолог болып қалыптасу үшін жоғарыда көрсетілген қасиеттермен қатар, әрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен шешуді қажет ететін интуиция, дәлдік, тапқырлық, мейірімділік сияқты қасиеттер болуы қажет деп есептеймін. Осының нәтижесінде психолог – көмекші, психолог – өзгелердің жан – дүниесін терең түсінетін немесе түсінуге ұмтылатын – зерттеуші, психолог – өзгелердің жан ауруын емдеп жазуға ұмтылатын – қолдаушы, - деп айта аламыз. Осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбек жолын бастаған әрбір жас психолог өз мамандығы арқылы қоғамға, жалпы адамзатқа тигізер пайдасы көп екеніне сенемін. Мен мектеп қабырғасында «оқушы – мектеп – ата – ана» үштік одағымен жұмыс істей жүріп, әр түрлі мәселелерді шешуде, кездескен қиыншылықтарды жоюда, түзету – дамыту жұмыстарын жүргізу барысында аталған қасиеттерді қолдану нәтижесінде ғана табыстарға жетудемін. Сонымен қатар, Уильям Уордтың «Жай мұғалім – хабарлайды, жақсы мұғалім – түсіндіреді, керемет мұғалім – көрсетеді, ұлы мұғалім - шабыттандырады», - деген сөзі негізгі қағидама айналды.

Қазіргі таңда жаһандану дәуірінде ғылым мен техниканың даму кезеңі. Білім ордаларына қойылатын талаптар да өзгеше: бәсекеге қабілетті, өзіне сенімді, шығармашыл, дарынды, көп тілді меңгерген, білімді жеке тұлға қалыптастыру. Соның ішінде ақпараттық технологияның даму қарқыны қоғамның дамуына жақсы әсер етуімен қатар, оқушыларымыздың тәлім – тәрбиесіне, оқу үлгеріміне өз зиянын тигізуде. Оқушыларымыздың барлығы бос уақыттарында дерлік ғаламтор желісінде отырып агрессивті мінез – құлық қалыптастыратын ойындар ойнап, одан қалса көгілдір экран алдында шетелдік ән тыңдап, фильмдерін көріп отыратындығы барлығымызға аян. Аталған себептердің нәтижесінде оқушыларымыздың мінез – құлқында, тәлім – тәрбиесінде, өмірге деген көзқарастарында көптеген қиыншылықтар туындауда. Сонымен қатар, ата – аналардың бала тәрбиесімен айналысуға уақыттарының жеткіліксіздігі, балаларын материалдық тұрғыда қамтамасыз етіп, моральдық тұрғыда қолдауды ұмытып кетіп жатады. Бұл жерде мектеп психологтарына да артылар жүк ауыр. Психолог әрбір оқушының жан дүниесін түсіне отырып, көмекке зәру жанға уақытында қолдау көрсетіп, қайғысына ортақтасып, қуанышына қуанып, қателігі болса түзеп, жақсылығы болса, мадақтап отыруға жұмыс жасайды. Міне, сондықтан психолог мамандығына деген сұраныстың арту себебі де осында.

Мен психолог маманы ретінде жұмыс істей жүріп, халқымыздың адам жаны туралы көне ғасырлардан бері айтылып келе жатқан ойларымен таныстым. Солардың бірі Әл – Фараби, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердіұлының жан мен тән туралы ойлары қазақ халқының жан мен тән үндестігіне бұрыннан көңіл бөле білген дана халық екендігіне тағы да бір көзімді жеткізді. Қазіргі таңда мен ұлттық педагогикамен қатар, шетелдік педагог – ғалымдардың ой – пікірлерін, психологиялық әдістемелерін практикалық жұмыс істеу барысында қолданамын.
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш – жігерім мен білімімді сала бермекпін.
24 848
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Эссе
Эссе
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, №1ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биембаева Жанар Бақытқызы
Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру
Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру
Екібастуз қаласы, "№11 жалпы орта білім беретін мектеп" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Ботагөз Мейрамовна
Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек
Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек
№ 1 Негізгі мектебі, Ерейментау қаласы Математика пәнінің мұғалімі Шайзина Раиса Дұйсембайқызы
Ақпараттандыру технологиясы- заман талабы оқу әдістемелік құрал
Ақпараттандыру технологиясы- заман талабы оқу әдістемелік құрал
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×