Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір сүрудің ең жақсы жолы

01 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Психология
ШҚО, Семей қаласындағы «Шығыс Қазақстан облыстық
дарынды балаларға арналған мамандандырылған
қазақ - түрік лицейі», педагог - психолог
Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы

Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3 - А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.

І. Ұйымдастырушылық кезең
«Амандасу – «таныстыру» жаттығуы
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Арман, адал доспын....

ІІ. Негізгі кезең
«Автопортрет» жаттығуы
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет - әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым - ишараларыңыз болса т. б...

«Мен басқаның көзімен» жаттығуы
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2 - ші жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады.

Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.
«Өмір сүрудің ең жақсы жолы» аңыз талдау
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр - таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Қазақстанның түкпір - түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің артымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де 100 - 100 тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
- Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
- Тиынды ұсақтап, 50 тиынын мешітке бердім, 20 тиынын қайырымдылық қорға бердім, 20 тиынын да әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған 10 тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әкесі үшінші баласына риза болып:
- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату деді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 501
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен және менің ортам
Мен және менің ортам
Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін - өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым - қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен»
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы.
Мен және менің ортам
Мен және менің ортам
Педагогтардың ұжымдық сыйластыққа, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.
Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар
Қарым - қатынасты нығайтуға арналған тренинг - жаттығулар
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Т. Құлыбеков атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығы мектеп педагог - психологы Бекбергенова Жанар Жақсыбайқызы
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Ойынның шарты: әр қатысушы өз есімін айтып, сол есімінің бастапқы әрпіне сын есім немесе жағымды қасиет ойлап табады.
Бала бақытын ұлықтаған – жан!
Бала бақытын ұлықтаған – жан!
Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған Мамандандырылған қазақ - түрік лицейі» КММ педагог - психолог Жұмағалиева Ақбота Талғатбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×