Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ҰБТ- болашаққа басты қадам

02 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: ҰБТ - болашаққа қадам
Өту формасы: коучинг
Мақсаты: Ата - аналар арасында бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру; Ата - аналардың міндеттерін ұстануды қалыптастыру,
Күтілетін нәтиже: Ата - аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал етеді. Ата - ана мен мектеп байланысын нығайтуға оң әсерін тигізеді. Ата - ананың мектепке деген көзқарасы өзгереді
Түйін: Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Ұйымдастыру Тренинг «Шаттық шеңбері»
Дөңгеленіп тұрып, жақынырақ танысайық
Атыңыз
Балаңыздың аты, оның жағымды қылығы
От, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу.
От - қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттап, тек алда жүретін балаларыңыз бар
Күн - жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын бірақ тиісті нәтижеге әлі жете алмай жүрген балаларыңыз бар
Ай - ойшыл да арманшыл, болашаққа үміті зор, бірақ белсенді кірісіп кетпеген, төмен ұпай жинап жүрген балаларыңыз бар

«Саты» тренингі
Балаңыздың арманы, соған жету жолындағы жұмыстар
Осы жылы ең басты міндет маған «ҰБТ» - болашаққа басты қадам......
Ой толғау жазу
Сауалнама
1. Балаңыздың ең қызықты оқу пәні _________________________
2. Балаңыз үшін ең қиын оқу пәні ___________________________
3. Қандай кәсіби мамандыққа балаңыз икемсіз?
4. Мінез – құлық ерекшеліктерін атаңыз? ______________________
5. Балаңыз не нәрсеге әуес? _________________________________
6. Балаңыздың оқу дәрежесі қандай? _________________________
7. Балаңыздың бойынан мына қасиеттерді көре аласыз ба? /адал, ұстамды, сабырлы тәртіпті т. б./
8. Үлкендерге балаңыздың көзқарасы қалай? __________________
9. Балаңызды қалай бағалайсыз немесе қандай баға бересіз? ____
10. Балаңыз мұғалім берген тапсырманы міндетті түрде орындай ма? ____________

Слайд шоу
ҰБТ – білім беру ұйымдарын объективті бағалау, олардың нақты рейтингтісін көрсету, оқушылардың және мұғалімдердің білім алудағы жоғары нәтижелеріне талпынысын ынталандыру. Ұлттық бірыңғай тестілеудің мақсаты – жоғары білім алудағы барлық бітірушілердің тең дәрежеде қол жеткізуі, білім берудің сыртқы тәуелсіз бағалау жүйесінің құрылуы

Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ – ға дайындауда ата – аналарға кеңес.
1. Балаңыздың ҰБТ – ға барар алдындағы алдын – ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайдылықпен қарамай, дұрыс ақыл – кеңес беруге тырысыңыз.
2. Балаңыздың Күнделікті ҰБТ – ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз
3. Балаңыздың көңіл – күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз
4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз
5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс – жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз.
6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз.
7. Ешқашан балаңызды сынап - мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз.

Таңдау пәні ҰБТ Мамандық
«Автор орындығы»
«Тазарту». тренингі
Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: «Мен өмір сүруіме кедергі келетін барлық өкпе реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Мен жанға рахат жайбарақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Барлық өкпені ұмыттым, кештім».
Бір қиын жағдайға тап келсеңіз, осы жаттығуды қайталаңыз. Осы жаттығу – сіздің тазарту құралыңыз.

«Екі жұлдыз, бір тілек»
Өздеріңіз бүгінгі коучинг туралы ойларыңызды, ұсыныстарыңызды жазып мектеп қоржынына, ал балаларыңызға ой - тілектеріңізді жазып сынып қоржынына жапсыруларыңызды сұраймын
Қорыта келгенде Мағжан Жұмабаев айтқандай:
“Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару”,- деген екен.
Олай болса, балаларымыздың болашағына нық қадам жасайтын ұлттық бірыңғай тестіні сапалы тапсыруға ата – ана, мектеп болып ынтымақтастықта нәтижелі жұмыс жасауға шақырамын. Назарларыңызға рахмет!
12 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - ана мен бала қарым - қатынасы
Ата - ана мен бала қарым - қатынасы
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата - аналармен бірлесе қарастыру.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Басқару және көшбасшылық
Басқару және көшбасшылық
Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту
Сыныпты басқарудағы мұғалімнің көшбасшылығы
Сыныпты басқарудағы мұғалімнің көшбасшылығы
Жалпы мақсаты: Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі (Коучинг сессия жоспары)
Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі (Коучинг сессия жоспары)
Қарағанды қаласы, №78 негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Билялова Бақыт Кенжебековна
Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Жаңа діни қозғалыстардың ерекшеліктері
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Аймурзина Гүлназ Асқарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×