Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мейірімділік әлемі

16 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы,
«Балдырған» балалар бөбек бақшасы психологы
Мадиғажықызы М.

«Мейірімділік әлемі»
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық: психологиялық ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Міндеттері: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым - қатынасты дамыту.
Көрнекіліктер: үнтаспа, сюжетті суреттер, табиғат көрінісі

Іс - әрекеттің басталуы. Көңілді әуенмен келіп шеңберге тұрамыз
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз.
Жарқыраған айдаймыз!
Күнде өсіп жайнаймыз!
Жақсы бала боламыз!
Сәлем досым, мен сені жақсы көрем!
Сәлеметсіз бе апай, сәлеметсіздер ме қонақтар!

Жаттығу
Ал, енді бір - біріміздің қолдарымыздан ұстап
Ха - ха - ха - деп қолымызды көкке көтеріп күлеміз.
Хи - хи - хи - деп еңкейеміз күлеміз.
Хо - хо - хо - деп тік тұрамыз дем алу арқылы қобалжуымызды шығарамыз.

Ертегі терапиясы
(Балалар көздерін жұмып, әуенді тыңдайды)
Балалар біз ертегілер еліне қонаққа барамыз. Көздеріңді жұмып әуенді тыңдаңдар. Көздеріңді ашыңдар ертегі әлеміне келдік.
Шымылдық ашылып балалар ертегі тыңдайды.
«Дәуіт пен Қарлығаш»
(жайлап әуен ойнайды психолог ертегіні сюжеттік рөлмен баяндайды.)
Ерте, ерте, үлкен жардың басында бір қарлығаш тіршілік етіпті. Сол жарда үлкен жылан да өмір сүреді. Жыл сайын қарлығаштың жұмыртқасын жеп қояды. Көктем келіп қарлығаш тағы да ұя салады. Балапандар жарып шығады. Қарлығаш балапандарына жем іздеп кеткенде әбден дәндеп алған жылан тағы да балапандарды жемекші болады. Сол кезде, қарлығаш қанатымен қағып қумақшы болады, бір - ақ шамасы жетпейді. Көмек сұрап шырылдап ұшады, сол кезде алдынан көкек шығады. Жылап еңіреп:
- Көкек, көкекжан маған көмектесші, балапандарымды жыланнан құтқаршы,- дейді.
- Мені бүркіт қонаққа шақырған, уақытым жоқ көмектесе алмаймын,- дейді. Шырылдап жылап келе жатқанда, алдынан қарға кезігеді.
- Қарға, қарға менің балапандарымды құтқаршы, жылан жегелі жатыр.
- Мен үйленгелі жатырмын, мазамды алма,- деп ұшып кетеді.
Амалы таусылған қарлығаш дәуітті көреді. Шырылдаған даусын естіп:
- Досым неге зарлайсың?
- Жауыз жылан балапандарымды құртпақшы болып, ұяға өрмелеп бара жатыр, жетіп қалды. Соған не істерімді білмей ұшып жүрмін,- деп көз жасын төгеді.
- Олай болса, мені жеткіз тезірек, - дейді дәуіт. Қанатына отырғызып зулап ұшып келсе, жылан ұяға келіп қалыпты. Сол кезде дәуіт жыланның екі көзін ағызып жібереді. Содан бері мейірімді де, қайырымды дәуітті қарлығаш өзіне дос болдырыпты. Екеуі бір ұяда тіршілік етіп, келеді екен.
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Осы ертегіде кім мейірімді деп ойлайсыңдар?
- Қарға дұрыс жасады ма?
Көкектің орынында сен не істеуші едің Нұржол?

Айдын саған ертегі ұнады ма?
Ал сендерге қарлығаштың берген тапсырмасы бар екен. Орындайсыңдар ма?

Ойын
«Мазақтама ойыны».
Күнделікті қатынаста көңілге келетін сөздерді қолданбау үшін, допты бір - біріне лақтыра отырып мазақтама ойнауға болады. Бұл көкөністердің, гүлдердің, жемістердің аттары болуы мүмкін. Мысалы: «Сен бақ - бақсың!», «Ал сен қауынсың!». Осылайша сөздері таусылғанша айтысу.
(Бұл ойын несімен ыңғайлы? Балаға ашуланып оны «оның есіне түсіргіңіз келсе» оны «мазақтама» ережесімен мазақтауыңызға болады)

Психологиялық тапсырма
- Дәуітте сендерге тапсырма берген екен.
- Ал енді сендер де жақсылық, мейірімділік жасағыларың келе ме? Мына суретте бәрі бір бөліктерін жоғалтып алған сендер сол бөліктерді тауып беріңдер
«Суретті аяқта» (Қарындашпен толықтырып сызады)
Қандай ақылды, мейірімді баласыңдар рахмет.

Пластикалық этюд
«Бәйтерек ағашы» балалар біз жаңадан өсіп келе жатқан терек ағашымыз. Жаңбыр жауған сайын өсеміз, қатты дауыл соға бастады біз ешқашанда құламаймыз себебі тамырымыз терең, діңіміз берік. Жел басылды жапырақтарымыз ақырын ғана желге шайқалады.

Релаксация
(Әуен ойнап тұрады)
Енді көзімізді жұмып мейірімділік әлемінен шығып өз бақшамызға барайық. Жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен қайырымсыздық туралы көп нәрсе білдіңдер. Естеріңе сақтаңдар әр қашанда жақсылық жасаудан қашпаңдар!
Мына қорапта бір нәрсе бар бұны бізге дәуіт берген екен хат жазып жіберіпті.
«Балалар сендер де мен сияқты батыр, мейірімді болыңдар, жақсылық жасаудан қорықпаңдар»- депті.

Толық нұсқасын жүктеу
10 332
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну; жақсы - жаманды ажырата білуге адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Мейірімділік - асыл қасиет
Мейірімділік - асыл қасиет
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;
Мейірімділік әлеміне саяхат
Мейірімділік әлеміне саяхат
Әулиекөл ауданы, «Айгөлек»балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Нашен Гүлмира Сагантаевна
Саңырауқұлақтар әлемі
Саңырауқұлақтар әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Жетімді жебеп, қолдаған жан
Жетімді жебеп, қолдаған жан
«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×