Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалардың тіс қайрауы

02 маусым 2016, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы,
«Болашақ» бөбекжай – бақшасы жантанушы
Дюсенбаева Нургуль Тайлаққызы

Балалардың тіс қайрауы.
Ұйықтағанда тіс қайрау дегеніміз не? Неге тістерімізді қайраймыз? Бұл мәселені қалай емдеуге болады?
Тіс қайрау, көбінесе психологиялық себептерден (нерв, стресс) туындайтын ауру, оған немқұрайлы қарамау керек... Дәрігерлердің айтуынша әсіресе түн ұйқысында жиіленген тіс қайрау, күнделікті өмір және өмір сүру сапасына келеңсіз әсер етпеуі үшін оны емдеу қажет.

Тіс қайрау дегеніміз не?
Бұл жайсыздық ұйқы кезінде тістерді қысу, тістерді қайрау және жақты қысудан туындайды. Халық арасында тіс қайрау деп аталады. Бұл қалыпты жағдай емес. Түн ұйқысында жиі кездесетін бұл жәйт, кейбір адамдарда өмірдегі түрлі себептерге байланысты күндіз де ортаға шығуы мүмкін. Көпшілік бұл жайсыздықты байқамайды. Көптеген адамдар жақындарының айтқандарынан кейін ғана біледі. Тіс қайрау қауіпті жағдай болуымен қатар құлаққа да өте жағымсыз болып келеді. Қалыпты жағдайда мұндай дыбыстарды шығару мүмкін емес.

Ең негізгі себебі: стресс
Тіс қайрау, тістер арасындағы тығыз байланыстың бұзылуынан туындауы мүмкін. Бірақ бұл жиі кездесетін жағдай емес. Жалпы бұл жайсыздыққа күнделікті өмірде басымызға келетін материалды және рухани проблемалардың адамға әсер етуімен пайда болған психологиялық қысым себеп болады. Өйткені көптеген адамдар қалаған, талпынған өмір сүру деңгейіне жете алмағандықтан бұл ызаларын іштеріне жұтады. Осылайша түн ұйқысында бұл тіс қайрау ретінде көрініс табады.

“Тіс қайраудың” тістерге зияны
• Тістердің шайнау бетінде тозулар пайда болады.
• Тіс эмальінде пайда болған жайсыздық тістердің қысқаруына себеп болады.
• Тістерде суыққа сезімталдық пайда болады.
• Кенеттен тіс сыздаулары.
• Тіс пен жақтың арасындағы байланыстарда әлсіздік пайда болып, тістердің босауына немесе тістердің түсуіне себеп болады.
• Тістердің сынуы және қызыл иектің ашылуына себеп болады.
• Сонымен қатар ауыз жаралары, бас ауруы, жақ ауруы, көз бен беттің айналасындағы бұлшық еттердің ауруына себеп.
• Бұл ауру белгілері тіс қайраудың бастапқы кезеңдерінен байқалмауы мүмкін, бірақ болашақта пайда болады.

Емдеу әдістері
Тіс қайрау себебімен пайда болған жайсыздықтың алдын алу мақсатымен “түнгі қорғаушылар” деп аталатын арнайы селиконнан жасалған тіске киілетін тілімше қолдануға болады. Көбінесе пайдалы болған бұл тілімшелер кейбір адамдарға емделу барысында жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан адамның жайсыздығының деңгейіне байланысты қосымша бұлшық ет жұмсартушылар, психологиялық терапия әдістері, кем тістердің орнына протез қойылуы және де дұрыс жасалмаған пломба мен қаптау бар болса бұларды жаңартуға болады.
Бұдан өзге ең өнімді тәсіл мамандардан кеңес сұрап, дәрі - дәрумендер тұтыну. Қазір осы салада жұмыс жасайтын дәрігерлер де жетерлік.
3 973
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу қабілетін дамыту жолдары
Сөйлеу қабілеті – психикалық және сапалы дамудың маңызды шарты болып табылады. Л. С. Выготскийдің тұжырым бойынша «сөйлеу танымның күрделі және ең жоғарғы түрі болып есептелінеді».
«Виртуалды футбол» танымдық ойын
«Виртуалды футбол» танымдық ойын
Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы, №1 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Боранбаева Камила
Стресссіз өмір сүру мүмкін бе?
Стресссіз өмір сүру мүмкін бе?
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы» МКҚК Калиева Айсауле Максотовна, психолог
Математикалық дидактикалық ойындар
Математикалық дидактикалық ойындар
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нигметова Маншук Ханзадақызы
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
Цилиндр формалы бөлшектерді сызба түрінде көрсету
ШҚО, Семей, Новобаженово ауылы, сызу және сурет пәнінің мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×