Білімділер поралы
загрузка...

Менің шұғылалы әлемім педагогтарға арналған тренинг

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№ 12 І. Қабылов атындағы орта мектеп
Туйгынбаева Ботагоз Максатовна

"Менің шұғылалы әлемім" педагогтарға арналған тренинг
Мақсаты: Адамдардың бір - бірімен қатынасын оңтайландыру, өзара іс - әрекет дағдыларын дамыту, басқалардың пікірі, көзқарасымен санаса білу, жеке басты демалдыру арқылы өзіндік талдау жасауын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Түрлі - түсті қағаздар, бояулар, ақ қағаз, жайлы әуен, гүл, пейзаж.
Түрі: Тренинг
Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық.
Құрметті әріптестер, қонақтар! Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Барлығыңызға сергек көңіл - күй тілеймін.
Адамның жан дүниесі – алты құлпының астындағы қазына сарайы тәрізді. Ол мұнда өзінің рухани байлығын сақтайды. Ақылды адамның таза да пәк байлығы күн санап артып, өзінің де, өзгенің де жан дүниесін байытары сөзсіз.
Бүгінгі біздің тренингіміз «Менің шұғылалы әлемім» деп аталады.

1 - жаттығу «Таныстыру»
Мақсаты: Жаттығуға қатынасушылар өздерінің есімін және өмірлік ұстанымын айтып таныстырады.
Талқылау: Кімнің таныстыруы әсерлі болды? Қай адамның таныстыруынан кейін сол адамның сізге ұқсастығын, жақындығын сездіңіз бе?

2 - жаттығу «Кездесу»
Ішкі және сыртқы шеңбер жасап тұрған мұғалімдер бір - біріне қарап жұптасып тұрады. Жүргізушінің белгісімен қозғала бастайды (сыртқы шеңбер оңға, ішкі шеңбер солға жайлы әуенмен айналады. Әуен тоқтаған кезде олар да тоқтайды.)
Әр жұпқа тапсырма беріледі.
А) Сіздер ұзақ уақыттан соң кездестіңіздер, бұрын өте жақын болмағанмен, жақсы қарым - қатынаста болдыңыздар. Өз сезіміңізді көрсетіңіз…
Ә) Бала кезде жақын дос болдыңыздар. Біреуіңіз басқа қалаға кеткен едіңіз, бір жылдан соң кездестіңдер…
Б) Сіздің алдыңызда тұрған адам өте ұялшақ, ал оны маңызды да қиын кездесу күтіп түр. Көңілін орнықтырыңыз.
В) Мына адам сен үшін өте жағымды іс істеді. Сен оны біліп тұрсың…
Г) Мына адамның керемет ерлігі туралы (рекорд жасады, өлімнен құтқарды) жақында ғана білдің. Міне, енді кездестіңдер.
Д) Мына адамның жолы болмады, бұл – әділетсіздік. Сыр бермей - ақ тұр, ал сен оның ең жақын досысың, оның қандай күйде екенің түсінесің…

«Сіз қандай адамсыз» тест
Түстерді таңдау арқылы адамға сипаттама беріледі.
Мақсаты: Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін анықтау.
Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс - әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез - құлқы батыл мықты адам.
Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз шешімдеріне мықты адамдар.
Сары түс – ақыл - ой, логикалық және аналитикалық түс, көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез - құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын адамдар.
Жасыл түс – адамның өз - өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Таңдап алған адамдар - мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.
Көк түс – байсалдылықтың, қанағатшылдықтың белгісі, жолдастыққа берік. Философияға, психологияға, гуманитарлық пәндерге дарынды.
Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімдік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – өз - өзіне сенімді, рухани байлығы мол адамдар.
Қоңыр түс – еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келетін адамдар.
Қара түс – ақ көңіл, шыншыл адамдар.
Ақ түс – өз мақсатына жетеді, дарынды, әрі мәдениет саласында өнерлі адамдар.

3 - жаттығу «Әуенді терапия»
Мақсаты: жаттығуға қатынасушылардың кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл күйін көтеру.
Көрнекілігі: музыка аппараты, жағымды, баяу әуенді диск. Табиғат көріністері бейнеленген сурет.
Уақыты 5 - 7 минут.
Ұйымдастыру кезеңі
А) Қатынасушыларды жайлы орындыққа отырғызып, еркін, ыңғайлы сезінуін қадағалау
Ә) Суретке қарап зер салып, мұқият қарауын өтіну
Б) Әуенді қосар алдында көздерін жұмуы тиіс.
Кіріспе
Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.
Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
— Ал, бастаймыз. Музыка қосылады.
— Соқпақ жолмен жүріп келесіз…
— Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз…
— Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді…
— Алма бағы…
Қып - қызыл алмалар қол созым жерде..
Сіз үзіп алып жей бастадыңыз…
Дәмі керемет…
Жеген сайын жегіңіз келеді…
Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз…
Күн кешкірді… Қайту керек… Бақтан шығып жолға түстіңіз… Иығыңызда дорба…
Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. Тастап кетсем бе екен? Деген ой келді…
Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз…
Міне, қалашыққа да жеттіңіз… Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты…
Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз…
Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата - аналары да дән риза…
Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!
Музыка тоқталып, ұстаздар көзін ашады. Өз әсерлерімен бөліседі.

Ескерту: 1) Әрбір сөйлемнен соң міндетті түрде үзіліс жасалынуы тиіс.
2) Психологтың дауыс ырғағы мәнерлі, жағымды шығуы керек.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
  • Сакен Майғазиев пен Асет Есжан - Жыламасын сәбилер

    Сакен Майғазиев пен Асет Есжанның - Жыламасын сәбилер атты өте әсерлі ән мен бейнебаяны
  • Нұржан Керменбаев - Қара бала

    Нұржан Керменбаев - Қара бала жаңа ән
  • Бәйшешек тағдыр жайлы

    Жайт көрдім жүрегімді дүрсілдеткен, Бетпе-бет келіп қалдым бір шындықпен. Тұрсыңдар бой көтеріп қар астынан, Өр - қайсар бәйшешектер, гүлсің неткен?!
  • Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны

    Қандай бақыт – қалаға қар жауғаны, Ақ ұлпалар – көңілімнің маржандары. Қандай мұңды – қар жауған құтты күні Жанымда жоқ жалғызым жалғандағы.
  • Ана туралы өлеңдер

    Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем? Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен. Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем, Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.
  • Біздің көктем

    Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №16

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
  • Педагогика және психология негіздері тест сұрақтары №15

    Педагогикадан тест сұрақтары жауаптарымен, тестен өтіп өз біліміңізді тексеріңіз! Әр бес жыл сайын мұғалім өзінің біліктілігін көтеріп, аттестациядан өтуі міндетті екені белгілі. Осыған орай ...
Үздік жаңалықтар
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 201
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 200
Роботтар: 3
Gaziza
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика