Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - ана бақыты - бала тренинг

15 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: «Ата - ана бақыты - бала»
Мақсаты: Ата - аналардың мектеппен байланысын нығайта отырып, ата - анадан бала тәрбиесіне қатысты мәселелерден пікірлерін сұрау, еркін әңгіме тарату.
Әдісі: сұрақ - жауап, тренинг, талқылау, пікірлесу, шығармашылық тапсырма
Түрі: кездесу сағаты

Жоспары:
І. Ұйымдастыру. Тренинг Топқа бөлу (көбелек суырады)
ІІ. «Бақытты отбасы» (үйдің суреті беріледі, сыртына сөздер жазу)
ІІІ. Бейнеролик тамашалау
ІҮ. Қонақкәде (бақыт туралы өлең)
Ү. «Бақытты отбасы эмблемасы» (шығармашылық тапсырма) Әр топ қағаздан эмблема жасауы керек. (қорғайды түсіндіреді)
ҮІ. Мақал – мәтелдерді жалғастыру
ҮІІ. «Бақыт» туралы аңыз - әңгімелер
ҮІІІ. «Кім бақытты?»
ІХ. Шын жүректен қабыл ал!
Х.«Жақсы тілек менен» (көбелекке тілек жазып, гүлге жабыстыру)

Өту барысы:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет
бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырып та осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?
- Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.
- Сонымен, бүгінгі ата - аналар мен балалар бірлескен «Ата – ана бақыты - бала»атты тренингімізге қош келдіңіздер.
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады
Адам айтса нанғысыз.

Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
«Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата – ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.
Ата – анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата – ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата – бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.

1. Шаттық шеңбері: Ата – ана өз есімін айтады және баласының есімінің алғашқы әрпінен басталатын бала бойындағы қасиетті айтады. Бала өз есімін айтып, ата – анасының алғашқы әрпінен басталатын ата – ананың бойындағы қасиетті айтады
2. «Бақытты отбасы» үйдің суреті беріледі, сыртына отбасына жататын сөздерді жазу.
3. Бейнеролик тамашалау «Әке мен бала»
4. Қонақкәде. Ата - аналар «Бақыт» туралы әндер айтады.
5. «Бақытты отбасы эмблемасы». Әр топ «бақыт отбасы эмблемасын» жасайды. Эмблеманы таныстырады, қорғайды.
6. «Мақал – мәтелдерді жалғастыру» ойыны. Оқушылар
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — ҚЫЗМЕТ
Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
Ұядан не көрсең соны ілерсің
Әке - асқар тау,
Ана ағып жатқан бұлақ
Бала - жағасындағы құрақ.
Әке - ер, ана - жігер, бір үйде екі кемеңгер

7. «Бақыт» туралы аңыз - әңгімелер. Тарихта талай адамдар бақыт іздеп өмір сүрді. Қазіргі заманда бақыт та, байлық та, өмірдің мәні де – мал дүние дейтіндердің саны басым. (байлық, мансап, билік туралы аңыздар айтылады).
«Отбасы татулығы» (қытай аңыз әңгімесі)
Аңызды мазмұндап, сұрақтарға жауап береді.
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырды. Оларда ұрыс - керіс, дау - жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы әңгіме патшаның құлағына да жетеді.

Қарағанда облысы Ұлытау ауданы
Аманкелді ауылы №3 Аманкелді ЖОББМ
Педагог - психолог
Урустемова Эльмира Бахтигелдиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 586
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Біз бақытты отбасымыз
Біз бақытты отбасымыз
Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға
Мен және жанұям
Мен және жанұям
Ақмола облысы, Зеренді ауданы КММ "Пухальск негізгі мектебінің" бастауыш сынып және химия, биология пәндері мұғалімі Абдрахманова Жадыра Серкбаевна
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×