Білімділер поралы

Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас

ТРЕНИНГ
Тақырып: Ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынас
Мақсаты: Отбасындағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты үйлесімді ету, жақсарту. Ата - ана және бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру.
Қажетті құрал жабдықтар: А 3 - форматтағы ақ қағаздар, түрлі - түсті қарындаштар мен маркерлер, қағаздан қиылған алмалар, шарлар, ватман, музыка ырғағы.

Жұмыс барысы:« Ой салу» ата - анаға көрсететін презентация
1. Психолог: Сәлемдесу сергіту: ана және бала
Амансың ба досым - қолмен амандасады
Қалың қалай? – иығынан ұстаймыз
Қайда болдың? – құлағынан ұстаймыз
Мен сені сағындым ғой - қолдарымызды жаямыз
Сен келдің - құшақтасады.

2. Тәрбиеші:«Сиқырлы сөздер ойыны»
Сиқырлы сөздерді білесіңдер ме? Қандай? Барлығың айтыңыздаршы......
- Таңертең тұрғанда аналарың не дейді?
- Қазір біз сиқырлы сөздердің көмегін көреміз! Егер мен бір нәрсені істеуді өтінемін деген сөзбен айтсам ғана орындаңдар. Егер ұмытып кетсем, орындамайсыңдар.
Тапсырма.
Өтінемін қолдарыңды көтеріңдер! түсіреміз.
Қолдарыңды жандарыңа қарай көтеріңдер!
Өтінемін оң қолдарыңды көтеріңдер! түсіреміз
Қолдарыңды белдеріңе қойыңдар!
Өтінемін қолдарыңды бастарыңның артына апарыңдар түсіреміз
Өтінемін қолдарыңды белдеріңе қойыңдар
Өтінемін сол қолдарыңмен оң қолдарыңды ұстаңдар! түсіреміз
Қолдарыңды көтеріңдер!
Өтінемін қолдарыңды жандарыңа қарай көтеріңдер! түсіреміз

3. Тәрбиеші: ата - аналар үшін ойын: Өз балаңыздың 3 жақсы қасиетін айтыңыздар.
Сіз мақтан тұтатындай балаңыз шағын орталықта нені үйренді?

4. «Сөйлемді аяқта» ойыны
Алдымен анасы, содан кейін баласы айтады.
«Мен......... ұнатамын»
«Мен.......... ұнатпаймын»

5. Психолог: Жұлдызқұрт ойыны. Бір - бірімізді жақсы сезініп, бір бірімізден энергия алу үшін бір сергіту сәтін өткізейік.
Нұсқау: Қатысушылар бойларыңмен сапқа, бір - бірлеріңнің алдарыңа тұрыңдар. Қолдарыңды белдеріңе қойыңдар. Шарлар алдыңғы қатысушының белі мен іштерінің арасына ұсталып тұрады. Шарларды қолмен ұстап түзеуге болмайды. Алдыңғы қатысушы шарды, қолдарын алдыға соза отырып, ұстайды. Сонымен, бір тізім шықты. Енді тізім үзілмейтіндей етіп, шеңбер жасап жүріңдер.( Қатысушылардың шарларды түсірмей жүре ала ма екендігі, балалардың өз әрекетін қалай үйренгендігін, біреуі лидер рөлін алды ма екендігі қарастырылады)
Өздеріңді жұлдызқұрттың бір мүшесі ретінде сезіндіңдер ме? Кім сезінді,
Қолдарыңды көтеріңдер.
Бұл неден көрініс береді? (мен тез жүруге қорықтым)

6. Психолог: Психологиялық сәт: Уақыты 5 минут
Қатысушылар, анасы мен баласы өмірлеріндегі ең бақытты кездерін айтады. ( Музыка ырғағы ойнап тұрады)

7. Тәрбиеші: «Өнеріңді сына»Ата - ана мен бала бірігіп өнерлерін ортаға салады
1. Биге жақын ата - ана мен баласы «Қара жорға» биін билейді.
2. Спортқа жақындар бір спорт түрін көрсетеді.
3. Шебер қолдар бар болса, шеберлігін көрсетеді. (сурет салу т. б.)

8. Психолог: «Отбасы суреті». Қатысушылар екі топқа бөлініп, бірігіп ақылдасып, қандайда бір образды ұсынады. Ватманға отбасы портретін салады. Салынған сурет талқыланады.

9. Тәрбиеші: Аналармен өзіндік жұмыс.
1. Балалармен карта ойнауға бола ма?
2. Егер бала сізге онымен бірге ойнауды өтінсе, ал сіз осы кезде теледидар көріп отырсаңыз не істеу керек?
3. Егер ойындағы кез - келген сәтсіздік балада қайғы мен уайым, жылауды туындатса не істеу керек?
Тәрбиеші: Қортынды сөз. Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» - деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні - баласының алдыңғы
қатарлы азамат болып өскені. Ата - ананың жеке басының әсері балаға күн
сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес. Сондықтан баладан жүрек жылуын аямай, бір сәт болса да бала көзімен қарау керек.

10. Психолог: Қоштасу рәсімі. Қатысушылар қағаздан қиылған алмаларды алады. Онда әркім бір жағымды сурет салуға, не жақсы тілек жазып, бүгінгі кешімізге естелік болатындай етіп, мына талға ілуді ұсынамыз.

№38 педагог - психолог: Абеуова Мақпал Бекболатовна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • «Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік

    - саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
  • Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі

    Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады
  • Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

    Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.
  • Наурыз мейрамы

    Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.
  • Қаратпа сөз

    Қаратпа сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке ...
  • Би музыкасы

    Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке ...
  • Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктері

    Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктерін көрсете отырып түсіндіру. Оқушылардың ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу
  • Спортпен айналысамыз

    Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
Үздік жаңалықтар
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 63
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 63
Роботтар: 3
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика