Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда психологиялық тапсырмалардың маңызы

22 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамытуда психологиялық тапсырмалардың маңызы

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр оқушыға өзін көрсетуге және өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Зейінді психологиялық феномен ретінде ХІХ ғ. аяғында ХХ ғ. басында бір топ зерттеушілер қарастырды. В. В. Петухов, Л. М. Веккер, Т. Рибо, Н. Н. Ланге, А. А. Ухтомский, С. Л. Рубинштейн, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев т. б. өз еңбектерінде зейінге әр түрлі сипаттамалар берді. Дәстүр бойынша, зейін дәл сол сәтте қандай бір объектіге, бейнеге, оқиғаға адам санасының бағытталуы және шоғырлануы ретінде сипатталады.

Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпімен жақсы көрінеді. Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оны бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң басқа сабақты қарауға көшеді. Осы көріністердің бәрінен де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектіге бағыт алып және сонда азды – көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез - келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасының қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам санасының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде - бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».

Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Зейінді дамытудың жолы – жаттығу және берілген тапсырманы орындату. К. Д. Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек» деген. Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс. Шу, баланың сабағына қатысы жоқ радио, қажетсіз әңгімелер т. б. болмауы керек. Жарық, таза ауа қажет.

Сабақ басталар алдында өтілетін тақырыптың мақсатын айтқан пайдалы. Балалар өздерінің міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыру керек. Бұл іске жұмылдыру болады, зейінді шоғырландыруға көмектеседі. Материалдың оқудағы, өмірдегі маңыздылығын айтқан жөн. Ырықты зейін осылай қалыптасады. Ырықсыз зейінді ырықтыға аудару үшін: жарқын, эмоцияға толы, нақтылы деректер мен мысалдарға құрылған мұғалімнің қызықты әңгімесі, көрнекті құралдар, иллюстрациялар қажет. Баланы өзін - өзі қадағалай білуіне үйреткен жөн. Әдістер:
А. Мұғалім кубикті қолына алып (5 кубик алып стол үстіне қоямын, тағы 4 кубик қосамын. Сонда қағаз астында неше кубик жатыр?) бала кубикті көрді және ойына елестетті. Бұл көрнекілік – зейінді тәрбиелеу әдісінің бірі;
Ә. Материалды жеткізу – дәріс, өзара әңгіме, сұрақ қою, жауап бергізу, диалог түрінде болуы дұрыс;
Б. 2 - 3минуттық, сергіту дене шынықтыру, сергіту минуты зейінді өз қалпына келтіруге септігін тигізеді;
В. Оқуды белсендіре түсу әдісі: сұрақты жалпы қою, орындалған тапсырманы ұжымдық түрде тексеру;
Г. Оқығанын түсінудің маңызы зор, сондықтан үйге берілген тапсырма балалардың күшіне сәйкес келуі тиіс;
Д. Бала мінезінің және еркінің ырықты зейінді тәрбиелеуге әсері мол. Ерік пен мінез әрқашанда зейінге ұштасып отыруы керек;
Е. Мұғалімнің жеке басының зейінділігінің маңызы зор.

Мұғалім іске ынтасыз, енжар, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Ы. Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларды түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» деген.
Балаға әсер етерлік психологиялық тактіні меңгеру мен өз мамандығына жетік болу зейінді тәрбиелеуге қатысы бар факторлар. Мұғалім даусының мәнерлі келуінің де зейін тәрбиелеуге тигізетін әсері зор. Мұғалім сөзі анық, әрі құлаққа жағымды сыңғырлап тұруы қажет. Сыныпты меңгере алуы қажет, кейде әзіл – оспақ, күлдіргі қалжыңдар да керек.

Психологтардың зерттеулері ерікті зейіннің дамуы алғашқы жылдары бұл процесті сауатты бағыттап отыруға байланысты екенін көрсетеді. Бұл кезде балалардың белгілі бір мақсатта жұмыс істей алу мүмкіндігінің дамуы үлкен мағынаға ие. Алғашқыда баланың алдына мақсатты үлкендер қояды және осы мақсатқа жетуіне көмектеседі. Балалардың ерікті зейінінің дамуы үлкендер қойған мақсатқа жетуден бастап, өзінің алдына мақсат қою мен оны іске асыруын қадағалап отыру бағытына байланысты. Еріксіз зейіннің физиологиялық негізі болып нысаналы рефлекс болып табылады. Зейіннің бұл формасы мектеп жасына дейінгі балаларда үйретудің алғашқы сатысында кездеседі. Бұл жаста бала жаңа және жарқыраған нәрселерге қызыққыш келеді. Бала әні өз деңгейін басқара алмайды, сондықтан да сыртқы әсерлерден шыға алмайды. Бала белгісіз, түсініксіз нәрсеге зейінін аудара алмайды, олардың зейіні ауытқып, басқа нәрсеге алаңдап кетеді. Түсініксіз, белгісіз нәрселерге баланың зейінін аударуға үйретіп қана қоймай, сонымен қатар ерікті зейінін дамыту керек.

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Шұбарқұдық кенті6 №1 Шұбарқұдық мектеп – гимназиясы
Педагог - психолог: Ілияс Әзіргүл Нұрсұлтанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 043
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - сынып оқушыларының бейімделуіне қажет тиімді көмек
1 - сынып оқушыларының бейімделуіне қажет тиімді көмек
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш сынып оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. 1 сынып оқушысын мектепке бейімдеу.
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ
1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жөнінде ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ
Бастауыш сыныптарда “Тәй - тәй”бағдарламасымен кіріктірілген сабақтар ұйымдастырудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда “Тәй - тәй”бағдарламасымен кіріктірілген сабақтар ұйымдастырудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда “Тәй - тәй”бағдарламасымен кіріктірілген сабақтар ұйымдастырудың ерекшеліктері. «Тәй - тәй» бағдарламасының ең басты мақсаты өзара сыйластықты, жауапкершілікті, үлкендер сияқты балалардан да шынайылықты, зейінділік, ынта - жігер
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс
Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері
Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері
№ 65 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Салтанат Карыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×