Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өмір – өмір сүру үшін беріледі

07 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Психология
Өмір – өмір сүру үшін беріледі
Мақсаты: Оқушыларға темекі, арақ, нашаның зияндары туралы білімдерін тереңдетіп, сұраққа жауап беру барысында ой - қабілеттерін дамыту, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекі - құралдар: суреттер, мақал - мәтелдер, бейне роликтер.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе
Құрметті ұстаздар, студенттер! Сіздерді жаңа ғасырдың жас буын өкілдері, жаңалыққа жаны құмар ізденімпаз жастармен кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз! Адамның жастығы дегеніміз - тамаша, сәулетті көктем, ол өмірде бір - ақ рет беріліп және қайтып келмейтін адам баласының естен кетпес балауса бақытты шағы.
Жастық шақ адам өмірінің ең бір белсенді, ең бір өнімді кезеңі. Болашақ бүгіннен басталады десек, ертеңгі біздің келешегімізді жалғастырушы жас ұрпақтың қоғамға ойы таза, санасы сергек, заманымыздың қазіргі талабына сай ғылым мен техникасын меңгерген қыздар мен жігіттердің басқаратыны сөзсіз. Еліміздегі әрбір адам өмір сүруге құқылы. Дегенмен, өмір туралы басқалар қалай ойлайды, соны бүгінгі кездесуімізде талдап, ойымызды ортаға салайық. Неліктен пікір алмасуымыздың тақырыбын «Өмір – өмір сүру үшін беріледі» деп атағанымызды кеш барысында түсініп, соңында жауабын айтамыз. Пікір алмасуымыздың мақсаты: темекі, арақ, нашаның зияндары туралы білімдерін тереңдетіп, сұраққа жауап беру барысында ой - қабілеттерін дамыту, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті.
1 - бағыт – «Темекі шегуді тоқтату».
2 - бағыт - «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес».
3 - бағыт - «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес».
Ал, енді өмір туралы, денсаулық туралы ойлап көрейікші.

І. Қызығушылықты ояту
1. Өмір деген не? – деген сауалға жауап беріп көрелік. Өмір - адам туғаннан бастап өлгенге дейінгі физиологиялық күйі. Адам өмір сүру үшін айналасындағы ортамен үнемі зат алмасуы арқылы тығыз байланыста болуы керек. Өмір - теңіз! Осы үлкен теңіздің асау толқындарында, күшті дауылдарында адасып қалмау үшін өмірімізді неден бастап, қалай адасып қалмауымыз керек. Мен енді барлықтарыңыздың ойларыңызды жинақтап, қорытындысын шығарып көрейін. Адам баласына бір - ақ рет берілетін өмір, бұл – бақ, байлық, береке.
2. Денсаулық туралы пікірімізді білдірейік.
Денсаулық - зор байлық! Осы мақалдың мағынасын түсіндіруге тырысайық.
3. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!» - дейді данышпан халқымыз, бұл туралы ой - пікірлерімізді ортаға салыңыздар.
4. «Өмірімізді қысқарту да, ұзарту да өз қолымызда» десек, шындыққа жата ма, жоқ па?
Қор болған темекіге қайран жігіт,
Тұрады - ау танауынан түтін шығып.
Уланған темекімен қайран қыздар,
Тартқанда қыз - келіншек денең мұздар.
Жараса ма темекі нәзік жанға?
1. Темекінің адам денсаулығына қандай зияны бар?
2. Темекі білместіктен тартыла ма, әлде сәндік үшін тартыла ма?
3. Ең жақын адамның темекі тартқанын қалар ма едіңіз?
4. Темекіні тастауға бола ма?
Иә, балалар адамның әдемі де ұзақ өмір сүруіне кедергі келтіретін зиянды әдеттер бар: темекі, маскүнемдік, нашақорлық. Темекі тартудың басты себебі неде: еліктеу, ересек болуға тырысу, темекінің зиянын білмеуінен деп жатамыз. Біз жаңа заманда өмір сүріп жатырмыз. Заман ағымына қарай, адамзаттың тұрмыс тіршілігі өзгеріп отырады. Адам өзінің жаны тыныш болу үшін қаншама жайлы жағдайлар жасамады дейсіздер?... Жақсылық пен жамандық қатар жүретін «цивилизация» аталатын осы заманда қай жаңалық қай жағынан шығатынын біліп жарымайсың. Соның бірі - нашақорлық жылдан жылға көбейіп келеді.
1. Нашақорлық, наша, есірткі туралы не ойлайсыздар?
2. Есірткі егіп көргенің, ажалдан бұрын өлгенің» мақалын түсіндіру.
3. Өзіне - өзі адам неге қол жұмсайды?
Нашақорлық - грек сөзі, аудармасы «ессіздік» ал осы сөздің өзі айтып тұрған жоқ па, нашақорлықтың қайда апаратынын.
Нашақорда жақын жоқ,
Апиында ақыл жоқ.
Құмартып наша шеккенің,
Ар, намысты төккенің.
Нашар жігіт – нашақор!
Нашаға ілесіп кесел жүреді,
Көкнарға ілесіп кесел жүреді.
Наша тартқан кесел болады,
Көп ұзамай кесел болады,
Ақырында мешел болады.
«Қара пима» бейне ролик. (Ұ. Есдәулетов). Шығармадан қандай ой түйдіңіздер?
1. Арақтың зияны?
2. Зиянды екенін біле тұра, неге арақты ішеді?
3. «Ұзартқың келсе ғұмырыңды, таста арақ пен шылымды» - деген сөзді қалай түсінесіздер?
Абдул Фарадж деген философ «Ішкілік адамға төрт түрлі қасиет береді. Адам алғашқыда назданып тотыдай сыланады, содан кейін жеңілтектеніп, маймылша қылмыңдайды, әркімге бір тиіседі, арада біраз уақыт өткенде арыстандай айбат шегеді, ақырында шошқаша лас жерге аунайды» деп ішкен адамға мінездеме берген.
Міне, балалар адам өмірге келгеннен кейін ең алғашқы құқығы – ол өмір сүру, оның өміріне қол сұғатын ешкімнің де құқы жоқ. Сондықтан темекі, арақ, нашаның зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруіміз керек. Ол үшін не істеуіміз керек?
Ал салауатты өмір сүрген адамның денсаулығы өте тамаша болады, ұзақ өмір сүреді және ол адамның жүріс - тұрысы жарасымды, сымбатты көрінеді.
Балалар, пікірталасымды неге «Өмір – өмір сүру үшін беріледі» деп алғанымызға ой - пікірлер айту барысында жауап айтылды ма, жоқ па?
Пікірталасымызды «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөзбен қорытындылаймыз. Дені сау, құрыш білекті, салауатты өмір салтын қолдайтын, өнер мен білім қуған көк байрақты еркін Отанымыздың нағыз патриоты, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болыңыздар деп кездесуімізді аяқтаймыз.

БҚО, Қаратөбе ауданы,
Қаратөбе колледжінің педагог - психологы
Жайманова Шарбану Есетқызы
4 124
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Салауатты өмір – еліміздің болашағы
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы, денсаулықты сақтаудың бірден - бір дұрыс жолы зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Нашақорлық – шын қорлық
Нашақорлық – шын қорлық
Жас желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Денсаулығым бақытым
Денсаулығым бақытым
Уланған темекімен қайран қыздар, Тартқанда қыз – келіншек денең мұздар. Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға, Көргенде осындайды жүрек мұздар...
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ» Өзін – өзі тану пәні мұғалімі: Шайкова Жулдыз Алихановна
Салауаттылық – саулық негізі
Салауаттылық – саулық негізі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы № 2 Алға орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Нуртиякова Рысты Агадилевна
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін  қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепте оқушының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
"Сымбат" жеке мектебі бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×