Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таңғажайып көбелектің түсі

29 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: «Таңғажайып көбелектің түсі».

Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Бастауыш сыныптарда көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын анықтауға арналған тапсырмалар мен ойын жаттығуларын жүргізу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: ертегі - терапия, арт - терапия, құм - терапиясы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу (Сәлеметсіздер ме?).
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Мен сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір бірімізді жылытайық. Бір бірінің қолдарын ұстасады. Міне, кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті, батыл болуымыз керек. Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын. Қараңдаршы, айнала қандай әдемі.
Ойын: «Жаңбыр»
Психолог: Балалар, сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
Жылы жаңбыр да жауады (екі қол артта, кезек кезек алдыға созу).
Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу)
Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады.-(Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу)
Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр.-(Қолды қанатша қағып, отырып тұру).
Жан жануарлар да ояна бастады.-(Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу)
Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр.-(Лотос қимылы)
Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр? Кәне артынан барайықшы
Құм салынған үстелге жақындайды.
Құм терапия - жаттығуы
Қолды құмға саламыз, саусақтарының арасынан құмды уқалау, қолды құмға жасыру, балалар құмдың арасында жасырылған ойыншықтар бар, кәне, кім қандай ойыншық тапты. Кәне атаймыз. Жақсы.
Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық:
«Ғажайып көбелектің түсі»
Ертегі айтады: Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түрлі түсті көбелектер өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түрлі түсті көбелектер қанаттарын қақса әдемі түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер көресіңдер ме?
Психолог:
Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.
Психолог:
Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар сендер мына көбелектерде қандай түс көргілерің келеді? Соның сүретін бояйық. Балалар суреті бояйды.
Ойын «Болады, болмайды» жаттығуы
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса онда аяқпен топылдатады.
Мысалы:
Қасқыр орманда кезіп жүреді (алақан шапалақтайды)
Қасқыр ағаш басында отыр (аяқтарын топылдатады)
Кастрөлде кесе қайнап жатыр.
Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр.
Ит аспанда жүзіп келеді.
Қыз үйдің сүретін салып отыр.
ЗЕЙІНДІ ТҰРҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР:
«Менің көңіл күйім қандай?»
Балалар, көңіл күйіміз жақсы дедіңдер, ендеше жақсы көңіл күйлеріңді көрсетіңіздерші:
Көңілді болғанда не істейміз?
Адам ренжігенде не істейді?- бұртияды, қабағы түседі
Қорыққанда не істейді?- көздерін жұмады.
Қуанғанда, көңілденгенде - күледі.
Таңқалғанда – көздері шарасынан шығады.
«Менің көңіл күйім қандай?
Ойлауды дамытуға арналған ойын
«Ойлан да, аяқта?»
Лимон қышқыл, ал қант -(тәтті)
Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық - (үстелден аласа)
Екі бірден көп, ал бір -(екіден аз)
Сен аяғыңмен жүресін, ал затты ұстағанда немен ұстайсың -(қолмен)
Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықты, ал Айман -(кейін)
Пышақ та, әйнек те -(өткір)
Тренинг Қорқыныш:
Балалар орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. ОЛ не екен? Қорқып кеттік. Балалар қорққанда не істейміз? Тұрып қаламыз: (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі.(МЯУ). Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық жылатайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді ҚОРПАЙМЫЗ.
«КӨБЕЛЕКТЕР ӘЛЕМІ» ЖАТТЫҒУЫ:
Мақсаты:
Релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: Музыка, баяу орындалатын музыка.
Жаттығудың өтілу барысы:
Балалар орындықтарға денелерін бос ұстап отырып, аяқ қолдарын еркін созады.
Психолог: арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді:
Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл қозғалысына қараңдаршы!
Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарың өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сеңдердің қанатарың төмен жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезініңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар!
Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісін
Сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар.... енді көздеріңді ашыңдар!
Балалар кезекпен өздерінің сезімдері жайлы айтады

ҚОРЫТЫНДЫ:
Сабақты бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріледі.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Не үйірендік?
Қандай тапсырмалар орындадық?

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды деп ой түйіндейміз.
6 516
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Педагогтарға арналған психологиялық тренинг
Ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.
АРТ - терапия
АРТ - терапия
АРТ - ТЕРАПИЯсы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт - терапия болып табылады. Арт - терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады.
Күн жарқырап, шөп шықты
Күн жарқырап, шөп шықты
Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес (қағазбен бастыру, шиыршықталған қағаздар арқылы) тәсілдерімен жұмыс істеуге үйрету. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Шығармашылық қиялын саусақ моторикаларын дамыту.
Киімдер және аяқ киімдер
Киімдер және аяқ киімдер
Ертеңгілік жаттығу. «Қояндар» Бір - бірінің артынан жүру, содан кейін жүгіру. Шеңбер құрып жүру. Шеңберді қол ұстасып айнала, қол ұстасып жүру. 1. «Қояндар тың - тыңдап отыр» аяқтарын кішкене ашып, қолдарын бос ұстау. Қолдарын көтеріп, бастарына
Ғажайып көбелек
Ғажайып көбелек
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №2 Санаториялық балабақшасының психологы Алтынбекова Асылзат Нурлановна
Дамытушы ойын-жаттығулар
Дамытушы ойын-жаттығулар
Ақтобе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі Мадиярова К. Ә.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×