Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман

26 ақпан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман
(Психологиялық тренинг)

Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл - күйін көтеру.
Қатысушылар: жас мамандар
Өту түрі:
І. Сәлемдесу
ІІ. Психогеометриялық тест
ІІІ. Сұрақ менен, жауап сізден.
IV. Сіз қандай ұстазсыз?
V. Сергіту сәті.
VІ. Рефлексия.

Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.

Психолог сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! «Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады.»- деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту - қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілектерімді білдіре отырып, бүгінгі «Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман» атты психологиялық тренингіне қош келдіңіздер деймін!

І. Сәлемдесу.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
1.«Бір - бірімізбен амандасайық»
Мақсаты: бір – біріне жақын болуға, бір - бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: басыңызды тигізу арқылы

ІІ. Психогеометриялық тест.
Мақсаты: Адамның тұлғалық типін анықтауға мүмкіндік береді.
Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек.
Осылардың ішінен сізді «бұл - Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Сонымен сіз таңдаған фигураңыз - сіздің негізгі үстемдік ететін мінез - құлқыңыздағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Психогеометриялық тест әдістемесі арқылы жасалған диагностиканың дәлдігі – 85%!
Нұсқау:

Суретте бейнеленген 5 фигураға қараңыз: квадрат, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шеңбер, ирек. Осылардың ішінен сізді «бұл – Мен!» дегізетіндей біреуін таңдаңыз. Өзіңіздің формаңызды сезініңіз. Таңдау қиын болса, сізге бірінші болып «қараған», көзіңізге бірінші іліккен форманы алыңыз. Оны №1 деп белгілеп жазып алыңыз. Одан кейін қалған фигураларды қалауыңызша нөмірлік ретімен жазыңыз.
Квадрат: Қайраткер, еңбекшіл форма. Оның өмір сүру ортасы өзіндік «Меніне» үйлесімді.
Жағымды жақтары – ұйымшыл, дәл, қатаң тәртіпті, ережені ұстану, аналитикалық ойлау қабілеті, ұсақ заттарға зейінділік, фактіге жүгіну, жазба сөйлеуге құштарлық, ұқыптылық, тазалық, сақтық, салқынқандылық, үнемшілдік, тұрақтылық, талапшыл, шешімінен қайтпау, шыдамдылық, еңбекқорлық, кәсіби эрудиция;
Жағымсыз жақтары: тақуа, өте ұсақшыл, өте сақ, «ақылгөй», ерегеспе, консерватор, (жаңалыққа қарсылық көрсетуші), шешімді қабылдауды созу, сараңдау, саясаткерлігі төмен, таныстары мен достары аз адам.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Қарабау ауылы, Қарабау орта мектебінің
педагог – психологі Дүйсенова Жайнагүл Берікқызы

Жарқын болашақ иесі - бүгінгі жас маман. жүктеу
5 806
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заманауи жас маман (мектепішілік байқауы)
Заманауи жас маман (мектепішілік байқауы)
Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Ұстаздық еткен жалықпас...
Ұстаздық еткен жалықпас...
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында
Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
Топ жетекшісі: Аманова Меруерт Ашимхановна
Жас мамандарды ұстаздық шеберлікке баулу
Жас мамандарды ұстаздық шеберлікке баулу
БҚО, Ақсай қаласы жалпы орта білім беретін №5 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дарисова Айнагуль
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×