Білімділер поралы

Талап терең, сенім зор, мәртебе биік, бедел асқақ болуы қажет.

Ұстаз мәртебесіне сай пікір білдірген проблемалық мақала.
Талап терең, сенім зор, мәртебе биік, бедел асқақ болуы қажет.
Жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп тәуелсіз Қазақстанның болашақ білікті де білімді азаматтарын тәрбиелеп отырған білім ошағындағы мұғалімдер - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы аса маңызды тұлға, ерекше талапқа ие, халықтың зор сенімін арқалаған арнайы мамандық иесі, жауапкершілігі мығым мемлекеттік қызметкер. Ол жас ұрпаққа білім беруші ғана емес, ол әрі шәкірттердің өнеге алушы тәрбиешісі. Өйткені мұғалім балаларға білім беріп қана қоймай, өзінің дүниетанымы, үлгілі адамгершілігі, биік моральдық бейнесі арқылы әсер етеді. Білім жүйесі ұстаздар қауымының алдына жаңа ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау сияқты күрделі мәселелерді қойып отыр. Дәлірек айтқанда жас ұрпақтың келешек тағдыры мұғалімдер қолында екені анық.

Ал, мұғалімдердің дамып жетілуі, мамандығының хас шеберлігі, толысып кемелденуі мемлекеттің қолында, бұл істі абыроймен атқару мемлекеттің абзал борышы. Қай елде, қай өркениетте болсын, ұстаздық мамандығына лайықты, талантты жандарды тауып сұрып - тап, оларға оқытып білім беріп, кәсіби шеберлік игертіп дайындау, олардың кәсіби шыңдалуына, білім - біліктілігін арттыруға жағдай жасау, өздік ерекшелігіне сай жүйе құру мемлекет саясатының шымбайлы құрамдас бөлігі.

Қоғам тапсырысына сай ойы жүйрік, ақылы жетік бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады десек, оның өзі қандай тұлғалық кейіпте болуы керек? Әлемдік педагогика мұғалімде болуға тиісті үш сапаны ерекше атап келеді.
1. Міндетті болуға тиісті сапа - кәсіптік қызметіне тікелей байланысты сапалық қасиеттер:
2. Маңызды сапа - қасиеттер тобына адамгершілік, имандылық сезімдердің жоғары дәрежеде қалыптасқан деңгейі; балаға деген сүйіспеншілік; ізгілік; педагогикалық байқағыштық; кез келген құбылысқа бейімделе алу қабілеті, педагогикалық оптимизм; танымдық қызығушылық пен жалпы жан - жақтылық; мейрімділік пен әділдік; талап қоя білу мен сезімталдық; ұстаздық борыш пен жауапкершілік; іс - әрекет нәтижесін алдын - ала болжай білу; сөйлеу мәдениеті; байсалдылық жатады.
3. Мұғалімде мүмкіндігінше болуға тиісті деген сапаларға оның дауысы, сырт келбеті, дене күші, жақсы талғам мен оқушыны өзіне тарта білуі, ойдың ұшқырлығы, көңілдің көтеріңкі болуы жатады. Осы сапаларды игерген ұстаз, ел сенімін ақтайды, шәкіртінің мақтанышына бөленеді, қауым құрметін көреді, беделі артып, жұрттың, айтулы азаматына айналады. Дәл осы шақта еліміз мұндай ұстаздарға кенде емес, Аллаға шүкір, оларды кез - келген мектептен таба аласыз. Екінші жағынан, олардың озаттар қатарына қосылып, өсіп өркендеу жолына зер салсаңыз, барлық ұстаздардың бұл деңгейге көтеріле алмауының басты себебі оларда жас шағынан таңдап тауып, мұғалімдікке бейімдей алмаудан екендігі аңғарылады. Қазір біздің қоғамда қалыптасқан теріс пікір - мұғалім деген кім көрінген істей алатын ең оңай іс. Өткен ғасырдың басында, АҚШ - та: «Егер жұмыс таппасаң, мектепке барып, мұғалім бол»- деген тәмсіл орын алып, осы кемсітуді толық жою үшін, барлық қауым, оқу - білімге ерекше мұқият болып, мемлекет талай дарындылар мен талантты ұстаздарды әр елден «азғырып - сатып алып», ғылымды Европадан көшіріп те әкеткен.
Талап терең, сенім зор, мәртебе биік, бедел асқақ болуы қажет. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 177
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 176
Роботтар: 2
bkbibi
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика