Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жеке адам

21 сәуір 2019, Жексенбі
Категориясы: Психология
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жеке адам
601. Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері
А) адам
*В) жеке адам
С) индивид
D) тіршілік иесі
E) нақты адам
602. Жеке адам терминіне байланысты ең алдымен түсінетініміз -
А) биологиялық мән
*В) қоғамдық мән
С) әрекет субъекті
D) тіршілік формасы
E) интеллект иесі
603. Жеке адамның қоғамдық мәнін танытушы негізгі фактор
А) табиғи болмысы
В) нәсілдігі
*С) қажеттік - себеп аймағы
D) сырт көрінісі
E) қылық әрекеті
604. Жеке адам дәрежесіне көтерілудің негізгі көзі
А) нәсілдік белгілер
*В) қоршаған орта
С) өткен әулет тәжірибесі
D) жаратылыстан тыс күш
E) гендік бағдарлама
605. Жеке адамды танып білуге онша қажет емес фактор
А) өмірлік міндеттері
В) міндеттерді іске асыру әдістері
С) ұстанған принциптер
*D) нәсілдік белгілер
E) мақсат мұраттары
606. Даму деңгейі жоғары болған адамға жат қасиет
А) рухани мәртебелік
*В) күнделікті күйбең
С) қоғамдық мәнділік
D) ізгі мақсат
E) өз қадірін тану
607. Организм негізі генотопы арқылы танылуы мүмкін емес адам ерекшелігі
А) анатомиялық құрылымы
В) физиологиялық ерекшелігі
С) жүйке жүйесінің динамикасы
*D) мінез бітістері
E) темпераменті
608. Жеке адамның дербестігін қамтамасыз етуші негізгі фактор
А) табиғи болмысы
В) жоғары интеллекті
*С) қоғамның жоғары даму дәрежесі
D) сырттай жоғарғы рухани күш
E) қоршаған орта ықпалдары
609. Жеке адам сапалары негізінен тәуелді
*А) қатынастар өрісіне
В) организм табиғатына
С) нәсілдігіне
D) интеллектіне
E) ептілігіне
610. Жеке адамның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты болмауы мен кемелденгенінің дәлелі
А) белсенділігі
*В) дебестігі
С) ақылдылығы
D) еркіділігі
E) көрегендігі
611. Жеке адам дамуы мен оның ұнамды қасиеттерінің қалыптасуына негіз -
А) өз белсенділігі
В) табиғаты
*С) қоғам қолдауы
D) ақыл - ойы
E) болмыстан тыс күш
612. Дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре қалыптасып бару процесі
А) персонализация
*В) идентификация
С) адаптация
D) гуманизация
E) рефлексия
613. Персонализация дегеніміз -
А) өзін басқа адамдармен теңестіру
*В) өз ерекшелігін тану
С) басқаларға икемдесу
D) жауап әрекетке келе білу
E) жалпы адамшылықты тану
614. Жеке адамға байланысты «мен» ұғымының мәні
А) басқаларды бағалау қабілеті
*В) өз қадірін сезе білу
С) дүниеге сезімталдық
D) заттасқан құндылыққа жақын болу
E) астар сана ықпалға тәуелділік
615. Нақты тарихи әлеуметтік аймақта адамның тұрақты қылық әрекетінің белгілеуге қатысы жоқ фактор
А) құндылықтар өндіру әдісі
В) тұтыну аймағы
*С) нәсілді белгілер
D) әлеуметтік қатынастар
E) тұрмыс салт
616. Адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірінің негізі
А) тума қасиеттер
В) нәсілдік белгілер
С) гендік программа
*D) әлеуметтік құнды салт бағыттар
E) болмыстан тыс ықпал
617. Адам өмірін құнсыздандыратын себеп -
А) ішкі заңдылықтарды тану
*В) мезеттік ықпалдарға тәуелділік
С) ниет себептерді түсіне білу
D) мағыналы мұраттар
E) саналы бағыттар таңдай алу
618. Жеке адамдағы барша өмірлік күйзелісті болдырмаудың амалы
А) өз “менін” елемеу
В) өз құндылығын сезінбеу
С) психикалық жағдайын басқаға бағындыру
*D) әрекет қылықтарын қоғам өлшемдеріне икемдестіре білу
E) даралығы әсірелеу
619. Жеке адамның тұрақты қасиеттерін қалыптастырушы фактор
А) тума нышан
В) нәсілдік белгі
С) әлеуметтік - мәдени сапа
*D) аталғандардың бәрінің бірлігі
E) аталғандардың ешқайсысы емес
620. Адамды әрекетке итермелеуші себеп -
А) тілек
В) ниет
*С) қажетсіну
D) сыртқы ықпал
E) мақсат
621. Санада қаланып, нақты қажеттілікті қанағаттандыру үшін адамды әрекетке итермелеуші фактор -
А) мақсат
*В) сыртқы ықпал
С) мотив
D) тілек
E) ниет
622. «түрткі - қажетсіну аймағы» түсінігінің мәні
*А) дамудағы сеп түркілер жиынтығы
В) ізгі мұраттар
С) ішкі ниет тілектер
D) барша қажетсінулер
E) нақты қызмет әрекеттері
623. А. Маслоу ұсынған мотивтер тобынан орын таппаған қажетсіну түрі
А) биологиялық
В) қорғаныс
*С) қоғамдық
D) жеке сыйластық
E) тұлға абыройы
624. Нақты адам қоғаммен байланысы жоқ, оқшауланған тұлға - деп түсіндіруші ғалым
А) Рубинштейн
*В) Маслоу
С) Выготский
D) Ушинский
E) Ломов
625. Жеке адамның қажетсіну аймағы оның басқа тұлғалармен байланысы мен қатынасына тәуелді болуы уағыздаушы ғалым -
А) Рубинштейн
В) Маслоу
*С) Ломов
D) Фрейд
E) Торндайк
626. Адамның мотивтік аймағының сипатына жат құбылыс
А) динамикалық
В) жанамалық
*С) тұрақты нақтылық
D) көп өлшемділік
E) көп түрлілік
627. Жеке адамның қажетсіну аймағының өрістеуіне себепші басты фактор -
А) жеке белсенділік
*В) қоғамдық өмір
С) табиғи болмыс
D) рух
E) генотип
628. Адамның қажетсіну талаптарын дамытушы қоғамдық құрылымдардың ең қарапайым түрі
А) ұлыс
В) мемлекет
С) ұлт
*D) нақты тұлғалар қауымдастығы
E) ресми бірлестіктер
629. Адамның бір деңгейдегі өз қажеттеліктерінен екінші бір дәрежелеріне көшу себебі
А) тұлғалық ерекшелігінен
В) өзіндік даму заңдылықтарынан
*С) тұтастай қоғамға араласуынан
D) жеке ниеттерінен
E) жоғары рух ықпалынан
630. Адамның өз басына ықпал жасаушы өзіндік рухани күштеріне қатынасы
А) саналы
*В) көбіне сезбейді
С) ырықты
D) тіпті сезбейді
E) нақты жоспарлы
631. Нақты адамның өз болмысы жөніндегі өзіндік бағасының дәрежесі
А) толық объектив
*В) объективтігі кемдеу
С) қияли
D) жалған
E) тіпті жалған
632. Әрбір адам дәл мезеттегі нақты әрекетінің тікелей мақсатын
А) сезбейді
В) сезу мүмкін емес
*С) айқын сезеді
D) күңгірт сезеді
E) жалпылама сезеді
633. саналы сезуге келмейтін бірақ адам әрекет қылығына қозғау беретін күштер
А) мақсат
*В) мотив
С) ниет
D) тілек
E) қажетсіну
634. Саналық негізге ие болған ықпалдардың бірі
*А) психикалық көрсетпе талаптар
В) жоспарлы мақсат
С) ізгі тілек
D) өмірлік ниет
E) тұрмыстық қажетсіну
635. Психикалық көрсетпе талаптардың мәнін құрайтын көп сипаттардың ұнамсыз түрі
А) алдын ала дайындалған шешім
В) өткен тәжірибеден үлгі
*С) ой стандарттарына тәуелділік
D) басқаларға еліктеу
E) заңдылықтарға бағыну
636. Көрсетпе талаптар құрылымындағы когнитивтік бірлік мәні
А) дерексізденген ықпал ниет
*В) танып, қабылданатын зат бейнесі
С) объектке болған қатынас
D) әрекетке ерік күшімен дайын болу
E) жалпылама деректеу
637. Адамның әрекет мотивтері тобындағы дерексізденген ықпал ниет атамасы
А) когнитивтік
В) көңіл - күй
С) әрекет - қылық
*D) құмарлық
E) ұмтылыс
638. Жеке адамның бағыт - бағдарының негізі
А) табиғи
В) тума
С) нәсілдік
D) рухани
*E) әлеуметтік
639. Адамның бағыт - бағдары құрамына кіретін психологиялық формалардың ең қарапайым биологиялық формасы
А) таным
В) көзқарас
С) ұмтылыс
*D) құмарлық
E) қызығу
640. Ниетке еріктік күш қосылғанда пайда болатын бағыт - бағдар түрі
*А) ұмтылыс
В) ниет
С) көзқарас
D) таным
E) құмарлық
641. Көзқарас мәні
А) саналы қажетсіну
В) ерікті ниет
*С) дүниені жүйелі тану
D) бағдарды ауыстырушы таным
E) биологиялық талпыныс
642. Адамның бағыт - бағдарының ең жоғарғы психологиялық формасы
А) көзқарас
*В) наным
С) қызығу
D) ниет
E) ұмтылыс
643. Адамның кемелденген жетістік деңгейі тәуелді
*А) өмірлік объектив мақсатқа
В) нақты іс - әрекеттік мақсатқа
С) қиялды мақсатқа
D) субъектив нанымдарға
E) табиғи болмысқа
644. Адамның танымдық қасиеттеріне кедергі болып, оны күйзеліске келтіруші психологиялық құбылыс
А) адаптация
В) иллюзия
С) галлюцинация
*D) фрустрация
E) аккомодация
645. Мақсатты әрекет бұзылысының бір түрі, регрессия мәні
А) түңілу
В) ашуға берілу
С) ойсыз әрекет
*D) өткен үлгілерге еліктеу
E) мәнсіз қимылдар
646. «Мен» ұғымын әрбір адамның өзін - өзі іс - әрекет субъект ретінде тануға жәрдем ететін психикалық ерекшеліктер жиынтығы деп түсіндіруші ғалым
А) Спиркин
*В) Кон
С) Василюк
D) Сеченов
E) Павлов
647. «Мен» бейнеге жат
А) динамикалы
В) ауыспалы
*С) бекіп қалған
D) кемелденуге бейім
E) өзгерістерге икем
648. Жеке адамның өз «меніне» сәйкес болу дәрежесін кемітуші фактор
А) өз болмысын тануы
В) мүмкіндіктерін білуі
С) өз беделін бағалай білуі
D) өзіндік бағамен өз әрекеттерін реттей білуі
*E) басқалар бағамына тәуелді болуы
649. Жеке адамға көңіл - күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдемдесетін құбылыс
А) табиғат әсерлері
В) қоғамдық мейір
С) әлеуметтік сақтандыру
*D) психикалық қорғаныс
E) рационал пайымдау
650. Жоққа шығару психикалық қорғанысының мәні
А) санадан шығару
*В) ақпаратты елемеу
С) басқаға өткізу
D) басқа әдетін икемдену
E) бағытты өзгерту
651. Болған оқиғаға байланысты қылық ниеттерін қияли дәлелдеуге жанастыру қорғанысы
А) жоққа шығару
В) сәйкестендіру
*С) жаңылу
D) ауыстыру
E) көшіру
652. Көңіл - күйге үлесімсіз ақиқаттарды санадан шығарып тастау қорғанысы
*А) ығыстыру
В) жоққа шығару
С) көшіру
D) оқшаулау
E) жаңалау
653. Оқшалау қорғанысының мәні
А) әрекетті оңай іске бұра салу
В) өтірік - шынды дәлелдеу
*С) іштей сезе тұра байқамауға тырысу
D) игі өнегелік игілерге еліктеу
E) өз келешегін басқаға аудара салу
654. Өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп көрсету әдісі -
А) жаңалау
*В) көшіру
С) сәйкестендіру
D) ығыстыру
E) ауыстыру
Психология пәні бойынша тест сұрақтары, толық нұсқаны қарау
31 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жалпылау тестілері
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Жалпылау тестілері
Адамның танымдық әрекетіне жатпайтын психологиялық категория А) зейін В) түйсік *С) сезім D) ойлау E) қиял
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Қабілет
Психология пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен. Қабілет
Әрқандай іс – әрекетті орындауына қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз жеке адам сапасы А) мінез В) сезім *С) қабілет D) темперамент E) ой
Психология пәні бойынша тест сұрақтары. Іс - әрекет психологиясы
Психология пәні бойынша тест сұрақтары. Іс - әрекет психологиясы
Психология пәнінен тест сұрақтары жауабымен. Іс - әрекет психологиясы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×