Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығармашылық әлемінде

03 желтоқсан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Психология
Тақырыбы: «Шығармашылық әлемінде»
Сабақтың түрі – жаттығу ретіндегі тренинг.
Мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық елестерін дамыту.
Шығармашылық іскерліктерінің, қиялдарының қалыптасуына мүмкіндік жасау, стандарттық ойлаудан кең ойлауға тәрбиелеу.
Ресурстар: ақ қағаз, интерактивті тақта, суреттер
Ең жоғары нәтижеге жету үшін тренинг креативтік сабақтың элементтері ретінде блоктарға бөлініп құрастырылған.
Ұйымдастыру кезеңі: Көңіл күйлерін сұрау. Жүрек жұлдыздарды өзі таңдаған суреттің астына жабыстырады.
Топқа бөлу. Дизайнерлар тобы, суретшілер тобы, сәулетшілер тобы. Мозаика құрастыру арқылы. «Суретшілерге» – Леонардо да Винчидің «Мона Лизаның» суреті, сәулетшілер тобына –«Бәйтерек» ғимаратының суреті, «Дизайнерларға» – әдемі вазаның суреті.   
1. Қызығушылықты арттыру Блогы.
№1. Мұғалім балаларға суреттер көрсетеді: заманауи биік этаждық ғимараттар, ежелгі адамның үңгірі , алғашқы ғасырда ағаштан жасалған үйлер . Және оларды хронологиялық ретімен орналастыруды сұрайды.
Көртышанның суреті көрсетіледі. 
- осы үш суреттің қайсысының астына көртышқанды орналастыруға болады? (Барлығынын астына)
- Ал құстын ұясының қайда орналастыруға болады? (оны да барлығынын астына)
- уақыт өтегелі, адамнан басқа, өз баспанасын тағы кім жақсарта алған, заманға сай етіп? (ешкімде емес екен)
№2. Ойын - аукцион «Адам баспанасының түрлері».
- Атаңыздар, адам өзіне қандай үйлер салуды үйренген? Қай топ ең көп баспаналардың түрлерін атайды? (Оқушылардың жауаптары).
Аяғында мұғалім баспаналар түрлерінің суреттерін көрсетеді:
Слайд1. Шалаш, вигвам, чум, яранга, юрта, типи, иглу, изба, землянка, шатёр, хижина, хата, пальясо, рондавель, дворец, пентхаус, келья, вилла, коттедж, гостиница, небоскрёб, крепость, дача, таунхаус, барак, лофт и т. п.
Қорытынды: тек адамға ғана шығармашылық ізденіс пен жасампаздық қабілеттер сыйға берілген. Ол қабілетін адам белсенді дамытуға, қолдануға үйрену керек. Ол үшін бізге шығармашылық есті және жүйелі ойлауды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар көмектеседі.
2. Блок. Жүйелі ойлау қабілеттерін қалыптастыруды және шығармашлық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етеді.
№3. «Бүтінді бөлшегінен тауып ал».
«Аяғы» бөлшек ретінде саналатын бүтін жүйені, затты атаңдар.
3 минут уақытта, әр топ өз сөздерін жазады. Ерекше, басқалар айтпайтын жүйелерді табуға тырысыңыздар.
3 минуттан кейін өз сөздерін оқиды. Тексеру – басқа топтарда болмаған сөздер – 4 ұпай, барлық топтарда болса - 1 ұпай, 2 топта ғана болса – 2 ұпай. Тексеріліп болған соң, жеңімпаздар аталады.
Ұстаз ұқсас және ерекше шешімдермен тізімді толықтырды.
Ұқсас: адам, құыршақ, аяғы бар ыдыс аяқтар, саңырауқұлақ, жиһаз (үстел, орындық, шкаф... т. с.). жануарлар (жәндіктер, аңдар, құстар)
Ерекше шешімдер, осылардың аяғы болады екен: бас киім – береттін аяғы, түйменің аяғы, циркуль, фото салатын рамка, мектеп тақтасы, электр шамдарда, телеледидарда, транзисторларда, орыс ертегілеріндегі Жалмауыз Кемпірдің үйінің аяғы, мольберт, пюпитр, рояль, жемістердің жемісаяқтары, мангал, киімілгіш, айна, өтектейтін тақтың, раковина, вентилятор... т. с.
3 Блок (психологиялық тұрғыдан жеңілдеуге арналған үшін ойындар мен театрлық қойылым арқылы бас миының жартышарларының үйлесімді дамуына ықпал ету)
№4 Топтық ойын «Үндемей көрсету».
Экранда суреттер, топтан бір бала шығады. Топтың қалған балалары кезекпен үндемей пантомима арқылы оған көрсету керек. Аз уақытта (1 минуттың) ішінде көп сөздерді тапқан топ жеңеді.
Сөздердің жиынтығы:
Қолшатыр, әйнек, қайшы, шұлық, сабын, қалам, тарақ, телефон, су шалшығы, жастық
Автомашина, көзілдірік, мұрын орамал, наушник, көрпе, портфель, орындық, күннің көзі, пульт
Компьютер, аяқкиім, кемпірқосақ, желім, сызғыш, шарф, гүл, бор, үстел, кесе,

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
61
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс
Мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс
Шығыс Қазақстан облысы, Аққайнар ауылы, Катонқарағай ауданы, «Чернова орта мектебі» КММ - сі физика пәні мұғалімі Жельменова Гульнар Нуркасовна
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Qbasic тілінің графикалық операторлары
Qbasic тілінің графикалық операторлары
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Жадыра
Аппликация «Бәйтерек»
Аппликация «Бәйтерек»
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Наурыз Ләззат Қуанышқалиқызы
Заттың атын білдіретін сөздер
Заттың атын білдіретін сөздер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Калиева Нурлыхан Жұбатқанқызы
Нысандар жиыны
Нысандар жиыны
Астана қаласы, №70 мектеп - лицейі «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі: Естекова Жансая Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.