Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өз-өзіңді бағалаудың керемет тәсілдері

06 қаңтар 2020, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
Көпшілігіміз бойымыздағы асыл қасиеттерді байқамай, өмірден баз кешіп жатамыз. Сынақтарды сабырмен жеңу үшін де, биіктерді бағындыру жолында тер төгу үшін - өзімізді шексіз сүюге тиістіміз. Ендеше ойыңыздағы кеселдерден арылып, мына кеңестерге құлақ асыңыз:
1. Позитивті көңіл - күйде болыңыз.
Ешкімге сіздің ерекшеліктеріңізді сөз етуге жол бермеңіз және өзіңізді өзгемен салыстыруды доғарыңыз. Мына үш нәрсені ұмытпағаныңыз абзал:
♡ Өз - өзіңді сүю
♡ Жеке тұлға ретінде сезіну
♡ Бойыңыздағы құндылықтарды ұғыну
2. Әлемге шуақ шашыңыз.
Егер жақын танысыңыздың керемет қасиеттерін аңғарсаңыз, оған міндетті түрде мақтау айтыңыз. Себебі, сөз - жүректі жадыратып, аласқа жетелейді. Жақсылық жасаудан жалықпаңыз.
3. Кері ойлаушылардан қол үзіңіз.
Оларға жеке өміріңізге араласуға жол бермеңіз. Ауыртпалықтан сабақ алып, алға жылжыңыз.
4. Өзіңізге уақыт бөліңіз.
Өзін бағалайтындардың қатарынан табылғыңыз келсе, түрлі тосқауылдар мен мәселелермен біраз уақытқа қоштасыңыз. Өзіңізді ретке келтіріп, демалғаныңыз жөн.
5. Ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз.
Өз - өзін сүю - негативті ойларды елемеуден бастау алады. Сенімсіздіктен арылыңыз.
6. Адамдармен қатынаста белгілеген меже қойыңыз.
Сізді пайдаланғандарға екінші мүмкіндік бермеңіз.
7. Көңіл - күйіңізді уыста ұстаңыз.
Жеке эмоцияларыңыз қашан да қарым - қатынаста кедергі келтірмеуі керек.
8. Сізді бақытқа бөлейтін яки шабыттандыратын іспен айналысыңыз.
Айналасына жақсы қырынан танылып жүрген жандармен таныстықты күшейтіңіз. Жалғыздықта қалмаңыз, қызығушылығыңызға ден қойыңыз.
9. Жеке графика бойынша үзіліс жасаңыз.
Жүзуге жазылыңыз не болмаса теңізге саяхаттаңыз. Теңіз толқыны мен саялы бақ - естен кетпес сәт сыйлайды. Ағзаға демалыс жасайсыз, қорқыныштан құтыласыз.
10. Медитациямен әуестеніңіз.
Интернет желісінен осы жөнінде ақпарат алып, кемінде жарты сағатыңызды медитацияға арнағаныңыз жөн.
Өзіңізді бағалаңыз!
745
0
  • 100
1 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Өзіңе сенімділік неден құралады. Луиза Хейдің кеңесі
Өзіңе сенімділік неден құралады. Луиза Хейдің кеңесі
Жағымды ойлауға үйрену. Жақсы нәрсе туралы ойлап, соны күту, соған сену. Өз ойыңда үйлесімділік пен тепе - теңдікті құра отырып, біз де соны өмірден таба бастаймыз.
Өмір бір-ақ рет беріледі
Өмір бір-ақ рет беріледі
Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру. Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту.
Сіздің балаңыздың дамуы
Сіздің балаңыздың дамуы
Ата-аналар мен балалар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Өзіңді сүю – өмірді сүю
Өзіңді сүю – өмірді сүю
Қатысушылардың өзін – өзі тануына, өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көзқарасына тәуелді болмауға, өзін – өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру
Өзін-өзі құрметтеу-жеке адамның өмірге деген сезімі
Өзін-өзі құрметтеу-жеке адамның өмірге деген сезімі
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімі: Гурленбаева Жумабике Ражабовна
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Ата-аналарға психологиялық кеңес
Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия Дайындаған: Абдинова Үміт Даутқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.