Білімділер поралы

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін саусақтарға киілген қуыршақтерапиясы әдісі

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін саусақтарға киілген қуыршақтерапиясы әдісі бойынша өткізілетін жұмыс түрлері
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт - терапия болып табылады. Алғашқы арт - терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни, бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт - терапия даму үстінде. Осы терапия әдісінің бір түрі - қуыршақтерапиясы. Қуыршақтерапияның рөлі түрлі аспектілерде қолданылады. Қуыршақтерапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “қуыршақ арқылы қамқорлық жасау, емдеу” деген мағынаны білдіреді.

Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Қуыршақ арқылы адамның ішкі болмысын тануға болады. Дәлірек айтқанда, баланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен сырласуына мүмкіндік беретін объект. Ұсынылып отырған саусақтарға киілген қуыршақтар балалардың психикалық денсаулықты жақсарту, әлеуметтік бейімделуді дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, баланың эмоциялы және адамдық дамуын арттыру, денсаулық жағдайларын қалыптастыруда ең тиімді әдісі болып табылады. Сол себептен саусақтарға киілген қуыршақтар түрін ұсынып отырмын. Бұл әдісті пайдалану - уақытша психикалық дағдарысқа ұшыраған және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын орталығына ең пайдалы жұмыс түрі.

1 - сабақ. «Қуыршақтардың қарым - қатынасы»
Мақсаты: Қатысушының көңіл - күйін көтеру, коммуникациясын қалыптастыру, бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару, тұлғаның шығармашылығын дамыту, әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру, ішкі эмоциясын еркін ашуға көмек беру, денсаулығын қалыпқа келтіру.
Қажетті құралдар: Қағаз, фломастерлер, акварель, гуашь, матаның қиқымдары, қайшы, жіп, ине, желім.

Дайындық кезеңі:
Қатысушыларды орындарға орналастыру. Үстел үстінде қағаздар, қарындаштар, сурет салу үшін қажетті бояулар ұсынылады. Сол қағазға саусаққа киілетін қуыршақтардың суреттерін салады.
Орындау уақыты - 5 минут
Талдау: Салған суреттеріміз қандай?
Коммуникациялық белсендіру
Қатысушылар бір - біріне жағымды көңіл - күйлер сыйлап, тілек, ниеттерін білдіреді. Жұмыс үстінде қандай жағдайлар болады және не күтетіндерін айтады.
Орындау уақыты - 5 минут

Жеке жұмыс.
Жұмыс барысында қатысушыларға түрлі - түсті бояулар мен мата қиқымдары ұсынылады. Матаның сегіз түрін таңдап алулары қажет. Әркім өз ойынша қиқымдардан сол қолдың саусақтарына келетіндей етіп түрлі - түсті қуыршақтың денесін шиыршық үлгісінде дайындап, лайықты етіп, мата қиқымдарынан бас үлгісін жасайды. Қуыршақтар әдемі болу үшін беттерін безендіреді. Көңілді болу үшін киіндіріп, атын қойып, қуыршақтар жайлы кішігірім мәлімет дайындауларын керек.
Орындау уақыты - 15 минут
Қуыршақты ойнату әдісі:
Қуыршақтар туралы тарихи әңгімелер және отбасылық тарихи ертегілер ойлап табу үшін уақыт беріледі. Кейіпкерлерге ат қою керек. Қуыршақтар ойлаған рөлдерін ойнап шығуы керек.
Орындау уақыты - 10 минут
Талдау: Кейіпкердің мінездеріне сипаттама беріңдер?
Қуыршақтардың алған әсерлерін бөлісуі
Саусақтағы түрлі - түсті қуыршақтар бір – бірлеріне қарап күлімсіреп, сұрақтар қойып, бүгінгі жұмыстары туралы әңгімелеседі.

2 - сабақ «Ертегі еліндегі қуыршақтар»
Мақсаты: Қатысушының көңіл - күйін көтеру, психикалық денсаулықты жақсарту, бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару, тұлғаның шығармашылығын дамыту, әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру, ішкі эмоциясын еркін ашуға көмек беру.
Көрнекіліктер: Саусаққа киюге әзірленген ертегі кейіпкерлері үлгісінде жасалған қуыршақтар, көңілді әуендер.

«Шалқан» ертегісі
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп - үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды. (Саусақтағы куыршақтарды кейіпкер іс - әрекетіне қарай қимылдатады)
Атай әжейді шақырады.
Атай: Әжесі, әжесі, көмектесіп жібер.
Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды.(Саусақтағы куыршақтарды кейіпкер іс - әрекетіне қарай қимылдатады)
Әжей немересін шақырады.
Әжей: Қызым, қызым көмектесіп жібер.
Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып шығара алмайды./Немересі күшігін шақырады. (Саусақтағы куыршақтарды кейіпкер іс - әрекетіне қарай қимылдатады)
Немересі: Күшігім, күшігім көмектесіп жібер.
Күшік мысықты шақырады.
Күшік: Мысық, мысық көмектесіп жібер.
Мысық тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан, тышқан көмектесіп жібер.
Олай тартқылайды, былай тартқылайды, шалқанды шығарып алады.( Саусақтағы куыршақтарды кейіпкер іс - әрекетіне қарай қимылдатады).

Бауырсақ ертегісі
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».
Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.
Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
- Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.
- Ал саған да ұстатпаймын мүлде де!
Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- Жолмен домалап барамын.
- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!..
- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған да!» деп өлеңін айтып береді.
Түлкі оған:
- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.
Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.
- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.
Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 21
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 21
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика