Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақ терапиясының танымдық жаттығуы

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Қуыршақтерапиясының танымдық жаттығуы
Сыныбы: 5

Арттерапия арқылы психология саласында көптеген жаттығулар өткізіледі. Шетелдік ғалымдар бала дамуында ауытқушылық кездескен жағдайда қуыршақ терапиясын қолдаған дұрыс деп есептейді. Қуыршақтерапиясы - бұл (Арттерапия) психотерапияның бір түрі. Дәлірек айтқанда, баланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен сырласуына мүмкіндік беретін обект.
Қуыршақ терапиясының мақсаты: бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару, психикалық саулығын нығайту, баланың әлеуметтік ортаға бейімділігін арттыру, өзіндік сана - сезімін дамыту және ұжымдық жұмыс барысында баланың кез - келген мәселелерді келісімді түрде шешу жолдарын қарастыру.
Қуыршақ терапиясының әдісі: баламен жұмыс жүргізу барысында кез - келген кейіпкердің рөлін сомдау.
Қуыршақ терапиясының түрі: қағаздан қиылған қуыршақтар.
Қағаздан қиылған қуыршақтерапиясы:
Баланың біріншіден ұжымдық ортада өзін - өзі көрсете білу мүмкіндігін ашып, ортамен сырласуына септігін тигізсе, екіншіден логикалық және шығармашылық қабілетін аттырады.
Қажетті құралдар: әртүрлі үлгіде, жылдамдатылған, баяулатылған әуендер, түрлі - түсті жұмсақ қағаздар (салфетка), жіп, қайшы, степлер, скочь.

1 - жаттығу.
Ойын шарты: Ойын барысында топқа жиналған оқушыларға әртүрлі суреттермен түрлі - түсті жұмсақ қағаздар (салфеткалар) ұсынылады. Қағаздармен қоса психологтың қолыңда жіп, степлер және қайшы болу керек. Балаға 10 минут уақыт ішінде ешкімнен көшірмей, қолыңдағы түрлі жұмсақ қағаздардан өз ойыңдағы қуыршақ үлгісін жасап, атын қойып, қуыршақ жайлы кішігірім мәлімет дайындауларын керек. Оқушыларға тапсырма берілген мезеттен бастап баланың жас ерекшелігіне байланысты, күш - қуатын күшейтуге әсер беретін әуен қойылады.
атын, жасын, болашақта кім болғысы келетінін және алдағы мақсатын атайды.

2 - жаттығу.
Мақсаты: баланың топқа деген бейімділігін, ұжымшылдығын анықтау.
Оқушыларды топтағы санына қарай 3 топқа бөлінеді. Әр топ мүшелеріне әлі қуыршақ кейпінде жүретіндігін ескерту керек. Бөлінген топтар өздерінің топ басшысын дайындап, топтың атын қояды. Топтарға карточка таратылады. Карточкада мынандай сөздер берілген сұрақтар бойынша өнерлерін көрсетеді.
1. Қуыршақ кейпінде ән айту;
2. Қуыршақ кейпінде қуыршақ болып билеу;
3. Ертегі кейіпкерлерін сомдау (ертегі қою).
Оқушылардың ойлануына 5 минут уақыт беріледі.

3 - жаттығу
Мақсаты: әуендер темпінде жүру арқылы бала денесін шынықтыру. Іс - әрекет жасауға бейімдеу.
Оқушыларға қызықты әрі жылдам әуен қосылады. Бірінші жай ойналатын әуен арқылы әр топ жетекшілері дөңгеленіп отырған оқушыларды бір - бірлеп артынан паровоз болып жалғасып қуыршақтарымен бірге билей бастайды.
- қуыршақты оң қолдарына көтеріп билеу;
- сол қолдарына,
- екі қолдарына бірге көтеріп,
- коянша секіріп,
- аюша қорбаңдап айнала билейді.

Қорытынды: «Қуыршақ сыйлау»
Қуыршақтармен қоштасу кезеңі.
Оқушылар шеңбер жасап, отырады. Өздері жасаған қуыршақтарын басқа оқушыға сыйлайды да, бір - бірлерінің қолдарын алады.
Қатысқандарыңызға көп рахмет!
14 515
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Балабақшада ойын терапиясын қолдану
Балабақшада ойын терапиясын қолдану
Ойын терапиясының тиімділігі – Күтпеген жерден болатын шабуылдан, жазалаудан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту. Тез шешім қабылдай білу қаблетін арттыру.
Қуыршақ театры
Қуыршақ театры
Балардың ой - өрісін байыту бағытында өнер ордалары төңірегінде мағлұматтармен толықтыру. Театр жанрларын білу және ажырату, оқып танысу күнделікті өмірмен байланыстыру ақпарат құралдарын пайдалана білуге машықтандыру.
Өлеңдер (оқушы шығармашылығынан)
Өлеңдер (оқушы шығармашылығынан)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің 3 сынып оқушысы: Бахтиярова Жансая
Қатырма қағаздан қуыршақ қию
Қатырма қағаздан қуыршақ қию
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін саусақтарға киілген қуыршақтерапиясы әдісі
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін саусақтарға киілген қуыршақтерапиясы әдісі
Ермаханова Майра Утепбаевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінде педагог - психолог
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×