Білімділер поралы

Аяулы күз, алтын күз

«Аяулы күз, алтын күз» кешінің бағдарламасы
1 - жүргізуші Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Ажар
Бұл қай кезде болады?

2 - жүргізуші
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс Индира
Күзде ғана болады.

1 - жүргізуші
Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
Айтшы Ажар
Бұл қай мезгілдің келгені

2 - жүргізуші
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Индира бұл Алтын күздің келгені.
1 - жүргізуші Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!
2 - жүргізуші Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас достарым.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - жүргізуші Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

1 - жүргізуші. Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
2 - жүргізуші Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық. Қарсы алыңыздар: Балымыздың үміткер ханзадасы мен ханшалары!
1 - жұп. 8 - сынып
2 - жұп. 9а - сынып
3 - жұп. 9ә - сынып
4 - Жұп. 10 - сынып

1 - жүргізуші Аяулы күз, Алтын күз - 2012 байқауының үміткерлеріне ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
2 - жүргізуші
Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Бағдарламамыз 7 кезеңнен тұрады
1. – кезең Таныстыру /5минут /. Үміткерлер өздерін таныстырады
2.- кезең Экибана Күзгі табиғатпен байланысты ұй тапсырмасын таныстыру
3. – кезең Пародия Үміткерлер өз өнерлерін көрсету /5 - минут/
4. – кезең Парасатты арулар мен білімді жастар
/сұрақ - жауап/ Мұнда үміткерлердің білімдерін сарапқа салу. / 3 минут/.
5. – кезең Талғамы биік ханзада. Болашақ ханшайымын өз фантазиясы бойынша безендіру
6. – кезең Сән үлгісі. Жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсыну
7. – кезең Таң қалдыру сәті.
1 - жүргізуші
Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің бет - пердесін ашып, үміткерлерге сәт – сапар тілеу үшін сөз Мектебіміздің директоры Жолдыбаева Дана Саубайқызына беріледі.
Жандары жақсылыққа тұнып дәйім
Жол берсін қақ жарылып қырық қайың
Құрметпен ортаға шақырайық
Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын
2 - жүргізуші
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
Ендеше бірінші шартымыз. Үміткерлеріміздің өз - өздерін таныстыруы үшін ортаға шақырайық..
1 - жүргізуші
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Хар хандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.- деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.
Ендігі 2 - кезең үй тапсырмасы, күзгі табиғат тақырыбына байланысты экибана әзірлеу. Ортаға экибанасын көрсетіп, таныстыру үшін шақырамыз.
8 - сынып
9а – сынып
9ә - сынып
10 - сынып
2 - жүргізуші Мінекей екі кезеңді де артқа қалдырдық
Құрметті әділқазылар өтілген екі кезеңінен нәтижесін білсек
1 - жүргізуші
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз
2 - жүргізуші
Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз,
Сұлулықты көргенге үміттіміз
Қуаныш сыйлай берші бал татыған.
Биімен айналады қылықты қыз - дей келе 8 - сынып қыздарын шақырамыз Жастар биі
1 - жүргізуші
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая - мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,- деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой.
2 - жүргізуші
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашан да нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. дей келе 3 - кезеңіміз Пародияға кезек берсек.
1 - жүргізуші Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.
Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.
2 - жүргізуші
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар
Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық. 4 - кезең Парасатты арулар мен білімді жастар (сұрақ - жауап)
№1. билет
1. Қыркүйек айының ескі аталуы қалай? (мизам)
2. Күзеу тозған оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар, жел соқса, шаң – тозаңы
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы. Кімнің өлеңі? (Абай)
3. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?
Бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа.
№ 2. Билет
1. Қазан айының ескі аталуы? (ақырап)
2. Жатпалық жастар жатпалық
Жасқанба жолын ашылсын
Бақшасында халықтың
Бұлбұл боп тілің сайрасын атты - шумақ жолдар қай ақындікі? ( )
3. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз? (Адыраспан, дермене, қараша.)
№3. билет
1. Қараша айының ескі атау? (қауыс)
2. Жастықтың оты қайдасың
Жүректі түртіп қозғамай
Ғылымның білмей пайдасын
Дүниенің көркін қозғамай - деп жырлаған қай ақын?-
3. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
(Қауынқұрт, қақ, кепкен өрік, мейіз, жиде)
№4 билет
1. Тамыз айының ескі атауы ( тамызық )
2. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.- өлең жолдарын жазған ақынымызды атаңыз? (Мұқағали)
3. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?
(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)

1 - жүргізуші Әділқазылар алқасы ханзада ханшайымдарымыздың білімі мен өнерін бағалайтын кез де келді Осы 3 - 4 кезеңдер бойынша қорытындыласақ
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Жанкүйерлер, аянбай - ақ жан салыпты дей келе 9а - сынып оқушысы Балапашева Жаңылсынның орындауында Ән.
2 - жүргізуші Еді міне ханзадаларды сынайтын кезде келіп жетті. «Талғамы биік ханзада»- деп аталатын 5 - кезеңде әрбір ханзада біріншіден ханшайымдарын өз қалаулары бойынша сәндеу, екіншіден ханшайымының тырнағын бояу арқылы өздерінің ұқыптылығнын көрсетуі шарт. Ортаға жұптарымызды шақырамыз
1 - жүргізуші
Ұйқтап жатқан жүректі ән оятар
Үннің тәтті оралған мән оятар
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап
Жа болашақ көңілді жақсы уатар - деп Ортаға мектебіміздің былтырғы түлегі Оразғалиев Лесбайды «Ханшайым» әнімен ортаға шақырамыз қарсы алыңыздар
2 - жүргізуші Ажар өздерінің сыныптастары үшін жаны ашып қолдап отырған жанкүйерлердің арасынан бір ойын ұйымдастырсақ қалай қарайсың?
1 - жүргізуші Дұрыс айтасың, Индира жүректері лүпілдеп соғып, кім жеңеді, кім қалады деген сан қилы сұрақта мазалап отырған көрермендерді бір сергітсек артық етпес.
2 - жүргізуші Ендеше Ортаға әр сыныптан арулар жағынан бір - бір қыздан ортаға шақырамыз Ойынның атауы «Намыс дода».
Шарты мынадай: Мінекей үш үстелді ортаға қойдық. Бұл жерде сендердің шапшаңдықтарыңызбен тапқырлықтарыңызды сынаймыз. Мен сіздерге осы аудиторияда бар бір заттың атауын айтам, сіздер сол затты тауып алып келіп, көрермендерден айналып мына жерге келіп мак ойынын ойнап барып орындыққа отырасыздар. Кім соңғы келеді сол ойыннан шығады. Бұл ойын арқылы сіздер өз сыныптастарыңызға бір ұпайдан қоса аласыздар Ескерту өз қолдарыңызда бар заттарды алуға болмайды. Дайындалайық.
1. Етік.
2. Сақина.
3. Ризинка
4. Гүл
1 - жүргізуші Бәрекелді жарайсыңдар. Қатысқандарыңыз үшін рахмет.
2 - жүргізуші
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған. Ендігі кезекте ханзада мен ханшайымдарымыздың сән үлгісін 6 - кезеңді тамашалаңыздар
1 - жүргізуші
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны, Еркелейді еріксіз сырласына. дей келе бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық. Кезегімізді әділқазыларға берсек өтілген 5 - 6 – кезеңдер бойынша қорытындыласақ.
Өнерлінің жүзі жарқын,
Шығара білсе жарыққа дей кел орта 9ә - сынып оқушысы Бисенғалиева Гүлбаршын «Қазақ биі»
2 - жүргізуші Құрметті көрерменде енді соңғы кезеңімізге де келіп жеттік 7 - кезең яғни Таң қалдыру сәті. Бұл кезеңнің шарты бойынша ар сынып өздерінің істеген ісімен немесе басқа да тәсілдер арқылы залда отырған сіздерді таң қалдыру керек Ендеше сайыскерлерімізге кезекті берейік.
1 - жүргізуші Сонымен, Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,. адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген. арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен ………
2 - жүргізуші Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.
1 - жүргізуші
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
2 - жүргізуші
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстар бар … дей отырып, «Аяулы күз, алтын күз - 2012» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Әділқазылар алқасы «Аяулы күз, алтын күз» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.
1 - жүргізуші Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

2 - жүргізуші
Тіршілік - арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәріңде аман болыңдар. Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар.
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 85
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 85
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика