Білімділер поралы

Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі

Аңғармай сөйлеген ауырмай өледі

Адамның «амал - айласы» көп жағыдайда сөйлеген сөзінен бейнеленіп отырады, кейбіреулері ант-су ішіп, аузымен орақ орып, кез келген жерде үәде беріп жатады, нәтижеде ондай адамның әрекеті көп те, берекеті аз, елге де жек көрінішті болады, азабы көп те алқауы жоқ болып табаннан тұрады.

Адамның «айласы» сөйлеген сөзінен ақ белгілі болады, «айлакер» адам аузына келгенді көкімейді. бірақ, сөйлей білу де оңай шаруа емес, сөз сөйлеу өнеріне ұзақ уақыт барысында көп жаттығу арқылы ғана жетілуге болады.

Біреу саған «сөйлей аласың ба?» десе, саға күлкілі сезілетін шығар. Ақыл есі дұрыс адамның сөйлей алмайтыны болушы ма еді? Іс жүзінде мәселе ондай қара дүрсін емес. Аузы бар адамның бәрі де сөйлей алады, бірақ, кейбіреулер сөз сөйлегенде «амал айла» қарастырмайды, аузын бақпай, сөз дегеніңді автоматтың оғындай жаудырып жатады, өз көңілі жадыраса болғаны өзгенің көңіл - күйімен мүлдем санаспайды.

Ендеше, күлкілі жайтқа тоқталып өтелік.
Біреу үйіне қонақ шақырыпты, шақырылған төрт адамның үшеуі алдымен келіпті. Тоса-тоса тағаты таусылған үй иесі: «қап, келуге тиісті адамның келмей қалғаны-ай» дейді өзіне өзі күбірлеп. Мұны құлағы шалып қалған қонақтың біреуі: «бұлай болғанда, келмеуге тиісті адам мен болсам керек» ден ойлап қош айтып кетіп қалады. Сасқалақтаған үй иесі: «кетпеуге тиісті адамның кетіп қалғанын қарашы» дейді. «сонда кетуге тиісті болсам да көн беттеніп отырып алған мен болдым ғой?» деп өкпелеген екінші қонақ та орнынан тұрып, жолына түседі. Үй иесі үшінші қонаққа: «олар жаңсақ түсінді, менің айтып отырғаным олар емес..........» «айтып отырғаны олар болмаса, мен болдым ғой» деп ойлаған үшінші қонақ та үй иесінің сөзі аяқтамай жатып кете береді.

Аңғармай сөйлеген сөз біреудің сағын сындыруы, жаңсақ ұғым тудыруы, бір пәлеге ұрындыруы мүмкін. Сондықтан, біз сөзді орынға, жағдайға қарай сөйлеуге назар аудара білуіміз керек.
Сөз өнері балалар үшін қиын емес, үйткені, бала нені ойласа соны айтады, ал, ересектер үшін қиын жұмыс.
«басқа пәле тілден» деген тәмсіл бар, «Тіл – сайтаннан да әзәзіл.... ізгі ниетті адамдар сөз сөйлеуден бұрын ойланып – толғанып алсын деп тілге тосқауыл тіс, қақпақ қылып ерін жаратқан. Аңғармай сөйлеген, ауырмай өледі». Мұның мәнісі сөз сөйлеуден бұрын ойланып ал, өз сөзіңе өзің ие бол, қате сөйлеп елге кесіріңді тигізбе деген сөз.

Тіл - жүректің жаршысы. Ойдың билеуінде болып отыратын тіл - бір адамның мінез құлқының сәулесі. Өз тіліңе өзің ие болмау, лағып сөйлеу, өсек аяң таратып біреуді пәлеге жолықтыру сияқтылардың бәрі әдепке жат.
Өз тіліне өзі ие бола білу – ең үлкен табыс!
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 102
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 102
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика