Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалардың девиантты мінез құлқы

03 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
«Балалардың девиантты мінез құлқы».
Ұлы бабамыз Абай жастарды оқу білімге шақыра отырып, адамгершілік қасиеттерде игеруге меңзейді. Абай өзінің ең басты міндетті - халыққа қызмет ету деп, жастардың еліне, халқына зор махаббатпен қарауды талап етеді. Қандай жақсы мінез не келіссіз қылық туралы айтсақ та, соның арғы жағында нақты адам бар екенін ұмытпаумыз керек. Жамандық немесе жақсылық дегеніміз дерексіз нәрселер емес. Адам жақсыны да, жаманды да көріп соларды салыстыру арқылы тұжырым жасайды. Ащыны білмеген тәттіні білмейтіні, қараңғыны көрмеген - жарық сәуленің қасиетін сезінбейтіні сияқты, біздің өмірдегі құбылыстарға адам бойындағы қасиеттерге беретін бағамыз, көзқарасымыз біздің өмірден түйген әсеріміздің жемісі.

Қазіргі таңда қоғамызда жыл өткен сайын қылмыс жасаушылардың жасы жасарып, нашақорлық, тәртіпсіздік, девиантты тәртіптегі балалар саны өсіп отыр.
Кейбір балалардың мінез құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері және қалыпты нормадан ауытқуы, заң бұзушылық арқылы көңіл аударту, алынған ақыл мен міндеттерді орындамау, қоғам мен мектеп, сол сияқты мектеп талаптарды тыңдамау салдарынан туындайтын іс - әрекеттерді «девиант»деп айтамыз. Бұл тәртіп бұзу, адамгершілік мінез құлықты сақтамау және заң нормаларына бағынбаудан келіп туындататын жасөспірімдер.

Девиантты мінез - құлқы балаларға тәртіпсіздік, әлеуметтік тәрбиеге қарсы, заңға қарама - қайшы, теріс іс - әрекеттерді бойына сіңірген балаларды жатқызу болады. Олар өмірдің ащысын көп көрген, отбасы жылуы болмауынан ұшырасады. Бұл балалардың дамуында кідіріс болады, тіпті физикалық және психикалық аурулар симптомының пайда болуына әкеліп соқтырады. Соның салдары денсаулықтың төмендеуіне себеп болады, сондықтан да оларды тек педагогтар емес, дәрігерлерде бақылау керек.
Басты жеке тұлғаның дамуы, тәрбие ошағы және жан - жақты әлеуметтік тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауынан әкеліп соғады.

Баланың 13 - 15 жастағы іс - әрекетіне оның жыныстық дамуына да әсер етеді. Ертең жыныстық дамыған эмоционалдық көңіл - күйдің бұзылуы, кейбір тәртіп бұзушылық болып тұрады. Кеш жыныстық дамуы балаға қалай әсер етеді? Ол болбыр, шашыраңқы, өз - өзіне сенімсіз, әрі ортаға бейімдеуі қиындық тудырады.
«Қиын» балалардың мінез құлықтары: сенімсіздік, көңіл күйі бір қалыпты емес, ашуланшақ, болып келеді. Өзіне назар аудару үшін өзінің «батырлығын» көрсетіп, басқалардың көңілін өздеріне аударады.

психикалық дамудың үйлеспеушілігі адам дамуының қарама-қайшылығы, тұрақсыздығы оқу мотивінің үйлеспеуі
әлеуметтік мәдениетінің төмендігі
оқу үлгерімнің төмендігі
мінез-құлқының ортаға сәйкессіздігі
мектепте қобалжу
«мен» бейнесінің бұзылуы
талап деңгейінің сәйкессіздігі
қажеттілікке қанағаттанбауы

Девиантты балалардың мінезін екіге бөліп қарауға болады.
Жоғарғы жастағы жасөспірімдер мінез - құлқы өз бетінше өмір сүруге, өзі шешім қабылдау, өмірге көз қарасы, қызығушылығы өзгереді. Олар өзінен үлкен адамдардың ақылын тыңдаудан бас тартады.
Жасөспірім тәртібінің өзін бірнеше топқа бөліп қарауға болады.

1. Делинквенттік тәртіп:
Олардың іс - әрекеті ұсақ-түйек бұзушылықпен шектеледі:
сабаққа қатыспау, әлеуметтік тәртіпке қарсы ұйымдармен тығыз қарым - қатынаста болуы.
Бұзақылық, мазақтау, өзінен әлсіз адамдарды қорқыту арқылы ақша талап ету жолдарымен тікелей байланыста. Мұның бәрі әлеуметтік тәрбиенің дұрыс жолға қойылмауынан туындайды.
Олар 30 - 80 % толық емес отбасы, 70% жасөспірімдердің күрделі мінез - құлықтың ауытқуы.

2. Маскүнемдікпен нашақорлыққа ерте салынуы.
Жас жеткіншектердің отбасынан үлкендердің ішімдікке салынуы, баланы нашақорлыққа апаратын басты себебі.
Топтық ұйымдарда ересек боп көрінуі, соған қызығушылық арттыру, ойлау қабілетінің өзгертуі.
Жасөспірім нашаны көңіл - күйінің көтеріңкі болуы үшін қолданады, кейін өзіне толық сенімді болуы үшін қабылдайды.

3. Гиперкинетикалық іс - әрекет бұзылуы
Бір істі аяғына жеткізбей, табандылық көрсетпеуі, қандай іс болмасын аяғына дейін жеткізбей тастап кетуі, жауапкершіліксіз қарауы болып табылады. Бұл балалар ақыл - ойы төмен, теріс қылықтарға бейім, үнемі түрлі жағдайға түсіп қалып жауапкершіліктен бас тартады. Үлкендермен қарым - қатынаста ара қашықта, өзін - өзі бағалауы төмен.

4. Отбасындағы тәртіп шектелуі
Ол әлеуметтік тәртіп бұзушылық немесе теріс қылықтар(қарсыласу, дөрекілік) үй ішінде және тума - туыс арасында көрсететін бұрыс іс әрекеттер.

5. Әлеуметсіздік тәртіптің бұзылуы
Әлеуметтік норманы бұзушылық немесе мінез - құлықтағы ауытқулар, қарым - қатынастың бұзылуы, ортадағы балалармен қарым - қатынас жасай алмауы мінезделеді: көбіне ол жалғыз боп келеді. Эмоционалдық көңіл - күйдің бұзылуы мүмкін. Типтік тәртіпке, төбелеске құмар, бұзақылық, ақша талап ету, ұрып - соғу, үлкенің тілін алмау, өзін - өзі ұстай алмауы, өртеу, қылмыстарын жатқызуға болады.

Сонымен болашақ жастардікі. Өйткені олар XXI ғасырда өркениетті Қазақстанда өмір сүреді. Бұл ғасырда нағыз азамат рухани нәр алатын қоғамда, бұрын - соңды болмаған жаңа жүйеде қалыптасады. Сөз жоқ, жеке тұлға адамның рухани санасы оянады. ХХІ ғасыр адамзат тарихындағы ерекше дәуір болуы тиіс.

Ол дәуірде азамат өзін - өзі танып, біліп қана қоймай, осы қоғамның біртұтас бөлшегі екендігін сезінуі тиіс. Сонымен баланы дұрыс тәрбиелеу үшін мектеп - ата - ана - тығыз байланыста болу керек. Әл – Фараби бабамыз айтқандай «Әрекетіміз дұрыс болу үшін соған баратын жолымыз қандай болуы керек екенін анықтап алуға тиіспіз».
12 069
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Оқушылардың мінез - құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері
Оқушылардың мінез - құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері
Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінде жағымды, жағымсыз жақтары болатыны белгілі. Сондықтан да оқушыларды тұлғалық қасиеті тұрғысынан зерттеуге арналған жұмыстардың әдіс - тәсілдеріне тоқталайық.
Адам ұрпағымен мың жасайды
Адам ұрпағымен мың жасайды
Баланың тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен ұштасады. Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады
Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары
Қиын балалардың психологиясы және тәрбиелеу жолдары
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, №6 А.Құнанбаев атындағы орта мектептің Әлеуметтік педагогы Балдаева К.Р.
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×